Сабақтың көрнекілігі: сыни,қарама-қарсы сұрақтар Әдіс-тәсілі: «БжС» технологиясы Картасы: «ауызша сабақ-1» Сабақтың барысы



Дата19.02.2017
өлшемі38,3 Kb.
#10957
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қимақ қағанаты

Сабақтың мақсаты:


1.Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы тақырыбын сыни ,қарама-қарсы сұрақтар арқылы меңгерту  ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын дамыту.
Міндеті
1.Ойлауға,ойын ашық айта білу,еркін сөйлей білуге үйрету 
2.Ақпараттық құзыреттілілгін дамыту
3.Технологиялық  картаның регламентін орындау
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сыни,қарама-қарсы сұрақтар
Әдіс-тәсілі: «БжС» технологиясы
Картасы: «АУЫЗША САБАҚ-1»

Сабақтың барысы

1 тип Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: 
мотивация  > оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну

1 Сабақ оқудың макро құрылымы Технологиялық картаның  жұмыс тәртібі Түсініктеме


1-кезең
Ұйымдастыру кезеңі Мотивация
Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді.
2 2-кезең
Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. 
 І Өткен тақырыптан  сұрақтар (20)    
1.Оғыз мемлекеті қай ғасырда құрылды? (9 ғасырдың соңы 11 ғас орт)
2. Оғыз мемлекетінің орталығы (Янгикент)
3.Янгикент қаласының екінші атауы (Жаңа Гузия)
4. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар қанша тайпалардан тұрды?  (24)
5.Тайпалық одақтар қалай аталды? (ел)
6.Ел қандай ұғымды білдіреді? (халық, мемлекет)
7. Оғыздардың жоғарғы билік иесін қалай атады? (жабғу)
8.Жабғудың орнын кімдер басты? (инал)
9. Әскербасын қалай атаған? (сюбашы)
10. Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? (1 рет)
11.Оғыздардың шаруашылығы қандай болды?( жартылай көшпелі, отырықшы)
12.Оғыздардың баспанасы (арба үстінне тігілген үйлер)
13.Малдың терісінен қандай бұйымдар жасады? (аяқ-киім, ыдыс, ат-әбзелдері,торсық)
14. Киім-кешек қосымша нелерден тігілді? (аң терісінен)
15. Жабғудың кеңесшілерін қалай атады? (күл-еркіндер)
16. Шахмәлік көтерілісте кімдердің қолдарынан қаза тапты? (салжұқтардан)
17.Оғыз мемлекеті қай ғасырда әлсіреп, бір жола күйреді?  (ХІ ғасырда)
18. Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? (1 рет)
19.Оғыздардың шаруашылығы қандай болды?( жартылай көшпелі, отырықшы)
20. «Күл-еркіндер» бұлар кімдер? (жабғудың кеңесшісі)
Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.
3 3-кезең
Қабылдауды ұйымдастыру Тірек-сөздермен жұмыс
1.Имақия.2.Карантия.3.Шад-түтік.4.Қархан мемлекеті.5.Рухани мәдениет.6.Тәңір.7.Алакөл.
8.Имек.9.Қыпшық.10.Татар.11.Гардизи.12.Шонжар.13.бау-бақша.14.Баспана 
Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.
4 4-кезең
Ойлауды ұйымдастыру Мәтінмен жұмыс 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.
5 5-кезең
Алғашқы түсінікті тексеру Қарама-қарсы сұрақ қою. 
1.VІІ ғасырдың басында қимақтар Монғолияның қай жағын мекендеген? (солтүстік-батыс)
2.Қай тарихшы Қимақ елінің құрамында 7 тайпа болғанын жазды? (Гардизи)
3.ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпаларының атымен қандай қағанат құрылды? (қимақ қағанаты)
4.Қимақ қағанатының орталығын ата? (Имақия)
5.Қимақ қағанатының екінші астанасы қалай аталды? (Карантия)
6.Қағанатты билеуші адамды қалай атаған? (қаған)
7.Жеке тайпа көсемдерін қалай атады? (шад-түтік)
8.Қимақ қағанатының саяси өмірінде кімдердің беделі күшті болды?(әскери қызметкерлердің)
9.Х ғасырда Қимақ жеріне қай мемлекет шабуыл жасады? (Қарахан)
10.Жалпы қағанаттың құлауының екінші себебі неде? (сыртқы қайшылықтар)
11.Қимақтарда қандай шаруашылық басым болды? (мал шаруашылығы)
12.Мал жоқ халық қандай кәсіппен айналысты?(балық аулау)
13.Зергерлік өнердің жоғары дәрежеде екенін нелер дәлелдейді? (түрлі алқа, білезіктер)
14.Материалдық мәдениетке нелер жатады? (үй-жай, қару-жарақ,)
15.Рухани мәдениетке нелер жатты?(наным-сенім, әдет-ғұрып)
16. Жазба деректердегі мағлұматтарға қарағанла қимақтар немен жазды?(қамыс қалам)
17.Зираттардан табылған қола айналар қай ғасырға жатады? (9-10 ғасыр)
18. Қай ғасырда қимақтар шонжарлары ислам дінін қабылдады? (10ғасыр)
19.Қимақ елінде қанша тайпа болды? (7 тайпа)
20.Монғолияның солтүстік-батысында мекендеген кімдер? (қимақтар)
Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.
6 6-кезең
Бекітуді алғашқы ұйымдастыру Сыни сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. 
 1. VІІ ғасырдың басында қимақтар Монғолияның солтүстік-батыс  жағын мекендеген (ия)
2.Махмуд Қашқари  Қимақ елінің құрамында 7 тайпа болғанын жазды 
(жоқ Гардизи)
3.ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпаларының атымен оғыз қағанат құрылды (жоқ,қимақ қағанаты)
4. Имақия қимақ қағанатының орталығы (ия)
5.Қимақ қағанатының екінші астанасы Суяб қаласы (жоқ, Карантия)
6.Қағанатты билеуші адамды тархандар деп атаған  (жоқ,  қаған)
7.Жеке тайпа көсемдерін шад-түтік деп атады (ия)
8.Қимақ қағанатының саяси өмірінде хандардың беделі күшті болды
 (жоқ, әскери қызметкерлердің)
9.Х ғасырда Қимақ жеріне Қарахан  мемлекеті шабуыл жасады (ия)
10.Жалпы қағанаттың құлауының екінші себебі ішкі қайшылықтар 
(жоқ, сыртқы қайшылықтар)
11.Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды (ия)
12.Малы жоқ халық балық аулау кәсібімен айналысты(ия)
13.Зергерлік өнердің жоғары дәрежеде екенін ыдыс-аяқтар дәлелдейді
 (жоқ, түрлі алқа, білезіктер)
14.Материалдық мәдениетке наным-сенім, әдет-ғұрып  жатады 
(жоқ, үй-жай, қару-жарақ,)
15.Рухани мәдениетке үй-жай, қару-жарақ, жатады
(жоқ, наным-сенім, әдет-ғұрып  )
16. Жазба деректердегі мағлұматтарға қарағанда қимақтар қамыс қаламмен жазды?(ия)
17.Зираттардан табылған қола айналар 9-10  ғасырға жатады (ия)
18. 11 ғасырда қимақтар шонжарлары ислам дінін қабылдады (жоқ, 10ғасыр)
19.Қимақ елінде 4тайпа болды (жоқ, 7 тайпа)
20.Монғолияның солтүстік-батысында мекендеген қимақтар  (ия)
Төртінші белгілеу.
барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.
7 7-кезең Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген. Бесінші белгілеу
барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.
9 Үй тапсырма Қимақ  қағанаты
10 Бағалау МПМ
Бойынша бағала

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет