Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет7/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Дәрістер (2)

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

  2. Намазбаева Ж.И., Жалпы психология: Оқулық / Ж.И. Намазбаева.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2007. - 230 б.

  4. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.



6 дәріс. Темперамент
Сабақтың жоспары:

  1. Адамның жеке-психологиялық ерекшеліктері.

  2. Темперамент туралы түсінік.

  3. Темперамент типологиялары: гуморалдық (Гиппократ, Гален), конституционалдық (Э.Кречмер, У.Шелдон).

  4. И.П.Павловтың жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетінің типтері туралы ілімі.

  5. Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын, В.С.Мерлин еңбектеріндегі жүйке жүйесінің қасиеттері, жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетінің типтері және тұлғаның психикалық қасиеттерімен байланысы туралы зерттеулері.

  6. Темперамент типтеріне сипаттама.

  7. Темперамент пен мінездің байланысы.

Темперамент ұғымының психологиялық маңызы
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакцияладың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез - құлықтың табиғи ерекшеліктерін – темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым – қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне рең беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл - қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуекелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса – адамның дені сау, дұрыс араласпаса – сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен холериктік темперамент – сһоlе (өт), сангвиник темперамент – sangues (қан), флегматиктік темперамент – phlegma (шырын) меланхоликтік темперамент – melanos chole (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа – райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темпераментте соған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағаны мен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теорияларда ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде – біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап аитқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиаторы Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф. Лесграфт) басқаша ағзаларды бір тұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызыметіне ерекше назар аударды. Ми біріншіден, барлық мүшелермен ұлпалардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып оырады да осыған орай өз қызыметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортаның байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет