Сүйектің шығуы. Сүйек шығуы деп — сүйек буын жүздерінің бір — бірінен жылжуын айтамыз.
Сүйек шыққанда буын сіңірлері жыртылып, сүйек шығады, кейде үлкен қан тамырларды және нервтерді қысып қоюы мүмкін.
Сүйек шығуы туа және жүре пайда болған болып бөлінеді. Жүре пайда болған травматикалық және патологиялық болып бөлінеді. Патологиялық сүйек шығуы — буын және сүйек туберкулезы, сүйек –буын қабыну процестерінде, сүйек ісіктерінде және паралич болған кездерде кездеседі. Ал травматикалық ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық түрі деп: тері және шырышты қабаттың бүтіндігі бұзылғанда, ал жабық түрінде бұзылмайды.
Кейде үйреншікті сүйек шығуыда кездеседі.
Клиникасы: буын ауырсынуы, төңірегіндеісік және деформация пайда болады, қимылының шектелуі байқалады. Буын шыққанда рентгенография анық диогноз қоюымызға жәрдем береді.
Алғашқы көмек: ашық сүйек шығуы болып және қан ағып тұрған болса, қанды тоқтату қажет. Асептикалық байлам байлап, ауырсынуды бастап дәрі-дәрмектер енгізіліп, жақтау қойылады. Ауруханада дәрігер бірнеше әдістермен шыққан сүйекті орнына салады.
Бірінші Кохер әдісі: Шынтақ буынын 900 бүгіп, білек сыртқа қарай бұралады. Шынтақ орта сызыққа әкелінеді. Кейін бір уақыттың өзінде білек ішке қарай бұрап, шынтақты 3600 айналтырып қолды иыққа тастайды.
Екінші Гиппократ әдісі: Науқас және дәрігер “валет” тәрізді жатады, дәрігер шыққан қолын ұстап аяғын қолтығына таяйды, қоды тартып жайына салады.
‡шінші Джаналидзе әдісі: Науқасты столға жатқызып. Басы бөлек тумбочкада жатады, қолы тумбочкамен столд ортасында 20-30 минут, бұлшық еттер босасқанша салбырап жатады. Хирургтың жәрдемшісі шынтақты 900 бүгіп төмен қарай басады, жасалғаннан соң істелінеді, сүйек жайына салынғаннан соң бірнеше күнге гипс байламы салынады.