Сабақтың көрнекілігі : оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т б. Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты


Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».  Ұраны



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі21,4 Kb.
#194708
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ашық тәрбие сағаты салаутты өмір саллты (копия)

Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
Ұраны: «Шынықсаң шымыр боласың» 

Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:
І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .
V- Мимикалық ойын (Кракодил)
VI -Сұрақ-жауап:
І-тапсырма бойынша:
«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)

  1. Д...... і (дәрі) 
    2. в...та...н (витамин) 
    3. ....ны.....у (шынығу) 
    4. с....ау......т (салауат) 

    1. Г...и...на (гигиена) 


    2.ту...ку....ез (туберкулез) 
    3. тұ......у (тұмау) 
    4. д... ау.... қ (денсаулық) 2

ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». үш топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.
ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
4.Аурудың алдын ал.
5.Демі бардың емі бар.
6.Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
7.Көкірек ауру күле кетер.
8.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
9.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
10.Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Мақал мәтелдің жалғасын тап:
1.Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Ауру желмен келіп, термен шығады.
6.Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
8.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
9.Демі бардың емі бар.

ІІІ -тапсырма

  1. топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)

  2. 2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)

  3. 3-топ: Зиянды тағамдар

IV-тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ: 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 
2-топ: 
................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз.
3-топ: 
................................................ойнаймыз, 
.................................................жаттығамыз, 
....................................................... 
...................................................жайнаймыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет