Бөлімді ұйымдастыру.
Штаттық қару-жарақ және әскери техника.
Бөлімнің әскери мүмкіндіктері.
|
Мұғалім сабақ басында ұрыс және оның түрлері, маневр, соққы туралы түсініктерін айтады, содан соң мотоатқыш бөлімінің (МАБ) анықтамасын түсіндіреді.
МАБ - ұйымдастырылуы бойынша мотоатқыштар взводының құрамына кіретін мотоатқыштар төменгі тактикалық бөлімшесі. МАБ жаяу жүргінші әскерінің машинасы мен бронды-тасымалдау машинасымен жарақталуы мүмкін. Кейін мұғалім плакат пен таныстырылымды пайдаланып, жаяу жүргінші әскерінің машинасында МАБ ұйымдастыруын түсіндіреді, бөлімнің иелігіндегі қару-жараққа қысқаша сипаттама береді.
Бөлімнің әскери мүмкіндіктерін түсіндіру барысында мұғалім әскери мүмкіндіктер - бөлімнің және бөлімшенің бекітілген уақыт аралығында, жағдайдың нақты аталған шарттарында белгілі тапсырмаларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер екенін айтады.
Ол жеке құрамның санына, оның жауынгерлік дайындығы және моральдық күйіне, қару және техниканың саны мен сапасына, командирлердің білімі, біліктілік дәрежесі мен бөлімшелер және бөлімдерді басқару шеберлігіне, бөлімшелер мен бөлімдердің ұйымдық түзілісіне, материалдық құралдармен қамтамасыз етілгендігіне байланысты. МАБ әскери мүмкіндіктері қорғаныс және шабуылдау ұрыстары, барлау, жорықтық және күзеттік қорғалуымен негізделеді.
Бұл сабақты әңгімелеу, көрсетілім және түсіндіру әдістерімен жүргізуге болады.
|
Оқушыларға сөйлемді толықтыру ұсынылады. Бүгін сабақта:
-Мен ... білдім.
Мен ... түсіндім.
Мен ... үйрендім.
... білу қызықты болды.
|