Сабақтың жоспары: Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті


Жалпы сарыны, жалпы мазмұны ұқсап отыратын Лермонтовтан «аударма» деуден гөрі, «Лермонтовтың сарынымен» деуге келетін өлеңдер



бет26/33
Дата25.05.2020
өлшемі134,05 Kb.
#71008
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
umkdfile(6981)

Жалпы сарыны, жалпы мазмұны ұқсап отыратын Лермонтовтан «аударма» деуден гөрі, «Лермонтовтың сарынымен» деуге келетін өлеңдер. Мәселен, Лермонтовтың «Дума» дейтін өлеңі оригиналда 44 жол өлең. Абайдың «Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы» деп басталатын өлеңі.

Абайдың Крыловтан аударғандары қазаққа түсінікті болатын мысалдар.

Лермонтовтың кейбір шығармаларын қысқартып аудару әдісін Абай Крыловқа да қолданады. Бірақ мысалдың басында я ақырында тұратын насихат сөздерін кейде өзінше бұрғаны болмаса, орыс тұрмысына ғана арнаулы, қазақ тұрмысында кездеспейтін кейбір әдет-ғұрыптың көріністерін қазақшалағаны болмаса, орыстың әдетіне байланысты кейбір теңеу, салыстыру, әсіреулерді қазақ әдетіне байланысты теңеу, салыстыру, әсіреулермен алғаны болмаса, жалпы оқиғалық мазмұнын бұзбайды. Мәселен, «Есек пен бұлбұл» деген мысалын Крылов «Бұлбұлға есек кездесті» деп оқиғадан тура бастаса, Абай:



Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы,

Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы,-

деп бұлбұлға жолығар алдында есектің қыдырғанын баяндап алады. Крылов мысалдың аяғында: «Тәңірі, бізді де сондай қазыдан сақтағайсың»,- деп қорытынды пікірін бір ғана жолмен айтса, Абай:



Демеймін мені мақтасын,

Я жақсын, я жақпасын,

Сөйтсе де мұндай сыншыдан

Құдайым бізді сақтасын,-

деп Крыловтың бір жолын төрт жолды бір ауыз өлеңге айналдырады.

«Шегіртке мен құмырсқа» - Крыловтан 30 жол өлең. Абайда 36 жол. Алты жолды артық қосқанда, Абай Крыловтың жолын жолға сыйғыза алмай отырған жоқ. Крылов:

Билеуге құмар шегіртке

Жазды ән сап өткізді,-

Ойлаған жоқ шұқыр деп,

Ызғарлы қыс кеп, көзді,-

деп мысалын тура қыстың келуінен бастаса, Абай:



Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөләйттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың,

Бірінде тамақ, бірінде үй,

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң, кетті күй,-

деп шегірткенің жазғы сайранын Крыловтан кеңірек толғап кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет