Вакциналар мен вакциналық профилактика Жаңа вакциналарды дайындау принциптері Сабақтың жоспары: Эдвард Дженнер (1749-1823) - ағылшын дәрігері, шешекке қарсы алғашқы вакцина дайындаған және адам ағзасына сиыр шешігінің қауіпсіз вирусын енгізу жолын ашқан. 1803 жылдан Лондандағы шешекке қарсы егу қоғамының алғашқы жетекшісі (қазір Дженнер институты). Луи Пастер (1822-1895) – француз микробиологы және химигі. Құтыру инфекциясына қарсы вакцина ашқан. Одан бұрын микробардың вируленттілігінің төмендетіп, вакциналар алуды анықтаған. Николай Фёдорович Гамалея (1859-1949) – орыс дәрігері, микробиолог және эпидемиолог, академик. Парижде Пастер лабораториясында 1 жыл бойы құтыруды зерттеген. Құтыруға қарсы вакцинаны және егу әдісін игеріп, Одессаға қайтқан. Бұл жерде И.И.Мечниковпен бірге лаборатория (қазір И.И.Мечников атындағы ҒЗИ)ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Вакциналар (лат. vacca - сиыр) – жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында белсенді спецификалық иммунитетті қалыптастыру үшін арналған ауру қоздырғыштарының немесе олардың протективті (қорғаныс) антигендірінің препараттары
Достарыңызбен бөлісу: |