Сабақтың тақырыбы:
|
Шайнек және жемістерден құралған натюрморт
|
Сабақтың үлгісі:
|
Аралас
|
Сабақтың түрі:
|
Қарап салу
|
Сабақтың мақсаты:
|
Затқа қарап сурет салуды үйрену
|
Сабақтың міндеті:
|
«Натюрморт» туралы түсінік беру;
А.Ғ.Ғалымбаеваның өмірі және шығармашылығымен таныстыру;
Натюрморт кезеңдерін салуға үйрету;
Ептілік пен зейінділікке тәрбиелеу;
Әсемдік сезіміне баулу.
|
жабдықталуы:
|
Компьютер, тақта, мм-проектор, презентация мата, жемістер,шайнек, қағаз, қарындаштар, өшіргіш.
|
Сабақ жоспары.
Ұйымдастыру (1 мин);
Сабақ тақырыбының көрінісі (1 мин);
Кіріспе әңгіме (10 мин);
Бекітілуі (5 мин);
Балалардың өздік жұмыстары (20 мин);
Жұмыс қорытындысы (1 мин)
Жұмыс көрмесі (2 мин);
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
Балалардың сабаққа дайындығы мен қажетті жабдықтармен қамтылуын тексеру.
Сабақ тақырыбының көрінісі.
1.Слайд Балалар, экранға назар аударайық. Сабағымыздың тақырыбы қалай аталады ? (Натюрморт). Бүгін біз шайнек, лимон, алмадан құралған натюрморт салуға үйреніміз. Жұмыс екі сабаққа арналған. Бүгінгі сабақтағы біздің міндетіміз сурет құрастыру және заттардың орналасуы мен пішінін белгілеу. Келесі сабақта сіздер бояумен суретіңізді аяқтайсыздар.
3. Кіріспе әңгіме.
Натюрморт дегеніміз не? (балалар жауабы). Сіздерге Гладковтың «Натюрморт туралы» әні таныс болса, тыңдап көрейік. (2 Слайд.)
Әрине, натюрмортты анықтау ғылым емес. Натюрморт – бұл…(3 Слайд). Натюрморттың тура аудармасы «өлі табиғат» бірақ, қараңыз онда қаншама тіршілік бар.( 4-6 Слайд). Суретті талқылау. (Суретте не бейнеленген? Суретші кім? Түстері қандай?)Балалар мен сіздерге тамаша суретші А.Ғ.Ғалымбаеваны таныстырғым келеді. А.Ғ.Ғалымбаева 1917 жылы 29 желтоқсанда Алматыға таяу жердегі Есік ауылында туған. 1943 жылы Алматы көркемөнер училищесін бітірген соң, ол 1949 жылы бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтында суретші-көркемдеуші мамандығын алып шығады. А.Ғ.Ғалымбаева шығармашылығында әр түрлі сюжетке құралған тақырыптық суреттер айрықша орын алады.
А.Ғ.Ғалымбаева өз шығармашылығында тұрмыс заттарын, ыдыс-аяқ, гүлдерді бейнелеуге селқос қарамайды. Суретшінің өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі әдемі де сұлу натюрморттарынан көрінеді. Ол бұл жанрдан да сарқылмас шабыт көзін тапқан. Оның «Дастарқан», «Қызыл апорт», «Сары гүлдер», «Көне керамика», «Қызыл шайнек», «Аяққап» натюрморттарында заттардың материалдық ерекшеліктері баса көрсетілген. Күнделікті қарапайым заттар натюрморттарда маңызды сипатқа ие. Айша заттардың «жанын» сұлулығын түсінетін дарынды суретші.
Натюрморт жұмысына кіріселік. Балалар, сурет салуды бастайық? (…) Альбом парағын қалай орналастырамыз? (тігінен,көлденеңінен ). Парақ пішіні мен натюрморт шекарасы, көру нүктесі анықталғаннан кейін сурет салуды бастаймыз.
Сурет салу барысында сіздерде қалыптасқан ойларыңызды бұзып алмау үшін, суретті жеке бір заттан бастап содан кейін біртіндеп қалған бөлігін салсақ, бұл жағдайда заттардың салыстырмалы өлшемдері бұзылады және суретіміз тым үлкен немесе кішірейіп кетуі мүмкін.
Суретті барлық заттар тобының нобайын тұтастырып (үйлестіріп) салудан бастаймыз, оны қағаз бетіне орын-орнымен орналастырып, жіңішке сызықтармен барлық натюрмортты белгілеп аламыз да әр заттың орнын нақтылаймыз. Бұл жұмыста сіздерге ара-қатынас өлшемдерін анықтау қажет, ол көзбен шолу арқылы жасалады.(мысалы біздің натюрмортта не үлкен? неше рет кішкентай зат үлкен заттың ішіне сияды ). Содан кейін әр заттың биіктігін белгілейміз және оларды қарапайым геометриялық пішіндерге орналастырамыз. Шайнекті қандай пішінге орналастыруға болады? (тік төртбұрыш). Алманы ше? (шаршыға). Лимонды ше? (шаршыға). Ара-қатынас өлшемдерін тағы бір тексереміз содан кейін әр затты салуға болады. Ең күрделісінен бастайық. Біздің натюрмортымызда қандай затты салу ең қиын? (шайнек). Оның пішіні қандай? (цилиндірлі) Барлық натюрморттың шекарасы белгілі болғаннан кейін әр заттың орнымен өлшемін табамыз, көзбен шолу арқылы шайнектің биіктігін және енін анықтаймыз. Тік төртбұрыш салып, сол тік төртбұрыштың табанына және төбесіне сопақшаны саламыз, ҰМЫТПАҢЫЗ! Сопақшаның үстіңгі шетін көзбен шалғанда таяз көрінеді. Бұны сурет салғанда есте сақтаңыз. Табаны мен төбесін белгілегеннен кейін, шүмегі мен құлағын салуға болады. Тағы бір көзбен шалып шайнектің осы бөліктерінің салыстырмалы өлшемдерін анықтап көрейік. Құлағы жобалап алғанда заттың ұзындығының жартысына тең. Шүмегі үштен бір бөлігіне тең. Шайнекті салып болғасын қарапайым заттарға көшеміз. Одан кейін жазықтық сызығын белгілейміз. Керек болса матамен қаптап перделейміз.
4.Бекітілуі
Сонымен, натюрморт салуды неден бастаймыз? (Барлық композицияны белгілейік)оны көп бұрышқа енгізейік. Содан соң? Заттарды қарапайым геометриялық пішіндерге енгізейік. Қандай заттың пішінін бастап саламыз? (ең күрделісінен-шайнектен). Шайнектің қай бөлігінен бастаймыз? (табаны мен төбесінің сопақшаларын) ары қарай не істейміз (лимон, алма және жазықтық сызығын саламыз) жұмысқа кірісеміз
Оқушылардың өздік жұмысы.
Жұмыс қорытындысы.
Не салып үйрендік?
Қандай суретшімен таныстық?
Қандай шығармалары ұнады?
Көрме.
Баға
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы Дәуіт ауылы
Бейнелеу өнері
Тақырып: «Шайнек, алма және лимоннан құралған натюрморт»
Дәуіт- 2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |