Сабақтың мақсаты : Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, құстар туралы білімдерін толықтыру



Дата06.07.2018
өлшемі493,65 Kb.
#48192
түріСабақ
Наренова Оңай

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Құстар біздің досымыз

Пәні: Қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, құстар туралы білімдерін толықтыру.

2. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3. Құстарды күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: құстардың суреті, қауырсындар, слайд.

Күтілетін нәтиже: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымынын қалыптасуы.

Сөздік жұмыс: қарлығаш,тоқылдақ, балапан, торғай.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық
       Келді көктем қоңыр салқын желімен,
            Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
            Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
            Келді көктем әдемі құс үнімен.

2. Өткен сабақты пысықтау.

- Ғарыш дегеніміз не ?

- Ғарышкер дегеніміз кім ? - Қазақ ғарышкер ағаларымыздың есімдерін кім біледі?

Балалардың жауаптары.



3. Қызығушылықтарын ояту

 - Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы.

- Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады,құстар қайтып оралады, т.б.         


Мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
        Шарлап келіп даланы,
        Үйіме, үйін салады.        (Қарлығаш)
Су бетін жүзіп
        Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
 Тақылдатып, мазаны ап,
        Ағаштарды тазалап,
        Ормандарды емдейді, зиянкесті тазалар.        (Тоқылдақ)
ІІ. Жаңа сабақ

- Құстар біздің досымыз.


- Құстар жануарлардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Олардың табиғатта 9 мыңнан астам түрі бар. Соның ішінде Қазақстанда 500-ге тарта құстың түрлері бар. Оның ішінде «Қызыл кітапқа» құстардың 49 түрі қорғау енгізілді. Тіршілік ету әрекеттері әр түрлі,олар табиғат сақшылары. Құстардың пайдасы өте көп. Сонымен қатар құстар 2 топқа бөлінеді. Олар : үй құстары, жабайы құстар. -  Балалар, қане өзіміз білетін құстардың аттарын атайықшы.
-Біз көктемде көп құстардың ұшып келетінін білеміз. Оларды «жыл құстары» деп атаймыз. Құстар бау-бақшаны зиянды құрт-құмырсқадан қорғайды. Осыған байланысты адамдарда құстарға қамқорлық жасайды. Құстарға ұя жасау, тамақтандыру, жем шашу, т.б.
Оқулықпен жұмыс

С.Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру   - Осы құстар нені қорғайды?


  - Ағаштарды.    - Ағаштар не үшін керек? 
  - таза ауа шығарады.   - Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды).

Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

Дәптермен жұмыс

Құстар туралы мақалдарды оқып мағынасын ашу.

Тырна көлге қонады, Ара гүлге қонады.

Қыран құс құз-қиянын сағалайды, Болар бала ізгі істі сағалайды.



Құстар туралы ырым сөздер;
 Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
     -  Жоғары ұшса күн жылы болады.
-  Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

- Шымшық қыста ұя салса, қыс қатты болады.


- Көктемде қаздар қайтқанда, жоғары ұшса су тасқыны болады.
    -Құстар-достар. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
 Құстар туралы тыйым сөздер :
- Құсқа тас лақтырма.
- Құстардың жұмыртқасын жарма.
- Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.
- Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың.         
«Математикалық есеп» ойыны
Шарты: 2 үйрек ұшып бара жатыр, оған 3 үйрек келіп қосылды. Барлығы қанша болды? (5 үйрек)
Барлығы 4 көгершін, 2-еуі ұшып кетті. Неше көгершін қалды? (2)
3 аққу ұшып бара жатыр, оларға тағы 3 аққу келіп қосылды. Барлығы қанша болды? (6)
Шығармашылық жұмыс. «Сен не істер едің?»Жағдаяттардан шығу.

Әр түрлі жағдаяттағы суреттер көрсету. Сол суреттердің мазмұнын ашу.

ІІІ. Қорытындылау. - Қандай құстар адамға жақын жүреді? - Құстар немен қоректенеді?
Құс досымыз қорғаймыз біз
Сүп-сүйкімді сүйеміз торғайды біз
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен
Қанатты туысқанды қолдаймыз біз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет