Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы


Сонымен, ойлау деп қоршаған заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады



бет17/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәрістер (2)

Сонымен, ойлау деп қоршаған заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.
Ойлау таным үрдісінде ерекше рол атқарады. Ойлау танымның шекарасын кеңіте түседі, түйсіктер мен қабылдаудың тәжірибесінің сыртқа шығуына мүмкіншілік береді.
Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау - адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. Рас, адамға биология сатысында жақынырақ тұрған омыртқалы жануарларда да ойлаудың элементтері кездеседі. Мәселен, маймылдар өздерінің күнделікті өмірінде шешу тілейтін мәселе туса, белгілі түрде әрекет жасап оны шешуге тырысады, кейде шешеді де. Бірақ хайуандардың ойлауы - кездейсоқ ситуация да ғана оянатын ойлау. Мұндай әлдеқайда жағдайда ғана туатын ситуациялық ойлау олардың шындықты бейнелеу сатысын жоғары көтеру процесі емес. Негізінде, жануарлардың дүниені сәулелендіруі танымның қарапайым сатысы, яғни сезімдік таным дәрежесінде ғана өтіп жататын саты. Бұл процесс түйсік, қабылдау, елестер арқылы іске асады. Ал адамның дүние танымы, жануарлармен салыстырғанда, үздік ілгері кеткен, жоғары процесс.
Ойлау барлык, жерде де қажет, онда қорытынды жасау арқылы бiз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын зaттардың қасиеттерi мен арақатынасын табамыз.
Ойлау - бұл ерекше дәл, терең, толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге, негiзiнен бiздiң түйсiнуiмiз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мендi байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметi. Бiз қабылдауымыз бен түйсiктерiмiз арқылы танып -бiлуге болмайтын заттар мен құбылыстардың iшкi мәнi мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып бiлуге болады.
Ойлаудың қандай ерекшелiктерi сезiм органдары арқылы мүмкін болмайтын салаларды тануға бiзге мүмкiншiлiк бередi? Осындай мысалды ғылым тарихынан қарастыратын болсақ: Француз астрономы Леверье Уран планетасының қозғалысындағы ауытқуды бақылай келiп, оның себебiн iздедi. Аспан денелерiнiң қозғалысы туралы мәлiметтердi салыстыра және талдай келiп, ол Уран планетасының артында тағы да планета өмip сүредi деген қорытындыға келдi, сол кезге дейiн белгiciз планетаның тартылыс күшi Уранның қозғалысындағы ауытқушылықтың себебi болып табылатындығын дәлелдедi. Ол математикалық есептеулердiң көмегімен бұл планетаның орналасқан орнын дәл көрсетiп бердi, оны телескоппен бақылау мүмкiн болмады. Леверьенiң математикалық есептеулерiне негiздей отырып, басқа ғалым Галле 1846 жылы телескоптың көмегімен көрсетiлген орнында Нептун деп аталатын жаңа планетаны тапты. Бұрыңғы бақылауларда алынған мәлiметтердi өндеу негiзiнде астрономның ойлау ic-әрекетi аңғарылды, ол ой қорытындысы жолымен планетаның болғандығы туралы қорытынды жасады. Әрбiр адам өзiнiң күнделiктi өмiрiнде, еңбек ic-әрекетiнде өзiнiң бақылауларынан қорытынды жасау қажеттiлiктерiмен кездеседi. Жумысшы моторлар мен механизмдердiң үйреншiктi дыбысының бұзылуы бойынша станоктың oғaн көрiнбейтiн ақауы туралы бiледi және оны жөндеуге уақытында тоқтатады. Физик - ғалым ерекше пленкада қалдырылған iздер бойынша элементарлық бөлшектердiң болғандығы туралы қорытынды жасайды.
Ойлау барлык, жерде де қажет, онда қорытынды жасау арқылы бiз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын зaттардың қасиеттерi мен арақатынасын табамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет