Әдептілік адам көркі
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға әдептілік, мәдениеттілік, әдемілікті көріністер арқылы түсіндіру;
ә) есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық-ізденімпаздық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын дамыту;
б) сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауға, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сахналық көріністер, шығармашылық сабақ
Көрнекілігі: қабырға газеттері, шарлар, гүлдер.
Барысы: Ұйымдастыру
Оқушы шығарма жазуға дйындалады
Көріністер
Әдептілік жайлы даналық сөздер
Әндер
Қорытынды
«Әдепті бала-арлы бала» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған екен ғой. Қоғамдық ортада өзімізді ұстауды білу де, үлкендерді сыйлап, оларға құрмет көрсету де, тіпті жайшылықта мән бере қоймайтынымыз, сәлемдесудің өзі де бізден әдептілікті, сыпайылық пен ақылдылықты талап етеді екен ғой.
Қазір 7 сыныбының оқушылары «Әдептілік-адам көркі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтіп жатыр дейді.
Жүргізуші:Құрметті,ұстаздар,оқушылар! Назарларыңызға сыныбымыздың «Әдептілік-адам көркі»тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.
Әдептілік-дегеніміз ар-ұяттың белгісі,адамдық қасиеттердің көрінісі,адам мінез-құлқының көрінісі десек, адамның кісілік қасиеттері, мінез құлықтары жайлы ұлы адамдардың сөздерін тыңдап көрейік.
1.Абай атамыз мінез жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»деген екен.
2.Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсір әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады»деген екен.
3.Ұлы ойшыл Демокрит «Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес,пікір-пиғылынан да көрінеді»депті.Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесін іс-әрекетінде көрініс тауып жатады дегені болса керек.
4. «Адамдағы ынсап, әділет, мейрім-үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады»деген Шәкәрім сөзі ар-ұжданның ұялу ғана емес, мейрімділік пен адамдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін танытса керек.
5. Адамгершілік- адамның ішкі рухани байлығы.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа»
Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі.Қазақ халқының өмірінде үлкенді сыйлау ұлтық дәстүрге айналған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу әрбір жастың парызы болып табылады. Ата- бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.
6.«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар:барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнненн бастап тәрбиелейді»дейді Шәкәрім.
7.Өтебай Тұрманжанов «Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарын сан саласына;
-Ей,балам,шамаң келсе жақсылық ек,
Ақ пейіл адамзаттың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына бүреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмас-ты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
8) Болашақ !О, болашақ!Сен қандайсың?
Жұлдыз болып алыста жанғандайсың.
Көп ойлар жатыр көкейімде,
Жайқалған жапырағы ормандайсың.
Болашақ!О, болашақ!Сен қандайсың?
Жетсем деп асықтырған армандайсың,
Болашаққа жеткізер ұлы жолдың
Өз үйіңнен басталарын ұғынғайсың!
Жүргізуші:Балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп»мысалы (көрініс).
Жүргізуші: Халқыңның әдет салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән күй,би! Назарларыңызға жігіттердің «Көроғлы» биін ұсынамыз.
Жүргізуші: Қазақстан көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы көгімізде мәңгі желбіресін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Әдептілік – әдемілік (тәрбие сағаты)
«Әдептілік – әдемілік» тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
4. Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.
Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны
Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек. Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір күқықтарының шектелгендіктерін алға тартады.
Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады.Ал, адамды жақсы ететін — әдеп.
Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады.
Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің әдепсіз түлға болуын каласын?
Әдеп төрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.
Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.
Тақырыбы: « Жасөспірім және заң» дөңгелек үстел.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик,қанатты сөздер
Барысы:
І .Құқық туралы жалпы түсінік
ІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
ІІI. Мен заңды қаншалықты білемін?
ІV. Заңсыз арал
V.«Қызыл,сары-көк ауыл» ойыны
VI. Қылмыскер бала қайдан шығады?
VII. Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І. Құқық туралы түсінік
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
IІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
2. Кім қалай бұзды ?
3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?
ІІІ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді
ІV.“Заңсыз арал”
- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.
V.“Қызыл, сары, көк ауыл” ойыны
Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір- бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?
VI.“Қылмыскер бала қайдан шығады?”
VII. Қорытынды.
Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат"
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Ой шақыру
3. "Абай дара, Абай дана қазақта"
4. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
7."Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
8. "Тура биде туған жоқ"
9."Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы
10.Қорытынды
Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінейік
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше , өйткені ауданымыздың мектептерінен мұғалімдер келіп отыр
-Балалар, осы ағымдағы 2015 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Олар қандай атаулы күндер?
-Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары ассемблеясының 20 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдық мерейтойы.
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
1-жүргізуші: Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады
II. Ой шақыру (әр топ өздері таңдаған сурет тақырыбына қатысты 4 жол тақпақ айтады)
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін
Қыс- 1-топ Күз-2-топ Жазғытұры-3-топ
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Мұғалім: тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?
(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)
IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз
білеміз.
1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
2-жүргізуші: Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы
1-жүргізуші: Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау )
Мағынаны тану, талдау
Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?
Екінші топ ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
"Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?
Абай – ойшыл.
V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
1-жүргізуші:- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
1- оқушы: Жаз
2- оқушы: Күз
3- оқушы: Қыс
4- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар»
5- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»
6- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
7-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
8- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
9-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»
10-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»
11-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
1-жүргізуші:-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген
1-жүргізуші:-Енді Абайдың табиғатты бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" әнін Гаухардың орындауында тыңдайық.
Абай ақын
VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
2-жүргізуші:Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті.
2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.
3. Батыс Еуропа мәдениеті.
1-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
Аяужанның орындауында "Көзімнің қарасы"
2-жүргізуші:- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.
1-жүргізуші:- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.
2-жүргізуші:- Ендеше "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің тарихымен таныса отырыңыздар
Ұлдардың орындауында "Айттым сәлем, Қаламқас"
Бұл әннің тарихын тыңдай отырып, басқа да әндерін тыңдай отырып Абайды тағы да қай қырынан көреміз?
Абай – сазгер.
VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
1-жүргізуші:Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы" деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып" өлеңі жазылған
Енді осы өлеңді қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілінде тыңдайық
2-жүргізуші:- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
1-жүргізуші:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Енді осы" қарға мен түлкі " мысалын тамашалаңыздар
.......................................................................................................
2-жүргізуші:- Осы мысалды тамашалай отырып қандай ой түйдіңдер?
1-жүргізуші:- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы
VIII.Тура биде туған жоқ
2-жүргізуші: Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар
IX. 2-жүргізуші: "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей оқушылар шығармашылығына кезек берейік
1-топ:Абайша жырлау 2-топ: Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері
3-топ: Эссе, ойтолғау жазу " Әлемнің Абайы"
«Әлемнің Абайы» өлеңі
1-жүргізуші: Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
2-жүргізуші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
1-жүргізуші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
2-жүргізуші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
1-жүргізуші: Ақылменен дана болған
Бірге: Бүкіл елдің Абайы
"Әлемге танылған Абай" атты суреттер жинақтамасымен таныстыру
Сіз не дейсіз? ( Әр топтан 1 оқушыдан Абай туралы сұрақтарға жауап береді)
1-жүргізуші: Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.
2-жүргізуші: Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың қалдырған із ешқашанда өшпек емес.
1-жүргізуші: Гаухар мен Аяужанның орындауында " Бабалардың ізін көрем" әні
Кері байланыс
Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ –– бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
- Осымен сабағымыз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын
Достарыңызбен бөлісу: |