Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан картасы, слайд, үлестірмелі парақшалар. Сабақтың түрі: дәстүрлі



Дата06.02.2022
өлшемі33,12 Kb.
#26495
түріСабақ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моңғол үстемдігі дәуіріндегі Қазақстан территориясында құрылған мемлекет Ақ Орда туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Туған өлкеміздің тарихын зерделей отырып даму тарихымыздың нағыз шыңдығын білуге ықыласын арттырып, өз білімін жетілдіруге, ізденуге бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан картасы, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Өткен сабақты пысықтау;

  3. Жаңа сабақты түсіндіру;

  4. Бекіту, қорытындылау, бағалау;

  5. Үйге тапсырма беру.


Үй тапсырмасын сұрау: (Сыныптың жалпы дайындығын тексеру).

  1. Алтын Орда қай кезде құрыла бастады?

  2. Алтын Орда деп аталу себебі не?

  3. Алтын Орда қандай мемлекеттермен жақсы қатынаста болды?

  4. Алтын Орда қай хандардың кезінде күшейе бастады?

  5. Алтын Орда мұсылман дінін қай хандар кезінде қабылдай бастады?

  6. Алтын Орданың әлсіреуіне не себеп болды?

Жеке оқушылармен жұмыс- (үлестірмелі парақшалар арқылы).
Жаңа сабақ жоспары:

  • Ақ Орданың құрылуы, географиялық орны, шаруашылығы;

  • Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.

Этникалық құрамы:


Қоңырат, найман, қаңлы, қыпшақ,керей, алшын, үйсін, арғын, жалайыр.
Кітаппен жұмыс. Әр партаға келесі тапсырмалар беріледі.

  1. Ақ Орда мен Алтын Орда арасындағы күрес.

  2. Ақ Орданың күшейген кезі

  3. Ақ Орданың хандары.

  4. Ұрыс хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күресі.

Бекіту, қорытындылау.

Алтын Орда мен Ақ Орда

Ұқсастықтарын табу

Айырмашылықтарын табу


Бағалау.
Үйге тапсырма: § 23. Ақ Орда (оқып келу)
Ақ Орда хандарының кестесін жазып келу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет