Типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар
Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс
Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
32-анықтама. F фигурасының әрбір Х, У екі нүктесіне F1 фигурасының сәйкес Х1 , У1 нүктелерін Х1У1 ═kХУ шарты орындалатын болса, онда F және F1 фигуралары ұқсас деп аталады. Мұндағы k>0 саны – ұқсастық коэффициенті
Ұқсастық коэффициенті k-ға тең екі ұқсас фигураның:
Сәйкес кесінділерінің ұзындықтарының қатынасы k-ға тең;
Сәйкес екі бетінің аудандарының қатынасы k2 –қа тең;
Сәйкес екі фигураның көлемдерінің қатынасы k3 –қа тең.
Ұқсас екі фигураның көлемдерінің қатынасы олардың сәйкес сызықтық өлшемдерінің кубтарының қатынасына тең
24 –теорема. Табандары S1 және S2 (S1> S2 ) болатын, ал биіктігі Н-қа тең қиық пирамиданың көлемі
V═ Н(S1 ++S2) өрнегімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |