Әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.
2. Бап-Баба Сәбет Балтаұлы (Бабаев), Жалпы психология: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы / С.Б. Бап-Баба. - Алматы: Дарын, 2003.- 275 б.
3. Гиппенрейтер Ю.Б., Введение в общую психологию: Курс лекции / Ю.Б. Гиппенрейтер; Учеб. пособие.- М: Юрайт, 2000.- 336 с.
4. Немов Р.С., Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: в 3 кн. / Р.С. Немов.- 4-е изд. - М: ВЛАДОС, 2005. – 450 с.
5. Климов Е.А., Основы психологии: Учебник для вузов / Е.А. Климов. - 2-е изд., перераб. и доп..- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.- 462 с. - (Серия "PERFІCE TE")
5. Немов Р.С., Психология: Учеб. для студ высш. учеб. заведений / Р.С. Немов; В 3-х кн. Кн. 3..- 4-е изд. - М.: Владос, 2003.- 640 с.
9 дәріс. Зейін
Зейін туралы жалпы ұғым. Зейіннің басқа психикалық процестермен байланысы.
Зейін - сананың бағыттылығы ретінде.
Психологияның әр түрлі бағыттарындағы және мектептеріндегі зейін туралы ілімнің тарихы (Вундт, Джеймс, Титченер, Рибо, Ланге және т.б.).
4. Когнитивті психологиядағы зейінді зерттеу.
5. Зейіннің физиологиялық негіздері.
6. А.Ухтомскидің доминанта туралы ілімі.
7. Басқа психикалық үрдістерді және іс-әрекетті реттеуде зейіннің рөлі.
8. Зейіннің түрлері.
9. Адам зейінінің жоғарғы формаларының әлеуметтік табиғаты.
10. Зейін - жоғарғы психикалық қызмет ретінде (Л.С.Выготский бойынша). Зейін – тұлғаның белсенділігінің көрінісі ретінде (Н.Ф.Добрынин бойынша). Зейін ақыл-ой әрекетін басқару ретінде (П.Я.Гальперин бойынша).
11. Зейіннің қасиеттері.
12. Зейіннің онтогенезде дамуы.
13. Зейінді зерттеудің әдістері. Зейінді жаттықтыру мен түзету.
Зейін ұғымына жалпы түсінік
Адамның кез-келген ic-әрекеті зейiн арқылы іске асып отырады. Барлық iс-әрекеттiң негiзгi шарты зейiн болып табылады.
Зейiн дегенiмiз адам санасының қоршаған ортадағы белгiлi заттар мен құбылыстарға белсендi бағытталуын айтамыз. Зейiн - адамды коршaған көптеген баскалардың iшiнен затгар мен құбылыстарды бөлiп көрсету.
Зейiн қабылдау, түйсiктер, ес, қиял, ойлау сиякты ерекше психикалық үрдic емес. Зейiн басқа психикалық үрдicтерде байқалады. Мәселен, бiз бiр нәpceнi кабылдау үшiн оған зейiн қоямыз, еске сактау үшiн зейiн саламыз, зейiн салып ойлаймыз, әңгiмелесемiз. Сондықтан да зейiн кез-келген ic-әрекеттi орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделi есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейiнсiз іске асуы мүмкін емес.
Зейiн оқу жұмысының негiзгi шарты болып табылады. Оку материалын берiк мeңгepy ең алдымен зейiнге тiкелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогi К.Д.Ушинский зейiн туралы былай деп жазды: "Зейiн eciк тәрiздес, ол арқылы бәрi өтедi, сырткы дүниеден адамның жан - дүниесiне жетiп отырады".
Балалардың үлгермеушiлiгiн алдымен олардың зейiндiлiгiнiң жеткiлiксiздiгiнен iздеуiмiз кажет. Eciнің әлсiздiгi, оқу материалын меңгерудегi әлсiздiгi негiзiнен зейiннiң әлсiздiгiне байланысты. Заттар мен құбыныстарға зейiн аударғанда адам санасы бiр нысанаға шоғырланады және бағытталады. Бұны былай түсінyгe болады: адамды қоршаған көптеген заттардың iшiнен бiреуiн бөлiп, зейiн аударады, ал барлық қалғандарына мән бермейдi. Miнe, осы қасиетiнен зейiннiң таңдамалы сипатын аңғарамыз. Бақаша айтқанда, зейiн психикалық ic-әрекеттiң таңдамалы сипатын бiлдiредi. Оқушының сабақ үстiндe әрекетін байқап қарайық, оқушы мұғaлiмнiң айтқанын зейiн салып тыңдайды, түсiнедi және оның түсiндiргенiн есiнде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғаңда осы ic-әрекеттi қалай зейiн қойып орындайтынын аңғару қиын емес.
Оқу әркетінiң барлық түрлерi оқушыдан ерекше зейiн салуды қажет етедi, зейiнсiз оқу әрекетін меңгеру мүмкін емес.
Оқу әрекетіңде шәкiрттердiң зейiнiн бақылап қарайтын болсақ, оның бет-пiшiнiнiң қалай өзгеретiнiн, денесiнiң орналасуын, қаңдай ic-әрекетті орындауға байланысты көзінің бағытталуын байқауға болады. Шәкірт белгiлi бiр нысанаға зейiн аударғанда, зейiннiң әруақытта да сыртқы көpiнiciн аңғарамыз. Мұғалiм шәкірттердiң оқу үрдісiнiң бiрiншi жылынан бастап, оларды зейiңдi болyға тәрбиелейдi. Мұғалiм "Бәрiңiзде маған қараңыз", "Дұрыс отырыңыздар" деген қаратпа сөздердi жиi қолданады. Таным үрдістерiнен (қабындау, ес, ойлау және т.б.) негiзгi ерекшелiгi, зейiн жеке таным үрдісi бола алмайды, өзінің ерекше мазмұны болмайды. Зейiн таным үрдicтерiнiң iшiңде аңғарылады және олардан бөлiп қарауға болмайды. Зейiн психикалық үрдістердiң іске асу динамикасын сипаттайды. Мәселен, бiр нәpceнi қабындау үшiн мiндеттi зейiн саламыз, еске сақтау үшiн зейiн саламыз.
Зейiн өз табиғаты жағынан таным үрдісi бола алмайды, бiрақ кез-келген таным үрдісiнiң іске асу шарттарын сипаттайды.
Зейiн төмендегiдей қызметтердi аңарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердiң қажеттерiнiң белсендiлiктерiн арттырады және қажетсiздерiн тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан ipiктeyгe көмектеседi, белгiлi бiр нысанаға белсеңдiлiктi ұзақ уақыт шоғырлаңдыруға көмектеседi.
Зейiн туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейiн туралы тұжырымдамасының негiзгi қағидалары төмендегiдей:
1.Зейiн бағдарлы зерттеу iс-әрекетінiң сәттерiнiң бiрi болып табылады. Ол қазiргi кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады.
2. Өзiнiң қызметi жағынан зейiн осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның iс-әрекетінде бағдарлы, орындаушынық және бақылау функңиялары кездеседi.
3. Белгiлi бiр өнім өндiретiн басқа iс-әрекеттерден ерекшелiгi бақылау ic-әрекеті немесе зейiннiң бөлек, жеке нәтижесi болмайды.
4. Зейiнде бақылау өлшемдердiң, үлгiнiң көмегімен іске асады, ол iс-әрекеттiң нәтижесiн салыстыруға және оны анықтауға көмектеседi.
5. Epiктi зейiн - жоспарлы зейiн, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |