Сабақты жүргізу жоспары
Пән: Балалар аурулары пәнінен эликтив бойынша
Өткізу түрі, уақыты: тәжірибелік, 5 сағ
1-тақырып: Сау балаларды диспансерлеу принциптері. ЖТД жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу сауықтыру бағдарламасы. Денсаулық критерийлері. Баланың денсаулығын комплексті бағалау және денсаулық топтарына бөлу. Скрининг тесттер. Кейбір жүйелердің жасқа байланысты физиологиялық константалары.
3. Сабақтың мақсаты:
Білім(когнитивті) домені:
Қолданады: топта жұмыс жасау және басқаларды оқыту қабілетінің аса маңыздылығын;
Анализ жасайды: мультипәндік топпен жұмыс жасау кезіндегі өзінің қабілетің (клиникалық талдауларға,патологоанатомиялық конференцияларға, ауыр науқастарды талдау консилиумдарына қатысу кезінде);
Бағалайды: мультипәндік топпен жұмыс жасауда өзін-өзі бағалай алады және рефлексия жүргізе алады;
Дағдылар(психомоторлы) домені;
Дәлділік: тәжірибелік сабақтарда,сонымен қатар «екі адамдық дәріс»терде(бір маңызыды тақырып бойынша түрлі мамандар шақырылады) рөлдік ойындарға қатысады:
Артикляция: басқаларды оқыту, презинтация жасау қабілеті;
Қарым-қатынас/мінез-құлық(аффективті) домені:
Құндылықтары болу: мультипәндік топта өзінің қатысуын дұрыс қабылдамайды. Сонымен қатар негізінен өзі бағытталған немесе автономиялы сипаттағы әдістермен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгерген:
Ұйымдастыру: мультипәндік топта жұмыс істеу кезінде өзінің әріптестерімен қарым-қатынасын(коммуникативті қабілеттерін) көрсетеді:
Тәжірибелік бөлім:
Тематикалық науқасты талқылау(қысқа жазылған структурасы)
Т.А.
Жасы,мекен-жайы
Науқастың салмағы,бойы
Шағымдары
Келу мақсаты
Анамнез
Объективті өзгерістер
Болжам диагноз
Дифференциялды диагноз
Емдеу; емнің мақсаты,протоколға,ем стандартына сәйкестігі
Дәрігер тактикасына негіздеу,коррекциялау
I.Бақылау түрі, чек-парақтар
Ситуациялық есеп №1
Ярослав, 16 жас 8 ай, 9 сынып оқушысы.
Профилактикалық қарау кезінде ұйқысының ұзақ уақыттан бері бұзылуына, басының ауыруына шағымданады.
Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары ашық қызғылт түсті, таза. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. АҚҚ: I өлшеуде– 152/74 мм с.б.б., II өлшеуде – 134/76 мм с.б.б., III өлшеуде – 132/80 мм с.б.б. Орташа АҚҚ 139/77 мм с.б.б. құрады. Арқасының тегістігі назар аудартады. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Дизуриялық өзгерістер жоқ.
Сұрастырған кезде бала күніне 2 рет тамақтанатындығы (түскі ас және ауыр кешкі ас), аптасына 2-3 рет энергетикалық сусындар қолданады, жұмыс күндерінде 6 сағаттан аз ұйықтайды.
Тапсырма:
Алдын ала болжам құрастырыңыз.
Балаға қандай мамандардың кеңесі қажет?
Қажетті зерттеу жоспарын құрыңыз. Күтілетін нәтижелер.
Қажетті профилактикалық шараларды атаңыз .
Осы жағдайдағы дспансерлік бақылау ерекшеліктері қандай?
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №2
Ұл бала, 7 жас 9 ай, 2-сыныпта оқиды, педиатрға келді. Анасының айтуы бойынша, бала тез шаршайды, күні бойы пассивті,ұйықтағанда қиындықтар бар. . Күн тәртібін әдетте сақтайды. Жүйелі түрде тамақтанады. Бос уақытын үйінде компьютер алдында немесе тееледидар алдында өткізеді. Спорт секцияларына бармайды. 30 минуттан аз серуендейді.
Қарағанда: баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, таза. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. АҚҚ 115/75 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Дизуриялық көріністер жоқ.
Зерттеу нәтижелері:
Көру өткірлігі: OS=OD = -1,5 dp.
Шагометрия:
локомоции – 4 мың
энергетикалық шығындар – 1000 ккал
динамикалық компонент ұзақтығы – 1 сағ.
Тапсырма:
Алдын ала болжамын құрастырыңыз және негіздеңіз.
Балаға қандай мамандар кеңесі қажет?
Қажетті профилактикалық шараларды атаңыз.
Кейінгі диспансерлік бақылау тактикасы қандай?
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №3
Ұл бала 3 айлық, анасы баланың мазасыздығына, тамақтан бас тартуына, құсу және үлкен дәретінің сұйық болуына байланысты шағымданып келді.
Ауру тарихы: өмірінің 2-аптасынан бастап профилактикалық мақсатта D дәруменінің майлы ерітіндісін (Видехол) күніне бір тамшыдан, ал 2-айынан бастап– 5 тамшыдан қабылдаған.
Өмір тарихы: бала гестозбен асқынған I жүктіліктен. гестацияның 36 аптасында туылған. Апгар шкаласы бойынша 6/7 балл. Туылған кездегі дене салмағы 2500 г, бойы 46 см. 2- айынан бастап «Малютка» және «Агуша».бейімделген сүт қоспаларымен жасанды тамақтандырылады.
Қарағанда: баланың жалпы жағдайы ауыр, сопор жағдайында. Терісі бозғылт, «мәрмәр» суреті. «Ақ дақ» симптомы оң мәнді. Тері және шырышты қабаттары құрғақ. Теріасты май қабаты жұқарған, тіндер тургоры төмендеген, айқын бұлшықеттік гипотония. Өкпесінде тынысы қатаң, сырыл жоқ. ТЖ 36/мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 170 уд/мин. АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы астынан 3 см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық. Диурез төмендеген. Түскен кездегі дене массасы 3500 г.
Тапсырма:
Диагноз қойыңыз.
Диагнозды нақтылау үшін (верификация) қажетті зерттеулер стандарты.
Емдеу тактикасы.
Аурудың кеш асқынуларын атаңыз .
Осы патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау.
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №4
Ұл бала 2 жас 8 ай, ауырғанына 8-і күн.
Ауру тарихы: бір апта бұрын жедел ауырған, дене темпертурасының көтерілуімен 38,2ºС басталған, мұрынның бітелуі, жалпы мазасыздық (бала мазасыз, тәбетінің төмендеуі) байқалған.
Өмір тарихы: бала III қалыпты өткен жүктіліктен (I және II жүктілік – мед/аборт, асқынусыз). Босану мерзімімен. Туылған кездегі дене салмағы 3200 г, бойы 51см, туылғанда бірден айқайлаған. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Өмірінің алғашқы бірінші жылында 3 рет ЖРВИмен ауырған.
Қараған кезде: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 37,4ºС, сирек өнімді ылғалды жөтел. Терісі бозғылт, таза. Мұрынмен тыныс алу қиындаған. Аңқа гиперемияланған, таза, бадамша без болбыр, жабындысыз. Өкпе шекарасы жасына сай. Перкуторлы анық өкпе дыбысы, қораптық реңді. Өкпесінде тынысы қатаң, тыны салу кезінде және тыныс шығарудың басында шашыраңқы симметриялы орта көпіршікті сырыл, сырылдың көлемі жөтелден соң бірден азаяды. ТЖ 22/мин. Жүрек шекаралары ұлғаймаған. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ 120/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі, зәр шығаруы қалыпты, бұзылмаған.
Зерттеу нәтижелері:
Кеуде қуысы рентгенограммасы: төменгі медиалды аймақтарда және өкпе түбірі аймағында симметриялы өкпе сүретінің күшеюі.
Тапсырма:
Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
Диагнозды нақтылау үшін (верификация) қажетті зерттеу стандарты
Ерте жастағы балаларда осы аурудың болуы мүмкін қоздырғышын атаңыз.
Ажыратпалы диагноз жасаңыз.
Емдеу тактикасы: терапия әдістері, негізгі дәрілік заттардың топтары, дозасы, курс ұзақтығы, нәтижелілігін қадағалау.
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №5
6 айлық бала ауырғанына 4күн болғанда лихорадка және айқын ентігу белгілеріне байланысты ауыр халде стационарға түсті.
Ауру тарихы: 4 күн бұрын жедел ауырған, дене қызуы 37,6ºС дейін жоғарылап, жөтел және мұрны ағуы пайда болған. Үйінде эритромицин және симтоматикалық ем алған. Бүгін дене қызуы 40ºС дейін көтеріліп, ыңырсып дем ала бастады, бала тамақтан бас тартып, суйықтықты жақсы ішеді.
Өмір тарихы: бала ата –анасы жас, дені сау, 1-ші қалыпты өткен жүктіліктен туылған. Босану мерзімінде болған. Туылған кездегі дене салмағы 3400,0 г, бойы 52 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Табиғи тамақтандырылады, көкөніс езбесі, ботқа, сүзбе түрінде қосымша тамақ жейді. Психомоторлы жамуы жасына сай.
Қарағанда: баланың жалпы жағдайы ауыр, мазасыз, кеуде торының бейім аймақтарының ішке енуімен және мұрын қанаттарының желбіреуімен көрінетін ентігу байқалады. Ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады, терісі бозғылт «мәрмәр» суретімен. Температурасы 38,5ºС. Аңқасы гиперемияланған. Бадамша бездерінде жабынды жоқ. Жөтелі ылғалды. Өкпе шекаралары жасына байланысты қалыпты шекарада. Перкуторлы қорапты реңді дыбыс естіледі. Өкпесінде тынысы қатаң, диффузды шашыраңқы таралған ұсақ көпіршікті сырылдар тыныс алудың жоғарғы шегінде және тыныс шығару кезінде тыңдалады. ТЖ 70 рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 140 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры 2,5 см қабырға доғасы астынан шығыңқы. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі, несеп шығаруы бұзылмаған.
Тапсырма:
Болжам диагнозын қойыңыз және негіздеңіз.
Диагнозды нақтылау үшін (верификация) қажетті зерттеулер стандарты.
Ерте жастағы балаларда осы ауруды жиі шақыртатын қоздырғыштар.
Дифференциалды диагностикасын жүргізіңіз.
Емдеу тактикасы: емдеу әдістері, негізгі дәрілік заттардың топтары, дозалары, курс ұзақтығы, нәтижелілігін қадағалау.
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №6
6 жастағы қыз балаға түнде ұстама тәрізді жөтел, ентігу, ысқырықты тыныс алуына байланысты үйіне дәрігер шақыртылды.
Ауру тарихы: 3 жаста мамыр айында (тек қана орманда немесе саябақта серуендегенде) қысқа уақыттық тыныс алу қиындауына байланысты ұстамалар пайда бола бастады, үйіне оралған кезде басылатын болды. Осы ұстамасы қонаққа барғанда мысықты ұстағаннан кейін пайда болды. Жағдайы жедел жәрдем дәрігерінің көмегінен кейін жақсарды.
Өмір тарихы: қыз бала I жүктіліктен, жүктілік кезеңі ерекшеліксіз өткен, шұғыл босанған. Туылған кездегі дене салмағы 3400 г, бойы 52 см. екі айынан бастап жасанды тамақтандырылады. 6 айынан бастап –атопиялық дерматит көріністері пайда болды, қазіргі уақытқа дейін тағамға шырындар, жұмыртқа, шоколад, құлпынай, карамель қолданғаннан кейін жүйелі түрде өршуі болады.
Жанұялық анамнезі: анасында – атопиялық дерматит, әкесінде – поллиноз.
Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, мазасыз құрғақ жөтел, ентігу, ТЖ минутына 32 рет. Бетінде, шынтақ және тізе буындарының бүккіш беткейінің тері құрғақтығы, қабыршықтануы, қасыған іздері бар екендігі байқалады. Тынысы ысқырықты, тыныс шығаруы ұзарған. Перкуторлы қорапты реңді дыбыс, аускультацияда – өкпенің барлық алаңдарында көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар тыңдалады. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 92 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі күн сайын, пішінделген.
Амбулаторлық зерттеу мәліметтері:
1. Қан талдауы: Hb 118 г/л, эр. 4,3×1012/л, лейк. 5,8×109/л, т/я 2%, с/я 48%, лимф. 28%, эоз. 14%,
мон. 8%. ЭТЖ 3 мм/сағ.
Жалпы несеп талдауы: салыстырмалы тығыздығы 1016, лейк. 1-2 к/а., эр. – жоқ.
Кеуде клеткасының рентгенограммасы: өкпе алаңдарының мөлдірлігі артқан, түбірмаңы аймағында бронхөкпелік суретінің күшеюі, ошақты көлеңкелер жоқ.
Тапсырма:
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз
Аурудың осы түрінің этиологиясы қандай?
Осы жағдайда орындалатын шұғыл іс-шаралар. Баланы госпитализациялау қажет пе?
Қандай қосымша зерттеулер осы ауруды дәлелдей алады және оларды қашан жүргізу қажет (аурудың қай кезеңінде)?
Ем тағайындаңыз.
Тақырып: Жасөспірімдер мен балалардың физикалық және жүйке-психикалық дамуының қазіргі кездегі аспектік бағасы. Баланың денсаулық тобы. Балалардың профилактикалық қарау және ұйымдастыру принципі.. Мониторинг жүйесі. Педиатрия қызметінің сапалық анализі.
Ситуациялық есеп №7
Балабақшада 3-жасар ұл бала ойнап жүрген кезде кенеттен құрғақ мазасыз жөтел пайда болды. Баланың созылмалы аурулары жоқ.
Қарағанда: бала қозғыш, жылап тұр, қатынасқа түспейді. Өтпелі цианоз. Тыныс алуы қиындаған, шулы. Ентігу, көмекші бұлшықеттердің тыны салу актісіне қатысуымен. ТЖ 42 рет минутына. Өкпе алаңдарының үстінде перкуторлық дыбыс өзгермеген, тынысы беткей, екі жағынан да бірдей тыңдалады. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ 120 рет/мин. АҚҚ 85/50 мм с.б.б.
Қрау кезінде баланың жағдайы күрт нашарлап, енжарлық артып, цианоз арта түсті. Ауызжұтқыншағы бос, бөгде заттар жоқ.
Тапсырма:
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз..
Негізгі патологиялық синдромды атаңыз.
Шұғыл көмек тактикасы мен алгоритмі.
Транспортировка деңгейі.
Мүмкін болатын асқынулар. Асқынулар дамыған кездегі шұғыл көмек.
Крикотиреоидной байламның пункциясына көрсеткіштер.
8.Төле би ауданы, Аламан көшесінде ауруханадан босанып келгеніне 2 кун болған жаңа босанушы ана турады. 2 жуктілік 2 босану. Баланың дені сау, ешқандай асқынусыз босанған. Жергілікті емханадан дәрігер мен мейірбике ана босанғаннан кейін неше уақытта бірінші потронаж жасау керек? Келген кездегі олардың қызметтеріне не кіреді?
Қандай қужаттар толтырылуы қажет?
9.2 апталық баланың анасы уч.дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: сут бездерінің қатаюы, жыныс мушелерінен бөліністердің бөлінуі. Қарап тексергенде баланың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты, салмағын қосуда. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз?
Дәрігер жас анаға қандай тусіндірме жумыстарын жургізу қажет? Балаға уй жағдайында дурыс кутім жасау мен дурыс тамақтандыру реттіліктерін тусіндіріңіз.
10. 10 күндік қыз. Мамасы 20 жаста, жүктілікті үзу қаупі 2 рет болған. Салмағы 1400г, алғашқы күннен бастап жылағыш, кекіру байқалады, терісі жұқа, әжімделген, қою қызыл түсті, сұрғылт жағындымен жабылған. Тері асты май қабаты нашар дамыған, емізікшелері әлсіз көрінеді, құлақ шеміршектері тегістелген, пішінсіз, жұмсақ басқа жабысыңқырап орналасқан, тырнағы жұқа, кіндігі іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан. Аяқ-қолдары қысқа, басы дене ұзындығының 1/3 бөлігін құрайды, бас сүйегінің жіктері және еңбегі ашық, клитор шығыңқы, үлкен ерін кіші ерінді жаппайды.
Сұрақтар:
1. Бұл балада шала туылудың нешінші дәрежесі?
2. Күтім ерекшеліктері.
3. Тамақтандыру.
Тест сұрақтары
1-вариант
1.Дәрігер мен мейірбикенің алғашқы нәрестенің үйіне барып тексеруі:
a) 7 күнінде
b) 1 күні
c) Туылғаннан кейінгі 3 күні
d) 1 ай көлемінде
2.Сау балалар бөлмесінің медициналық құжаттарының қатарына жатады:
a) 112 у/ форма
b) 56 форма
c) 105 у/форма
d) 12 у/форма
3. Жаңа туылған нәрестелерді қарайтын бөлме температурасы қанша гр болуы қажет:
a) 20-21
b) 24-26
c) 35-36
d) 28-29
4. Нәрестені қарап тексеруде кездесетін « тырнақта алақан» симптомының белгісі қандай:
a) II-V саусақтардың флексорлық қалпында бас бармақ алақанға келтірілген. Осы симптом ОНЖ әр түрлі перинатальды зақымдалуларында кездеседі
b) Қолы денесінің ұзына бойына дәрменсіз келтірілген.
c) Қол саусақтары экстензорларының тонусы күшейгенде пайда болады және орталық жүйке жүйесі зақымдалғанда кездеседі. Жұлынның мойын бөлігінің зақымдалуын сипаттайды
5.Аяқ басының қол аяқ өсі бойынша медиалды бағытта бұрылуы
a) Варустық қалып
b) Валгусты қалып
c) Өкшелік қалып
d) Аяқ басының салбырауы
6.Милия дегеніміз не?
a) Мұрын қырларында кездесетін қызыл көкшіл тамырлы дақтар
b) Түкті шаштар
c)
d) Қызыл көкшіл түсті нәрестенің кез келген жерінде кездесуі мүмкін дақтар
e) Тері бетінен шығыңқы тұратын ақ сары түйіршіктер
7.Жаңа туылған нәрестенің жүректің минутына тыныш күйінде соғу реті:
a) 110-140
b) 120-125
c) 60-80
d) 140-160
8.туберкулезге вакцинаны нәресте өмірінің қай күндерінде жүргізіледі:
a) 10-12
b) 2
c) 3-7
d) 9-10
9. Жаңа туылған нәрестелерде геморрагиялық аурулардың алдын алу мақсатында қай витамин енгізіледі:
a) Е витамині
b) Д витамині
c) К витамині
d) С витамині
10. жаңа туылған нәресте бұрынғы үйреншікті айналасынан қанша гр дене температурасы төмендейді:
a) 12-15
b) 1-2
c) 5-6
d) 8-10
II-вариант
Жылына екі рет ЖРВИ мен созылмалы тонзиллит өткізген баланың денсаулық тобын анықтаңыз:
/
I
/
III
/
II
/
IV
/
V
2.ОЖЖ зақымдануының даму қаупі бар нәрестелер қай денсаулық тобына жатады:
бірінші топқа
екінші Б тобына
екінші А тобына
/
төртінші топқа
/
бесінші топқа
3.Дені сау, 1 денсаулық тобындағы, жаңа туылған нәрестелер өмірінің бірінші айында дәрігермен неше рет қаралуы керек:
2 рет
4 рет
5 рет
3 рет
1 рет
!
4.Анемиясы бар баланың денсаулық тобы:
/
І
/
ІІ-А
/
IV
/
V
/
ІІ-Б
!
5.Екінші денсаулық тобына ... балалар жатады.
/
фонды патологиясы бар
/
денсаулығы мықты
/
туа біткен жүрек ақауларымен ауыратын
/
Даун ауруымен ауыратын
/
гидроцефалия диагнозымен
!
6.Рахит ІІ дәрежесі, жеделдеу ағымда диагнозы қойылған науқас бала ... денсаулық тобына жатады.
3 А
2 А
2 Б
1
3
7.Экссудативті – катаралді диатезі бар бала ... денсаулық тобына есепке алынады.
/
ІІ
/
І
/
ІІІ
/
ІV
/
V
!
8.Дені сау, 1 денсаулық тобындағы, жаңа туылған нәрестелер өмірінің бірінші айында дәрігермен неше рет қаралуы керек:
2 рет
4 рет
5 рет
3 рет
1 рет
9. Дені сау баланың диспансерлік бақылаудың толықтығы мен сапасын көрсетеді:
/
Жаңа туған нәрестеден 1жасқа дейінгі денсаулық тобы бойынша балалардың денсаулық динамикасы
/
4айға дейін табиғи тамақтандырылатын балалар саны
/
I-ші денсаулық тобына жататын 1жасқа дейінгі балалар саны
/
Педиатр бақылау саны
/
Стоматолог бақылау саны
!
10. Диспансеризацияның негізгі міндеті:
/
анықталған ығысуларды уақытында анықтау мен науқастарды емдеу
/
физикалық дамуын бағалау
/
денсаулығындағы өзгерістерді анықтау
/
диагнозды нақтылау үшін қажетті мамандарды шақыру
/
реабилитациялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізу
!
Достарыңызбен бөлісу: |