2. Негізгі жүккөтергіш машиналар мен құрылғыларды қолдану саласы
Əр түрдегі жүктерді көтеру жұмыстарын орындаған кезде ең жиі қолданылатын жүккөтергіш машиналар мен құрылғылар 2.2-суретте көрсетілген:
– бұрандалы домкраттар (2.2 а-сурет) – жөндеу, монтаждау жəне т.б. жұмыстарда пайдаланады;
– полиспасттар (2.2 ə-сурет) – лебедкамен, сондай-ақ барлық көтергіш крандарда орналасқан жөндеу жəне көтеру–түсіру жұмыс-тарында қолданылады;
– қол лебедкалары (2.2 в, г-сурет) – қосымша жабдық ретінде қолданылады;
– қабырғаға бекітілген крандар (2.2 д-сурет) – жөндеу жəне монтаждық жұмыстарды орындаған кезде лебедкалармен бірге қо-сымша жабдық ретінде пайдаланылады;
– тұрақты консольді бұрылмалы крандар (2.2 е-сурет) – депода жəне машина құрастыратын кəсіпорындарының цехтарында əртүрлі қосымша көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындауға арналған құрылғы; – жылжымалы консольді бұрылатын крандар (2.2 ж-сурет)
– жөндеу, монтаждық жəне тиеп-түсіретін жұмыстарды орындаған кезде пайдаланады;
– жылжымалы электрлі тальдер (2.2 з-сурет) – жөндеу, монтаждық жəне тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылады;
– автомобильдік крандар (2.2 и-сурет) – құрылыста жəне технологиялық жабдықты жөндеген кезде, жеке жүктерді көп тиеп-түсіретін жұмыстарда пайдаланады;
– порталдық крандар (2.2 к-сурет) – гидротехникалық құрылыс-тарда жəне зауыттарда, құрылыстық-монтаждық жұмыстарда, порт-тарда өте ауыр жүктерді тиеген кезде қолданылады;
– мұнаралы жебелі крандар (2.2 л-сурет) – өндірістік жəне тұрғын үй құрылысында қолданады;
– вантты мачталы-жебелі крандар (2.2 м-сурет) – ірі құрылыс ғимараттарында технологиялық жабдықтарды жəне жинақталған құрылымдарын жөндеген кезде пайдаланады;
– көпірлі крандар (2.2 н-сурет) – машина құрастыратын кəсіпорындардың цехтарында, депода, қоймаларда, полиграфия өндірісінде, т.б. қолданады;
– төрт тіректі тағанды көпірлі крандар (2.2 о-сурет) – гидро-техникалық құрылыста, қоймаларда жұмыс жасау үшін құрылыстық
Достарыңызбен бөлісу: |