Сабақтың жалпы мақсаты : Қ



Дата18.03.2017
өлшемі66,94 Kb.
#11788
түріСабақ

Қандыағаш қаласы №4 орта мектебі Мамбеталина Дина Агалбаевна

Тақырыбы:1. ҚАЛИХАН ЫСҚАҚ «ҚОҢЫР КҮЗ ЕДІ»


2. Әңгіме құрылысы. (Екі тізбектелген сабақ жоспары)

Сабақтың жалпы мақсаты: Қ.Ысқақтың   өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін түсіндіру. Ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуы. Мұғалім Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты байқауы, оған ерекше кітап беруі. Қасымның қолжазбаны қастерлеп жасыруы. Әңгімеде бейнеленген күз суреті. Әдебиет теориясы: Әңгіме құрылысы.

Түйінді идеясы: «Адам болатын бала алысқа қарайды» дегендей Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты дәріптеу.



Ойлау

Мақсаттар



Түрткі

(Ашық сұрақтар, тапсырмалар, жағ)


Әдіс-тәсілдер


Нәтиже


Бағалау

Критерий

Дескриптор

Білу

Қ.Ысқақтың   өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін  білуі тиіс

Неліктен жазушы осы шығарманы жазуға кіріскен?

Көркем шығарманың негізгі кейіпкері кім, жанама кейіпкерлер кімдер? Шығарма не себепті «Қоңыр күз еді» деп аталған?



Топтық жұмыс СТО:  

жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар,

Мәтінді толық меңгере отырып әңгіменің «Қоңыр күз еді» аталуына мән береді, кейіпкерлерге мінездеме береді


Мәтінмен таныса келе, әңгіменің «Қоңыр күз еді» аталуына мән беруі, кейіпкерлерге мінездеме беруі

А оқушы.Әңгіменің «Қоңыр күз еді» аталуына мән беріп, ауыл баласының орталыққа мектепке келгендігін түсінеді.

В оқушы. Мәтінмен таныса келе, әңгіменің «Қоңыр күз еді» болу себебін Қасым әрекеті арқылы түсінеді.

С оқушы. Тыныш отырады, мәтіннен шығарманы өз бетінше оқып отырады


Түсіну

Повесть ішінде берілген жұмбақ есімді нақтылап, ол туралы толық мәлімет анықтауы тиіс

Неліктен повесть іші жұмбақ есімді бала бар, ол туралы не білеміз?

Жеке жұмыс Топтық жұмыс қызығушылықты ояту Зерттеушілік әңгіме,

Көркем шығармадағы негізгі ойды анықтау үшін басқаның пікірін тыңдайды, ойын өрбітеді.

Қасымның әрекетіне мән береді.



Пікірталасқа түсе алады, сезімі, көңіл –күйін түсінеді, адамгершілігін түсінуі

А оқушы.Өз көзқарасын дәлелді жеткізді, сұрақтарға толық жауап берді.

В оқушы. Көркем шығармадағы негізгі ойды анықтай алады

С оқушы. Көркем шығармадағы негізгі ойды анықтай алмайды, әңгіме Қасым төңірегінде болғандығын бақылайды.


Қолдану

Оқушылар әдеби-теориялық ұғымды қолдануы тиіс, Шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жазуы тиіс.Өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізуі тиіс

Әдеби-теориялық ұғымға байланысты мәтіннен қандай ұғымдарды табуға болады?

Жұппен Топтық жұмыс «Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын тексеру,

Осы әңгімедегі жазушының көркемдік тілін анықтайды Топтық, жұппен жұмыста монолог, диалог, суреттеу сөздерді, шығарманың құрылымын табады.

Шығармашылық жұмыстарды (эссе жазады) орындай алады



Топтық жұмыста монолог, диалог, суреттеу сөздерді, шығарманың құрылымын табуы. Осы әңгімедегі жазушының көркемдік тілін анықтай алуы,

Шығармашылық жұмыстарды (эссе) орындай алуы



А оқушы. Монолог, диалог, суреттеу сөздерді, шығарманың құрылымын табады, эссе жазып, қиялын өрбітеді

В оқушы. Монолог, диалог, суреттеу сөздерді, шығарманың құрылымын табуға тырысады, эссе жазып құрастырады

С оқушы. Суреттеу сөздерді, шығарманың құрылымын табуға тырысады, эссе жазып құрастырады


Талдау

Қ.Ысқақтың   өмірі туралы білуі, Көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алуы тиіс

Қ.Ысқақтың   өмірі туралы не білеміз? Көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасыңды білдір.

Топтық жұмыс

«Детальдар

ды қосу»  әдісі, «Ыстық орындық»  

Жазушы туралы мәләмет біледі, Көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасыңды білдіреді.

Жазушы өмірімен танысады, Көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алады.

А оқушы.Жазушы өмірі туралы ойын айтады, мәтінмен таныса келе, көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін айта алды

В оқушы. Жазушы өмірі туралы ойын айтады, мәтінмен таныса келе, көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін айтуға тырысады

С оқушы. Көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты тапсырмалар арқылы айтады


Жинақтау

Көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды орындай алуы тиіс

Көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды орындап, Қасым бейнесін топтастыру стратегиясы арқылы көрсет

Топтық жұмыс


Көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды орындауы. Қасым бейнесін көрсетеді

А оқушы. Қасым бейнесін ашады

В оқушы. Қасым бейнесін көрсетеді

С оқушы. Қасым бейнесін көрсетуге тырысады


Бағалау

Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты байқауы туралы ой өрбіте алуы тиіс

Қасым қалай әдебиетке құштарлық танытты?

Топтық жұмыс Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау, кері байла

Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты байқайды

Өзіне тән шешімді айтады , өз көзқарасын жеткізеді

А оқушы. Қасым ойын толық жеткізе білді.

В оқушы. Қасым оқушылардың көмегімен жауап берді. С оқушы. Мұғалімнің жетелеуімен оқушы сұраққа жауап берді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет