Білім
Адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
қоғамдық – өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық – материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады.
Әл – Фараби: «Бақытты болу, кәмлетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады», - деген.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп ой жұмысы тұрақты, терең жүреді