Сүйектің сынуы. Сүйек бүтіндігінің травмалар немесе патологиялық процестер әсерінен бұзылуын сүйек сынуы деп атаймыз.
Сүйек сынуы туа пайда болған және жүре тпайда болған болып бөлінеді.
Жүре пайда болған травматикалық және патологиялық болады. Патологиялық сүйек туберкулезы, сүйек ісіктері, сүйекте кезедесетін қабыну процестеріне, сүйек сифлисінде, рекленгаузен ауруында кездеседі.
Травматикалық ашық және жабық болып келеді. Ашық түрінде тері және шырышты қабат бүтіндігі бұзылады, ал жабық түрінде бұзылмайды
Сүйек сынығы жайғасуына байланысты: эпифизар, метафизар және диафизар болады. Сүйек көлденең, қиғаш, ұзынасын, винтәрізді сынуы мүмкін. Сүйек толық сынған және толық емес (жарылған) сынған болуы мүмкін.
Сынықтардың механизміне қарай, олар төмендегідей болып бөлінеді:
Қысылудан болған сынулар (вколоченный).
иіліп- бүгіліп сынулар.
Бұранды тәрізді сынулар.
Жұлынудан болатын сынулар
Сынған сүйектердің бір-бірінен ажырап, қозғалып кетулерінің түрлері:
Сынықтың бұрыштық қозғалымы—сынған сүйенктер бір-біріне тік не доғал бұрыш жасап тұрады.
Іргелес қозғалуы—сынықтар бір—бірінен алшақтаған мен іргелес жатады.
Ротацион сынық қозғалуы—сынықтар бір-біріне бұранда тәрізде болып тұрады.
Созылмалы айрылу – сынық ұштары бір-бірінен алыстап кетеді.
Сүйек сынуының бірнеше түрі бар:
Жай сынық.
Күрделі сынық.
Жарылған сынық.
Асқынған сынық.
Жеке сынық.
Көп жарықшақтық сынық.
Клиникалық белгілері.
Олар бір жоба және бұлтартпас болып бөлінеді.
Бір жоба белгілер: сынық аймағының ауыруы, сынған жерде қанды ісік пайда болуы, жұмсақ ұлпалардың ісінуі, томпаюы, мүшелердің қызмаетінің нашарлауы. Бұлтартпас белгіреі:
Аяқ-қолдың білік бойы ығысуының нәтижесінен сынған мүшенің қысқаруы.
Сынған жерде потологиялық қозғалыс пайда болады.
Диагноздың дәл болуы үшін және сүйек сынықтарының бір—біріне қалай тұрғанын анықтауға алдынан және қапталынан рентгенге түсіріледі.
Алғашқы көмек: ашық сынық болып қан кетіп жатқан болса, уақытша қан тоқтату әдістерімен қан тоқтатылады. Жарақаттанған жерге асептик байлам қойылады, жақтаулармен (шина Дитерехс, Крамер) иммоблизация жасалады. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер енгізіледі.
Хирургия бөлімінде сынған сүйектерді репозиция жасап гипс байламымен емдейді. Бұдан басқа қанқадан тарту, Илизаров аппаратымен, операциялық жолмен: остеосинтез, Лена пластинкасын қою, сымдармен байлау.
Жараға топырақ пен бірге сіреспенің тудыратын анэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.
Сұрақтар: