II. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Органикалық химия пәні нені оқытады?
2. Органикалық заттардың саны қанша?
3. Бейорганикалық заттар жөніндегі білімді периодтық заң мен элементтердің периодтық кестесін бір жүйеге келтіріп қорытындылаған кім?
III. Жаңа сабақ: Заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.
а) органикалық заттардың құрылыс теориясына дейінгі кезең.(ХІХ ғ. 30-40 ж. аралығы)
ә) заттардың химиялық құрылыс теориясы және стереохимия туралы теорияның дәірі (ХІХ ғ. 40-60 ж аралығы)
б) заттардың құрылысы туралы электрондық және кванттық механиалық көзқарастардың қалыптасқан кезеңі (ХІХ ғ. 60ж. Бастап бүгінгі күнге дейін.)
1860 ж дейін зат құрылымын түсіндіретін теория болмады.Бұл кезде химияның дамуына ағылшын ғалымы К.Э. Франкландтың жұмыстары өз әсерін тигізді. Ол атомистика идеяларына сүйене отырып, 1853 ж «валенттілік » түсінігін енгізді. Және неміс ғалымы А.Кекуле органикалық қосылыстардағы көміртектің 4 валенттілігін және көміртек атомдарының өзара тізбек құрып байланыса алатындығын дәлелдеді. Шотланд химигі А.Купер химиялық қосылыстардың құрылысын қазір қолданып жүрген сызықтар арқылы кескндеу жүйесін ұсынды.
А.М. Бутлеров осындай алдыңғы қатарлы жетістіктерді өз теориясында дұрыс пайдалана білді. 1861 ж А.М. Бутлеров органикалық қослыстардың құрылыс теориясына «молекулалық құрылым» туралы жаңа мағұлмат енгізуді ұсынып, химилық құрылыс теориясын дамытты.
1861 ж Қазан университетінің профессоры Александр Михаилович бутлеров органикалық химияның қарыштап дамуына жол ашқан жаңа теорияның негізін қалады. Химиялық құрылыс теориясының ережелерін төмендегідей тұжырымдады.
1. Молекулада атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттілігіне сәйкес өзара бірімен-бірі белгілі тәртіппен байланысады.
Н
І Метан молекуласындағы атомдар қандай
Н – С – Н ретпен орналасқанын валенттіліктерді
І сызықшамен белгілей отырып көрсетеміз.
Н
2.Заттардың қасиеттері молекула құрамына қандай элементтің атомдары және қанша мөлшерде кіргеніне ғана байланысты емес, сол сияқты молекуладағы атомдардың байланысу ретіне тәуелді болады.
3.Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиеттеріне өзара әсер етеді.
4.Заттың молекула құрылысынв байланысты қасиеттерін болжауға немесе керісінше қасиеттеріне байланысты молекула құрылысын анықтауға болады.
Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула құрылымдық немесе құрылыс формуласы деп атайды.
Құрылыс териясының одан әрі қарай дамуы мына төмендегі бағыттармен сипатталады.
а) молекуладағы атомдар кеңістікте орналасуы;
ә) атомдардың құрылысы ;
б) химиялық байланыстардың электрондық табиғаты.