Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал мәтелдер, тыйым сөздер. Сабақтың барысы



Дата18.11.2019
өлшемі31,41 Kb.
#52042
түріСабақ
Байланысты:
ТАЗАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ жоспар

Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин
ІІ. Кіріспе. 5 мин
ІІІ.
«Топтық жұмыс 12 мин
ІҮ.
«Видео 4 мин
Ү.
Сиқырлы алма» ойыны. 5 мин

ҮІ. Сөз тапқанға қолқа жоқ 4 мин
ҮІІ. Рефлексия 2 мин


ҮІІ. Қорытынды 3 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық,
Тілек тілеп, күлімсіреп,
Жаңа сабақ бастайық.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Шаттық шеңбері.

Гүл ұстаған балалар ортаға шеңбер жасап дөңгелене тұрады, бір-біріне жылы, жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.


«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе қайтып оралады»,     -деп мұғалім қорытынды жасайды.
ІІ. Кіріспе.

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын тақтадағы суреттерді қарай отырып, анықтап көрейікші. (суреттерді кері айналдырып, ар жағындағы әріптерден сөз құрастыру)
Тазалық туралы айтқанда, ойымызға не келеді?
«Тазалық» сөзін топтастыру.
- Балалар, тазалық дегенді қалай түсінеміз?
Жұпар иіс, Тазалық, гигиена, щетка, денсаулық, таза киім, тәртіп.

Ендеше қазір топқа бөлінейік.Суреттер арқылы 4 топқа бөлінеміз.(Тазалық, Шымыр,Салауаттылық, Сымбат)
(Осы кезде есік қағып, бір оқушы сынып оқушыларының атына сәлемдеме келгенін хабарлайды)
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, Кірқоймастан арнайы сәлемдеме келді. Ол тазалықты өте жақсы көреді. Сендер оны танисыңдар ма?
- Балалар, Кірқоймас бізге не жіберіпті, танысайық…. (сәлемдемемен таныстыру). Шығарамын.
- Балалар, бұл заттардың бәрі не? Не үшін керек? (тазалықты сақтау үшін )
- Ал тазалықты сақтау не үшін керек? (деніміз сау болу үшін)
- Ал денсаулық адамға керек пе?
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Астында қымбат көлік, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма?
Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма?
3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады – ол адам ше? Жоқ.
Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен?
- Денсаулық.

ІІІ. «Топтық жұмыс

1-топ.Көрініс (тіс күтімі)

2.топ Күн тәртібі (оқушының күн тәртібін құру)

3.топ Денсаулықтын қастарды мен достары



4.топ Жеке бас гигиенасын сақтау ережелері (тері,ауыз,тырнақ,шаш,қол,киім,аяқ)


Бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық және тазалық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз - дененің саулығы деген мағынаны білдіреді. Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше «Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі, міне, осында. Дені сау адам, әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
Онда ауырмай әдемі, таза болу үшін өз - өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.
Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
ІҮ. «Видео н/се мәтін 3 мин
Мұғалім:
- Ертеде бір кір-қожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.

Видео
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
- Кірді не кетіреді деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, сабын.
Ү. Сиқырлы алма» ойыны.

Ойын барысы: Енді барлығымыз бірлесе отырып Кірқоймастың жұмбақтарын шешейік.Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа үш тілде жауап береді, дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады.


1. Жуынам деп жазған - ай, 
Күннен күнге азғаны - ай! (сабын-мыло- soap) 

2. Қарап тұрсаң өзіңе Ол суретің ұқсайды, 
Сурет түсер көзіңе. Дәл казіргі өзіңе. (айна-зеркало-mirror) 

3. Дәміде жоқ, түсіде жоқ 
Пайдаланбас кісі жоқ. (су-вода-water) 

4. Жуынып болғанда 
Жүреді қолыңда. (сүлгі-полотенце-towel) 

5. Қалтамда жатыр 
Тістері бар батыр. (тарақ-расческа- comb) 

6. Асқар тауда қалың орман, 
Кейде оны шөптей орам. (Шаш-волосы- hair) 

7. Таудың екі жағынан 
Екі қалқан жабысқан. 
Жақын барсаң маңына, 
Сезе қояр дыбыстан. (құлақ-ухо- ear). 

8. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта. (тіс-зубы- tooth)


Жеке бас тазалығының ережелері
- Күнделікті бір уақытта тұрып, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Таңертең тісіңді тазалап, беті - қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпаңдар;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жуыңдар;
- Бет орамал пайдаланып, мұрныңдарын әрқашан таза болуына көңіл бөліңдер;
- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкіріңдер немесе жөтеліңдер;
- Шашыңды дұрыстап күтіңдер: уақытылы тарап, буып немесе өріп қойыңдар;
- Төсектеріңді жинап, жеңіл - желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Аяқ киімдеріңді күтіп киіп үйреніңдер, тазалап жүріңдер;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қойыңдар.( тақтаға шашыраған суреттерден күн тәртібін құрау).
ҮІ.Тәрбие сағатымыздың кезегін "Сөз тапқанға қолқа жоқ"-қа береміз.

Ойын барысы:Төрт топтың топ басшылары ортаға шығады. Әр топ басшыларына 7 сұрақтан қойылады,оларға сұраққа жауап беру үшін үш ғана әріп беріледі. Кім ойын шартына бағынса және көп сұраққа дұрыс жауап берсе сол жеңіске жетеді.
ҮІІ. Рефлексия 2 мин

Тақтада тұрған «Кірқожалақ пен кірқоймас балалардың» суреттері арқылы сабақты бағалау.

«Маған сабақ ұнады, көп нәрсені білдім, енді тазалықты сақтап, денсаулығымды күтіп,күн тәртібін ұстанамын » десеніздер Кірқоймас баланың суретіне стикерді жабыстыру немесе керісінше.




Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдарың қалай? Оқуларың жақсы ма?  Балалар, денсаулықтарың жақсы болу үшін   үнемі таза болып жүрулерің керек.  Шаштарыңды тарап, тырнақтарыңды алып отыру керек, киімдеріңді де ұқыпты ұстау керек. Сонда денсаулықтарың жақсы болып,сабаққа деген күш-қуаттарың көп болады. Мен сендерді ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушылар болады деген сенімдемін.
Сау болыңдар.

5 «Ә» сынып оқушыларына   Кірқоймастан.


Кірқоймасқа хат жазу.

ҮІІ. Қорытынды
Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
- 1. Ерте тұру.
2. орта тазалығын ұстау.
3. дене шынықтыру
4. үнемі денені таза ұстау
5. үнемі сергек жүру
6. артық тамақ ішпеу
7. көп ұйықтап жалқау болмау. Міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі, – депті.
- Балалар, сендер осы айтылған 7 өсиетті орындау міндеттісіңдер, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын, толыққанды ұрпақ болып өсесіңдер. Ешқашан ауырмай, өз денсаулығымызды күтейік.
Бүгінгі ашық сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы». Бүгінгі сабағымызды көңілді,әсем әуенмен аяқтайық! Серик Ибрагиов пен «Лашын» тобының орындауындағы «Әсем ән» әнің шырқайық!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет