І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызып, гимнді айтықызу.
ІІ. Кіріспе. Біздер мектепке қай мезгілде келдік?
Көктем мезгілі қай айдан басталады?
Көктем мезгіліне қандай айлар – жатады?
Наурыз айында қандай мерекелі күндер аталады?
Мұғалім: 8 наурыз – аналар мейрамы, адамзат мейрамы. Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық екінші конверенцияда Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуде мәселе етіп көтерді. Содан бұл әйелдер мейрамына биыл 100 жыл толып отыр. Содан кейін 1911 жылы Германияда Австралияда және данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы 8 наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні аталып өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. «Халқымызда жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады, сәулетші оның мүсінін тастан қашап мүсіндейді. Ана-барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен-ақ әр адамның ең жақыны – анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күнінен ақ басталады. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күнінің нұрынан және ананың сүтімен дарынған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қызғалдақ қыздарым бүгінгі «Ана-біздің күніміз» атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. «Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмес» деген болатын атақты жазушы Ғабиден Мұстафин.
Балалар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім? – Ол Ана.