Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: шопан суреті.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске түсіру. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты , дауыссыз дыбыстарды пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?
V. Жаңа сабақ-Табиғат көрінісін сипаттау.Оқулықпен жұмыс
13-жаттығу өлеңді түсініп оқу.
Еңбек
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты-еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты-еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
2. Дауысты дыбыс әріптерін қайталамай теріп жазу.Оларды дауыстап оқу.
Тізбектеп дауыстап оқыту.
14-жаттығу сөздерді қатесіз көшіріп жазу.
Құлын, жұлдыз, отын,түлкі, күрек, құрық, жұмыс, көлік
Жазылуы Айтылу
жұлдыз жұлдұз
15-жаттығу. Көп нүктенің орныныа керекті әріпті қойып, өлеңді мәнерлеп оқу
Қыс келгенде 2.Дауысты дыбыстарды атау.
Әңгімені түсініп оқыңдар.Шопан еңбегі. Малшы еңбегу туралы білетіндеріңді әңгімеле. Өлеңді жаттап алу. Саққұлақ Өлеңді түзбектеп оқыту.
VI. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау.Өлеңге түсінік беру. - Балалар, өлең неге Саққұлақ деп аталады?
VII. Бекіту кезеңі:Жаңылтпаштар айту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
№9 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қоян.2-ші өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты а) Қоян туралы түсініктерін қалыптастыру. Өзіндік жұмыс барысында білімдерін қалыптастыру ә) Сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін алған сөздік қорын қалыптастыру б) Өз бетінше жұмыс істеуге үйрену
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қоян суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты тазалап, үйге берілген тапсырманы пысықтау.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты , дауыссыз дыбыстарды пысықтау.
III. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?
IV. Жаңа сабақМәтінді оқыту.Қоян
Қыста аңдарға жем табу қиын.Түлкі қыстыгүні қоян аулайды.Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі.Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Содан да ол алаңсыз жайлып, бұта түбінде ұйықтай береді.
2. басқа аңдар туралы не білесіңдер?
V. Жаңа материалды пысықтауӨзіндік жұмыс дәптерінің №2 тапсырмасы бойынша
1 нұсқа
1. Өлеңдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз
2-нұсқа1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз2.Олар қандай дыбыстар?
А) дауыстыӘ) дауыссыз3-нұсқа1.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жаз.2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз
VI. Үйге тапсырма, бағалау Қоян туралы әңгіме жазып келу
№11 сабақ Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту. б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге
тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата 2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. 3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады? 5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.
IV. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар.Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.
V. Жаңа сабақДыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз
-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.
-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.) 18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.
1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады?
VI. Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады? 3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.
VII. Бекіту кезеңіСөздік диктант: қозы,лақ,бота.Дауыссыз дыбыстарды тапқызу.Кеспе әріптер арқылы жұмыс жүргізу.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау19-жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау Сабаққа қатысқандарын бағалаймын
№12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс әріптері (20-21 жаттығулар)Түйе.Ботақан Сабақтың мақсаты Оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік туралы алған білімдерін кеңейту.Түйе , ботақан туралы білімдерін толықтыру. ә) Оқу жылдамдықтарын дамыту, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту. б) Төрт түлікті сүюге, малды қастерлеуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, дауыссыз дыбыс әріптері, қима карточкалар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру1/Үйге берілген 19-жаттығуды талдау, қателерін тексеру.2/ Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа сұрау. 3/« Төлді қалай шақырады?»өлеңін мәнерлеп оқыту.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіОқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату, карточкалардағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңіБіздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.
V. Жаңа сабақ20-жаттығу.(тақтаға орындау)Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін тауып астын сызғызу.Түйе боздайды.Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.жылқы кісінейді.21-жаттығу (Өз беттерінше орындау).Сөздерді оқыту.берілген сөздерден Қай мал қайтеді? Деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құрастырып жаздыру.Үлгі: Түйе боталайды.Жылқы құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.Түйе, ботақан мәтіндері арқылы әдеби мәтін тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.мәтіндерді оқып беру, түсіндіру.Мәтін авторы Фариза Оңғарсынова туралы мағлұмат беру.-Әкелерің мен шешелерің сендерді неліктен «Ботм», «Ботақаным» деп еркелетеді?-деп ойлайсыңдар?Сұраққа жауап алу.
VI. Жаңа материалды пысықтау
Сұрақ-жауап арқылы 1/Дауыссыз дыбыс әріптерін атаңдар 2/Дауысты дыбыс әріптерін атаңдар? 3/Төрт түлік туралы жеке-жеке сұрақ 4/Түйе туралы сұрау.Ботақан деген не?
VII. Бекіту Сөздік диктантын жаздыру.Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын екі рет, дауыссыз дыбыстардың астын бір рет сыздыру.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау 1.Түйе мәтінін оқу,әңгімелеу. «Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқу..Өткен тақырыптарды қайталау.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
№13 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жылқы.Қазақ алфавиті.
Сабақтың мақсаты а) Оқушыларға қазақ алфавиті туралы түсінік беру.Төрт түліктің бірі-жылқтуралы түсініктерін кеңейту.ә) Сөйлеу тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын дамыту.б) Әдемі жазуға,тазалыққа, тыңдай білуге үйрету.Төрт түлікті күте білуге рету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: алфавит, суреттер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
II.Үй тапсырмасын тексеру«Түйе» мәтіні бойынша түсінгендерін сұрау.«Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқыту.
III . Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Құстарды жемсауытқа орналастыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Әр құстың артында қайталау сұрақтары жазылған.
IV Мақсат қою кезеңіБіздің бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ алфавиті» және төрттүліктің бірі «Жылқы» малымен танысамыз.Қазақ алфавиті туарлы және Жылқы малы туралы жан-жақты білетін боламыз.
V.Жаңа сабақҚазақ алфавиті туралы түсінік беру, көрсету.Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Алфавитте әрбір әріптің аты аталып, орын реті белгіленген.
22-жаттығу.Алфавиттегі әріптерді ретімен оқыпжаттату.Алфавитте дауыссыз дыбыс әріптерінің қалай оқылатынын айтқызу.Алфавиттегі а,е,ә әріптері арқылы оқылатын дауыссыздарды топтап айтқызу.Қай таңбалардың оқылмайтынын сұрау.
«Жылқы» әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.мәтінді оқып беру, түсіндіру.
VI .Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Сұрақ-жауап арқылы Алфавит деген не?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?Түйе туралы не білесіңдер?Жылқы туралы не білдік?
VII. Бекіту Сөздік диктант жаздыру.Сөздерді алфавит ретімен жазып көр.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау Алфавитті жаттау Жылқы мәтінін оқу
сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай бағалау
№14.Сабақтың тақырыбы: Боз бие. Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың алфавит туралы алған білімдерін тереңдету, мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу.Бие туралы түсінік беруә) Есте сақтау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын арттыру.Жазу коллиграфияларын дамыту. б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, алфавит
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
І.Үй тапсырмасын тексеру1.Алфавитті жатқа сұрау.2. «Жылқы» мәтіні бойынша түсінгендерін әңгімелету.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Кім шапшаң?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру
IV. Мақсат қою кезеңіБіз бүгін алфавитті қалай қабылдағанымызды көрсету үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз.Қастек Баянбаевтың «Боз бие» өлеңімен таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ23-жаттығу (Тақтаға орындалады).Кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жаздыру.Кісі аттарының бас әтіппен басталып жазылатынын түсіндіріп, есте сақтауларын ұсыну.Асылтай, Әлия,Болат,Гүлнәр, Ғалия, дәулет, Еркебұлан, Қайрат, Ораз, Сәуле.
24-жаттығу. (ауызша орындату) .Адамдардың аты-жөндерін алфавит ретімен оқыту.
Асқарқызы, Әбішұлы, Болатұлы , ЖомартұлыӘдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу Ермек Өтетілеуұлы туралы мағлұмат беру.Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын , түсінгендерін сұрау.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қастек Баянбаев туралы мағлұмат бере келе«Боз бие» өлеңімен таныстыру.Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын әңгімелеп беру.Өлеңді оқыту.
VI. Жаңа материалды пысықтауКарточкалар үлестіру.берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды меңгергендерін тексеру.
VII. Бекіту Сөздік диктант.Сөздерді алфавит ретімен оқыту.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау 25-жаттығу1.Е.Өтетілеуовтың өлеңін жаттау. 2.«Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқу.3.Жауаптарына қарай бағалау
№15 сабақ Сабақтың тақырыбы: Құлыншақ. №4-ші өзіндік жұмыс.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды САпарғали Бегалиннің «Құлыншақ» өлеңімен таныстыру, алфавит туралы білімдерін өзіндік жұмыс арқылы тексеру.. ә) Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту. б) Әдемілікке,ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1.25-жаттығудың орындалуын тексеру2. Өлеңді жатқа сұрау.3. « Боз бие »өлеңін мәнерлеп оқыту.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сұрақ-жауап арқы-Алфавит дегеніміз не?- дауыстыларды ата- Дауыссыздарды ата- Түйе туралы не білеміз?- Жылқы туралы не білеміз?-Бие дегеніміз не?
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін Сапарғали Бегалиннің «Құлыншақ» өлеңімен таныс боламыз.№4-ші өзіндік жұмыс арқылы алфавит туралы алған білімдерін тексереміз.
V. Жаңа сабақ:27-жаттығу (Ауызша орындату) Сөздерді алфавит ретімен оқыту.Аударыспақ, бәйге, жарыс, көкпар, теңгеілу әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс.С.Бегалин туралы мағлұмат беру.»Құлыншақ » өлеңімен таныстыру.Оқып беру,кезекпен оқыту.Өлеңнің ұйқасын тапқызу.
Алмастан тыным
Шабады құлын . Жаңылтпаш пен мақал-мәтелдерді оқыту, жаттату.
VI. Жаңа материалды пысықтау№4-ші өзіндік жұмыс 1-нұсқа, 2-нұсқа, 3-нұсқа.
VII. Бекіту «Сөз ойла,, тез ойла» ойынын ойнату.Алфавит ретімне әріпті атау, сол әріптен басталатын сөз айту.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау 1.Құлыншақ өлеңін мәнерлеп оқып келу.2. жаңылтпаш пен мақал-мәтелдерді жаттап алу.3. 26-жаттығу жазу4. Оқушыларды белсенділіктеріне қарай бағалау.
№18сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты: а) жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып,төрт түлік туралы мәлімет беру және оны меңгерту. .. ә) Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, сөйлеу мәнерін жетілдіру , дамыту. б) Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.Тәлім сәті Әрбір ісім Оқу, ұғу,үйрену, Әрбір сөзімАдалдық, бірлік, ынтымақ.Ондай болса сабағымызды ынтымақпен бастайық.
II.Үй тапсырмасын тексеруӨтілген тақырыптарды пысықтау.
IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бәрәмәз тақтаға қарайықшы, қандай дыбыстарды көріп тұрмыз?А,О,Ы,Ұ әріптері - Балалар атаған дыбыстарың дауысты ма, дауыссыз ба?Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?Келесі тапсырмамыз буыннан сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрату, жуан дауысты дыбыстарды табу.Сергіту сәті
ІV.Жаңа сабақ28-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар2. Сөздерден жуан дауысты дыбстарды тапМыс: ұзын, алма, ыдыс, ытқып.29-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.
Сүт, айран, қаймақ, кілегей,май,құрт, ірімшікМыс: айран, құрт, ірімшікОқулықпен жұмыс
Ж.Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңі
Ақ бұзауым ұнайды
«Мө-мө» деп сүт сұрайды
Ақ бұзау жақсы фермада
Апарамын көрмеге
Келеді өсіп күн санап,
Қоямын ба тұмшалап.
Тұмсығын созып қарайды,
Тілімен мұрнын жалайды.
VI. Жаңа материалды пысықтауБұзау сүтті қалай сұрайды?Тілімен нені жалайды.Бұзаудың енесі?
Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту
VII. Бекіту Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік№жуан дауысты дыбыстар Ж.Смақовтың өлеңі не жайлы айтылған?
VIII.Үйге тапсырма, бағалау «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу, жауаптарына қарай оқушыларды бағалау.
№19 сабақ Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін қалыптастыру ә) ауызша , жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырп сөйлеуін, шығармашылық б) ұқыптылыққа, жинақтылыққажәне сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тірек сызба, суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру-Үйге қандай тапсырма берілді -Ақ бұзау қай малдың төлі?Тізбектей оқытамыз
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Неге ол Ақ бұзау деп аталады?-Бұзаудың енесін не деп атайды-Сиыр-Сиырдың адамға қандай пайдасы бар-Кім жауап береді?
ІҮ.Мақсат қою кезең:іБалалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?
Ү. Жаңа сабақ Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр)
Оқулықпен жұмыс
30-жаттығу Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.
Қырда қырау
Қызыл ала бұзау
Тауда тарғақ
Тарғыл ала торпақ.
Сергіту сәті
31-жаттығу Көп ніктенің орнына жуан дауыстыны қойып көшіріп жаз.
Жұмбақ
Қ..яды екен әр шаруа
Қазығ..на құт байлап
Қанша қ..йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт, қаймақ
VI. Жаңа материалды пысықтауСиыр өлеңін мәнерлеп оқып, оушыраға оқытуСиыр туралы түсінік беру
Әукім,әукім сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің. Қ.Мырза Әли
VII. Бекіту Жаңылтпашты жаңылмай айт
Әй,әй, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Мақалдар
Сиырдың сүті-тілінде
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан
Сиырды теппейді
Сүтті төкпейді
VIIIҮйге тапсырма, бағалау
№20 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қой.Қозы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мал төлдерінің қалай аталатыны туралы түсінік беру. ә) Жіңішке дауыстыларды ажырату арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуб) Сабақ барысында жазу кезінде, реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қой, қозының суреттері, жіңішке дауысты
дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру –Үйге қандай тапсырам берілді? -Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі -балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсіроейікші?-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Кім атап береді?
IV. Жаңа сабақ -Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Қой.Қозы. 1.Қой қандай жануар, мінездеме берейікші? 2. Қойдың төлін не деп атайды? 3. Қойдың қандай пайдасы бар.Оның терісінен, не алынады? 4.Қой туралы өлеңдер білеміз бе?
V. Жаңа материалды пысықтау
Оқулықпен жұмыс,дәптемен жұмыс 38-39 беттерде 1.Мәтінді түсініп оқыңдар Қой.
А) мәтінді оқу. ә) Түсінгендерін оқушылар мазмұндап айтып береді.
2. өлеңді мәнерлеп оқу. Қозы
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп Ж.Смақов
3) Жіңішке дауыстьылар: а,е,ө,і,ү.
35-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мен даланың ұланымын
Мен даланың ұланымын
Жас тұүлектің бірімін
Көктеп шыққан гүлімін
Мен сүйемін даланы
Дәнге толы алабы С.Жиенбаев
2. Сөздерден а, е, ө, і, ү әріптерін оқып , олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар.
VI. Жаңа материалды пысықтауДауысты , дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері туралы түсініктерін пысықтау
VII. Бекіту
VIIIҮйге тапсырма, бағалау 36-жаттығу, жауаптарына қарай, сабаққа қатысып отырған оқушылардың жауаптарына қарай бағалаймын
№21 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қозы.Өрісте.Жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындау.ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған білімдерін дамыту.б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі: -балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Кім атап береді?
IV. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қозы», «Өрісте» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазу.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу
V. Жаңа материалды пысықтау:Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».
–Малдар қайда жайылады?
-Өрісте.
- Дұрыс .Ендеше келесі мәтін «Өрісте»Мәтінді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту.
2. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау.
VI.Жаңа сабақты қорыту:1.Малды күту үшін не істеу керек?2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай қастерлеген3. Оқушылар: «малды бастан теппе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
VII. Бекіту Төрт түлік иелерін ата.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу
№22 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар. Ешкі. Бөрте лақ.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету ә) Оқушыларға жаттығулар орындау арқылы ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Оқушыларды төрт түлік малды қастарлей білуге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс болдық,кім айтады?
Достарыңызбен бөлісу: |