Конспект Тақырыбы: Биомеханикаға кіріспе. Биомеханика ғылымы, мақсаты
Сабақтың жоспары: Биомеханикаға кіріспе.
Биомеханика ғылымы, мақсаты.
Адамның қимыл-қозғалыс аппараты
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Білімгерлерге биомеханика ғылымын және мақсатын түсіндіру.
Лекция мазмұны: Биомеханика (био... жəне механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның əр түрлімеханикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) əсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар жəне бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-əрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді. Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиден басталады. Оладамныңқозғалысын анатомия жəмне ханикатұрғысынан зерттеген. Бұлсаланың дамуына Ресей ғалымдары И.М. Сеченовтің, П.Ф. Лесгафттың, Н.А. Бернштейннің зерттуелері зор ықпал етті. Қазақстанда биомеханикалық зерттеулер академиАк . Б. Домбровский мен академик . Ф Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады.__20 ғасырдың ортасында биомеханика тыныс алу, қан айналу, қозғалысқимыл биомеханикасы болып 3 салаға бөлінді: тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді; · қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді;· қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия жəне теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің əсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді. Биомеханика саласындағы зерттеулердің еңбек пен спорт физиологиясы, ғарыштық биологиялық, ортопедия салаларын дамыту, жасанды тыныс алу, қанайналу аппараттарын жасау, бионика принциптеріне негізделген роботтар мен манипуляторлар құрастыру үшін маңызы зор. Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дəрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Əбу Əли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мəселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дəнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес жəне ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын жəне иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бəрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол жəне аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы жəне кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек жəне қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту жəне тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) жəне құймышақ (3– 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен__бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек жəне жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кəрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) жəне аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың əр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді. Сүйектің спонгиоздық тіні омыртқаларды, түтікше сүйектің соңғы бөліктерін, қабырғалар мен жауырындардың ішкі бөліктерін құрай отыра, адам қаңқасының массасының 20%-ын құрайды. Алғашқы спонгиозды тін минералды ламелден тұрады да, ол сүйектің кемірік бөлігін құрау кезінде түзіледі. Ал екінші спонгиозды тіннің кеңістіктік құрылымы қалыңдығы 0,2-0,6 ммден, ұзындығы 1,8 мм-ден тұратын жұқа цилиндр немесе жалпақ формадағы сүйек ламелдерінен түзілетін трабекулалардан (сүйек балкалары) тұрады. Трабекулалардың араларындағы қуыстар қызыл немесе сары түсті сүйек майымен, əр түрлі жасушалармен жəне жасуша аралық сұйықтықтармен толған болады. Бұл тіннің тығыздығы - 0,24 г/см3, ал трабекуланың тығыздығы 1,78 г/см3-ге тең. Спонгиозды тіннің құрылымы біртексіз жəне анизотропты болып келеді. Оның құрылымынан сүйектегі кернеуліктің траекториясының кескінін көруге болады.