Тақырыбы: «Кітап- ақылшы досың»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, кітап –сарқылмас рухани қазына, ақылшы досымыз дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын, білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқулықтарды күтіп ұстауға, құрметтей білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кітаптар, суреттер т.б
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал:
Қазақстанның жері кең байтақ,
Биік-биік таулар бар
Терең- терең көлдер бар
Суда жүзетін балықтар бар
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Мұғалім: Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. (Кітап)
Кітап
Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.
Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
Мұғалім: Әдеби монтаж оқу
Амангелді:
Адамның досы кітап.өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.
Әли:
Сауатымды ашатын
Кітап – білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол - өмірдің шырағы.
Олжас:
Бөбектерім, оқы, ойна,
Оқу – білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Данияр:
Әліппеде тізілген
Қырық екі әріп бар.
Тізілген сол ізімен
Өз кезінде танып қал.
Аян:
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Жалғас:
Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді.
Кітап алғаш саз балшыққа үшкір ағашпен жазылып, күнге кептіріліп жүрді. Кейін Мысыр елінде балшық орнына папирус өсімдігі пайдаланылды да, кітап қолжазба түрінде тарады.
1041- 48 жылдары Қытайда Би Шэн тұңғыш рет кітап басып шығарды.
Кітап басу – қолжазбаны дайын кітап етіп шығаратын полиграфиялық өндіріс процесстерінің жиынтығы. Кітап басу негізін әріп теру және оны қажетті бетке көшіру процестері құрайды.
Еуропада кітап басу ісі 15 ғасырдың 40 жылдарында неміс өнертапқышы И. Гутенбург баспа станогін ойлап тапқаннан кейін қолға алынды. 1461 жылы Бамбургте баспаханашы А. Пфистер ағаштан жасалған шрифтімен суретті кітап шығарды. Алғашқы кітап басу станогі өздеріңіз көріп отырғандай түрде болған.
Ресейде «Апостол» атты тұңғыш кітапты 1554 жылы И.Федоров пен П.Мстиславец басып шығарды. 20 ғасырдың соңында техникада пайда болған жоғары баспа машиналары Қазақстанда офсеттік және цифрды баспаның кең өріс алуына ықпал жасады. Офсеттік құрал дегеніміз компьютермен теру, фото теру автоматтары. Осының негізінде Қазақстанда қазіргі заман талабына сай бірнеше типографиялар іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 200-ден астам типография кітап басу ісімен айналысады.
Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім деп ойлайсыңдар?
Жауабы: Ы. Алтырсарин.
Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.
Кітап қайдан шығады?
Жаңыл:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
Жадыра:
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған
Білер ме екен көп адам.
Алмас:
Заводтарда күні-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай терін төгеді.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
Алтынбек:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
Диас:
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
Мұғалім:
Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Әсел апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабың кір демесін - деп
«Кітап емханасы»
Мұғалім: Балалар,дәрігер апайымыз айтқандай,кітаптарда ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
1.Кітаптың бетін шимайлама.
2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.
3.Кітаптың беттерін бүктеме!
4.Кітаптың мұқабасын тыстып қой!
5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар!
6.Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушылары-
мыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.
*Кітап маған тақтан да қымбат.(Шекспир.)
*Артық ғылым кітапта,Ерінбе оқып көруге. (Абай.)
*Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей. (Толстой)
Мұғалім: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Мәтінмен жұмыс ( топпен мәтінді сурет бойынша әңгімелеу)
Мұғалім:«Кім тапқыр?» ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады).
1.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2.Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)
3.Білімнен мол сый асы,
Балардың ұясы (мектеп)
4.Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалімі)
«Кім көп біледі?» ойынын ойнайық (мақал-мәтелдер айтылады).
*Кітап – асыл қазына
*Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы
*Оқу – білім бұлағы
Білім – өмір шырағы
*Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді
*Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Мұғалім:
Қорытынды: Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.
Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті оқушылар кітаппен дос болайық,көп оқып, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |