Сабақтың мақсаты : Күйші композиторлардың шығармашылығына тоқталу, таныстыру, таныту



Дата26.08.2017
өлшемі37,28 Kb.
#29025
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Күй шебері -Тәттімбет

Сабақтың мақсаты: Күйші композиторлардың

шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін

арттыру.



Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген

ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты

айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту

қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.



Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы халық

музыканың тәрбиелік мәнін

тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.



Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру

Музыка тыңдау

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

-Балалар саламатсыңдарма!

-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Күй шебері Тәттімбет.

Қазақтың кең даласы, жазық жайлауы талай ақындар мен сал-серілерге, әншілер мен күйшілерге ән болып ағылып, жыр болып төгілген. Сары арқа, Сары жайлау, Сары дала деп туған жер мен атамекенге теңеу айтып толғаумен болған. Ақын Жұмекен Нәжімеденов шертпе күйдің шебері атақты Тәттімбет күйшінің «Сарыжайлау» күйін тыңдап отырып жыр жолдарын төгілте жөнеледі:

Күй сөйледі – тынды бәрі,

Соқты теңіз көлкіп жарға.

Жапырақтың сыбдырлары,

Араласты толқындарға.

Жата кетті бар дүние,

Иегін сүйеп домбыраға...

Иә, күй сазын ақын сұлу сөзбен өрнектейді. Сары даланы сазбен тербеген Тәттімбеттің күйі шертілгенде жер дүние, тіршілік тына қалып күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады. Тәттімбеттің атағы бүкіл қазақ халқына жайылған кез болатын. Ол ел аралап алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып қайтып келе жатқан сапарында бір ауылда айтысып жатқан екі ақынның үстінен түседі. Сонда ақынның бірі тұрып: «Бұл дүниеде не өлмейді» дегенде, екіншісі: «өлмейтін тау, су, ай, күн, жер»,-дейді. Екінші ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деген екен. Айтысып отырған ақынның екеуі бірдей тұрып Тәттімбеттің қолын алады. Екі ақын келген жолаушының Тәттімбет екенін білгеннен кейін біраз аялдап қонақ болып кетуін сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Елден ұзап шыққаныма көп болып еді. Елім мен жерімді аңсап сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - деп рұқсат сұрап көп аялдамай жол жүріп кетеді. Тәттімбет көп кідірмей өз еліне де жетеді. Бір төбенің басына шығып, қолына домбырасын алып өзінің Малайсары жайлауына арнап күй шығарады. Ол күй «Сарыжайлау» деген атпен ел арасына таралып кетеді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің «Сарыжайлау» атты өлеңінде күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын жалғай түседі:

Жайлау – сары, жалқын гүлі,

Сары даламен сыңсып ақты.

Көлеңкенің салқындығы,

Жылылығы күншуақтың;

Жапырақтың сарғайғаны,

Күзгі құстың сайрағаны

Жылқышы әні шалғайдағы,

Үйде қазан қайнағаны,

Қосылды да бәрі,бәрі,

Исі, түсі күйге сіңген,

Жыр жолы да ағылады,

Күй секілді үйлесіммен...

Күй тыңдайық:

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірінің орындауында

Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдап көрелік!

Біліп ал!

Тәттімбет Қазанғапұлы – (1815-1862) күйші-композитор. Қарағанды облысы, Егінді бұлақ ауданында дүниеге келген. Арқа өңіріндегі шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Алғашқы домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Анасы Ақбөпе де өнерге жастайынан баулып өсіреді. Тәттімбеттің 40-тан астам күйлері бар. «Қосбасар», «Сары жайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ», «Бес төре» т.б. көптеген күйлері ел арасына кеңінен таралған.

Күй орныдалу техникасына қарай екіге бөлінеді.Төкпе күй және шертпе күй болып.

(Орындап беру)

Тәттімбеттің «Саржайлау»,Құрманғазының «Бұқтым-бұқтым» күйлерінен үзінді ойнап қайсыссы төкпе және шертпе екенін ажырату.

Сұрақтар:

1. Тәттімбетті неге «шертпе күй шебері» деп атайды?

2. Тәттімбеттің басқа да қандай күйлерін білесің?

Тапсырма:

1. «Шерпе күй шебері» тақырыбын оқып кел.



2. Домбырада оң қол мен сол қолдың орналасуын көрсет.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет