Сабақтың көрнекілігі: слайд, Сафуан Шаймерденовтың суреті, қыс көрінісін, қысқы ойын түрлерін бейнелейтін суреттер



Дата04.07.2018
өлшемі16,73 Kb.
#46258
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қар. Сафуан Шаймерденов

Сабақтың мақсаты: 1,Автор жайлы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнымен таныстыру

Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың қар жайында

оның пайда болуы, қардың түсі, түрі жайлы түсініктерін кеңейту.

2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан

ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей алуын дамыту.

3. Қысқы табиғат көрінісін баяндау арқылы оқушылардың

эстетикалық талғамын арттыру, ізденімпаздыққа шығарма-

шылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: слайд, Сафуан Шаймерденовтың суреті, қыс көрінісін, қысқы ойын

түрлерін бейнелейтін суреттер.



Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі , дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.



  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Себебі, осы аптада 3-сыныптардың «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» атты апталығымыз өтіп жатыр. Сондықтан бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне бәріміз белсене қатысып отырайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С. Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» өлеңін жатқа айту. 3-4 оқушыдан сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын ата.

-«Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім?

-Қызыл шұнақ аяз деп қандай аязды атайды?

Балалар, мен сендерге жұмбақтар айтамын.



  1. Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ. (мұз)



  1. Суда мұз бар

Жерде қар бар.

Боран боп соғады,

Бұл қай кезде болады? (қыс)


  1. Түсі аппақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Жаңа сабақты түсіндіру.

-Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз С.Шаймерденовтың «Қар» мәтіні.Автор туралы мәлімет беру.С. Шаймерденов 1922 жылы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды. 1950 жылы ҚазМУдың филология факультетін үздік бітіріп, болашаққа жол ашты. Алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. 1992 жылы ҚР-ның халық жазушысы құрметті атағына ие болды.Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.

Түсінік беру.

Қар- түсі ақ, салмағы тым жеңіл, дене түршіктірерлік суық болады.Қардың тік баяу жаууы желдің болмауына байланысты.



Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.



Мәтінді талдау.

  1. Жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?

  2. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

  3. Жазушының «дене түршіктірер зәрі бар» деген сөзін қалай түсінесің?

Ой қозғау.(оқушылардың ойларын тыңдау)

  • Балалар, біз қар туралы не білеміз?

  • Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?

  • Қар қандай екен?

  • Сонда қар туралы не біледі екенбіз?

  • Қардың түсі ақ,суық. Қолымызбен ұстасақ еріп кетеді. Демек, жылыда еріп суға айналады. Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ ол алақанымызға ақ ұлпа болып көрінеді.

Ақша қар- жаңа жауған таза қар.

Жапалақ қар- ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Күпсек қар- қалың жауған ұлпа қар.

Күртік қар- беті қатқан , жаяу жүргенде ойылатын қалың қар.

Көбік қар- жерге түскенде астыңғы қабаты еритін жұмсақ қар.

Қасат қар- ұзақ жатқан қалың қар.

Үйли қар- боранды жел сырғытып бір жерге тау- төбеболып үйілген қар.

Үрме қар- жел үрлеп жинақтаған тығыз қар.



Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушыларға азат жол бойынша оқыту. Оқушыларға іштей оқып «қар» мәтінін әңгімелеу.



Сергіту сәті

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Дәптермен жұмыс.

Әңгімеден қар ұлпалары , қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөйлемді тауып жазу.



Шығармашылық жұмыс.

І-қатарға дене шынықтыру пәнімен байланысты қыс мезгіліндегі ойын түрлері.

ІІ-қатарға дүниетану пәнімен байланысты жауын-шашын түрлері.

ІІІ-қатарға қазақ тілімен байланысты қыс мезгілі туралы сөйлем құрау.



Сабақты қорыту.

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Бізге Аяз атамыз сұрақтарын беріп жіберіпті. Сұрақтарға жауап берейік.

1.«Қар» мәтінінің авторы кім?

2.Қыста ауа райы қалай болады?

3.Қыс айларын атау, қай жыл шығады, қай жыл кіреді?



Үйге тапсырма беру.

Мәтінді мәнерлеп оқып, түсінігін әңгімелей білу.



Бағалау, мадақтау.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қар. С.Шаймерденов

3 «ғ» сынып

Мұғалім: Тобағұлова Дина



2015/2016 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет