Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Дайын суретті кірістіру үшін Сурет caлy құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірісгіру мәзірінің - Сурет - Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.
WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің - Сурет - WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстермен сызықщтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру - Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.
Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді тандау керек.
Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командаларын орындалған соң, Слай құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батымасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады.
PowerPoint программасында презентацияларды безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Сонымен қоса жарнама роликтерін де жасай аламыз.
Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлері:
Дайын шаблондар арқылы безендіру.
Слайдтарды безендіру элементтері.
Слайд белгіленуі арқылы.
Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.
Фондық түстерді өзгерту арқылы.
Құю тәсілдерін таңдау арқылы.
Жеке слайдтарды безендіру.
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.
Мәтін анимациясын таңдау арқылы.
Мәтін жазып, безендіру арқылы.
Сурет қою арқылы.
Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.
Презентациялық бағдарламада слайдпен жұмыс жасаудың 5 режимі бар.
Слайдтар режимі./ режим слайда/
Құрылымдық режим./ режим структуры/
Слайдтарды сұрыптау режимі./ режим сортировщика слайдов/
Бетке ескертпе жазу режимі./ режим страниц заметок/
Слайдтарды көрсету режимі./ режим показ слайдов
Қосымша 1.
Үй тапсырмасына арналған семантикалық карта.
Семантикалық карта. Төмендегі кестені толтыр. Қатар мен бағанның қиылысына дұрыс жауапқа «+» таңбасын қоясыз.
|
Жолдар
|
Бағандар
|
Ұяшық
|
Формула ұяшыққа қалай енгізіледі
|
Дұрыс жазылған ұяшықтың аумақтары
|
Қаріптің керекті параметрлерін тағайындау
|
Латын әріптерімен
|
|
|
|
|
|
|
Араб цифрларымен
|
|
|
|
|
|
|
В13:С19
|
|
|
|
|
|
|
Жол мен бағанның қиылысуы
|
|
|
|
|
|
|
Ұяшық адресі және теңдік белгісінен басталады.
|
|
|
|
|
|
|
Ұяшықты пішімдеу
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша2.
Сабаққа арналған орындау алгоритмі.
Компьютерді іске қосу
Power Point бағдарламасын іске қосу – Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Power Point.
Слайдтарды безендіру:
Вставка –Рисунок - Слайдққа объектіні кірістіру
Вставка - Клип- дайын бейне клиптерді кірістіру
Вставка – Фигуры – әр – түрлі фигураларды кірістіреді
Вставка – Диаграмма- диаграмманы кірістіру
Слайтқа өң беру:
Дизайн – Тізімнің ішінен керектісін таңдау
Тінтуірдің оң жақ батырмасына басу – Формат фигуры- Заливка – рисунок или текстура – Файл – Обзор – керектісін таңдау- Вставить – ОК басу.
5.Жан бітірімді баптау.
- Анимация - Эффекты анимации – керектісін таңдау.
Әр объектіге жеке – жеке – жан бітіру үшін:
Объектіні белгілеп алу
Анимация- Настройка анимации – добавить эффект - вход немесе выход – пути перемещения осылардан керектісін таңдау.
Просмотр командасы арқылы тексеріп көру.
Дайындалған слайдтты сақтау.
Қосымша3.
Тәжірибелік тапсырмалар:
1- тапсырма : «Менің мамандығым» атты тақырыпта бірнеше слайдтан тұратын жарнамалық презентация жасаңыз.
а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .
ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
2- тапсырма : «Менің тобым» атты тақырыпта презентация құру.
а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .
ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
3- тапсырма : «Алтын ұя - колледжім» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік презентация жасаңыз.
а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .
ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
4- тапсырма : «Ұстазым менің, ұстазым» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік, көркем презентация жасаңыз.
а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .
ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
б/ өлең шумақтарын пайдаланыңыз.
5- тапсырма : «Бүгінгі сабақ жайлы эссе» атты тақырыпта бір слайдтан және бірнеше сөйлемнен тұратын, өз пікіріңзді қорытындылайтын эссе презентациясын жасаңыз.
а/. Сабақ қалай өтті? Қандай әсер алдың?
ә/ Тобыдағы достарыңа не айтасың?
б/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңы, сақтаңыз.
Қосымша4.
Сабақты қортындылау сұрақтары.
Сұрақ: Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлерін атаңдар?
Жауап: Презентациялық бағдарламада презентацияларды безендірудің бірнеше түрі бар.Мысалы..
Дайын шаблондар арқылы безендіру.
Слайдтарды безендіру элементтері.
Слайд белгіленуі арқылы.
Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.
Фондық түстерді өзгерту арқылы.
Құю тәсілдерін таңдау арқылы.
Жеке слайдтарды безендіру.
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.
Мәтін анимациясын таңдау арқылы.
Мәтін жазып, безендіру арқылы.
Сурет қою арқылы.
Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |