Сабақтың тақырыбы: Абайдың әндерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты : Оқушыға әдебиетпен музыканың бір –бірімен байланысын ұғындыру.
Білімділігі : Абай Құнанбаев шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру,түсіндіру.
Дамытушылығы :Абай әндерін ойнай отырып , аспапта шебер ойнау дағдысын қалыптастыру .
Тәрбиелігі : Әсемдікке,ұқыптылыққа,талғампаздыққа тәрбиелеуге.
Сабақтың типі: Музыкамен, әдеби жанрды байланыстыра меңгеру.
Сабақтың әдісі: Абай Құнанбаевтың суреті, нақыл сөздері, жазылған плакат.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3.Актуалдау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сергіту сәті.
6. Қорытындылау.
7. Бағалау.
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
а) Қол жүргізу мақсатында B-dur гаммасын ойнату
б)Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жагасында» әнін жатқа ойнау.
3. Актуалдау .
Мұғалімнің сөзі: «Арыс жағасында» әнінде кездесетін легато штрихы және кездесетін динамикалық белгілер , жаңа сабақтағы «Айттым салем Қаламқас» әнінде де кездеседі. Осы екі әннің авторларының шығармашылық ерекшеліктерін қысқаша түсіндіремін.
Ш. Қалдаяқов кім?
Екі ақынның қандай әндерін білесің?
А.Құнанбаев кім?
4. Жаңа сабақ:
Сабағымыздың тақырыбы «Абайдың әндерімен жұмыс»- болғандықтан ұлы ақын
Абай Құнанбаев туралы қысқаша мағлұмат бере кетемін.
Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға,туындылары ұрпақтан ұрпаққа өшпес мирас болып келе жатқан асыл мура.Абай тек қана акын емес, сонымен бірге музыкант,қазақтың халық музыкасын терең білген,жете бағалаған адам.
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүздің Тобықты Арғын ішіндегі Олжабайы. Болашақ ақын жастайынан кең пейілді ел анасы атанған әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегісін естіп,анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.Әкесі Құнанбай болыс болған.Абай әке қасында болған жылдары би болыстардың қулық сұмдықтарын,әлеуметтік теңсіздікті аштық пен жалаңаштықты кері тартпа саясаттың зардабын айқын түсініп наразы болып көп күреседі.Ол өз әкесінің қаталдығы мен әділетсіздігіне шыдай алмай жиырма сегіз жасында әкеден мүлдем қол үзіп бөлек кетеді .Сол кездері Абай өлеңдерін біреудің атынан жазып шығарып жүреді.Ол отыз беске келгенде ғана шығармашылыққа түбігейлі өмірін арнап,өз атынан жаза бастады.Оның ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы.Ол өлең,шығарма,лирикалық әндер,ария поэма қара сөздер жазумен қатар,орыс халықының ұлы ақындарының өлеңдерін аударып қазақ әдебиетіне бірталай дүниелер енгізді.
Абай шығармалары өлеңдері поэмалар арқылы сол кездегі қоғамның қайшылықтарын,би болыстардың әділетсіздіктерін,қарапайым надан халықтың сол кездегі тұрмыс тіршілігін сипаттап отырды.Ол қара сөздері арқылы тәлім тәрбиеге,ізеттілік пен ізгілікке,болашақты жарқын болашаққа шақырды.Ол бірқатар мелодиялар шығарды.Мелодиялары,әндері арқылы заман зарын,тағдыр тәркегін,ішкі тебіреніс,махаббат,табиғат анаға деген сүйіспеншілігін жеткізді. Осындай өлеңдерінің бір екеуін бүгінгі сабағымызда өтеміз.
Бірінші «Айттым сәлем Қаламқас»әніне тоқталар болсақ бұл әнде Абай, қыз бен жігіт арасындағы махаббат сезімін суреттейді.
Жігіт сөзі: Айттым сәлем Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзден ыстық жас .
Сеннен артық жан тумас
Туса туар артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайрылмас
Көрмесем де көрсем де
Көңілім сеннен айрылмас
Көзім жатқа қарамас
Жатта маған жарамас
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас
Жүрек балқып игенде
Ішкі сырды түйгенде
Іздеп табар сұңқармын
Жарастықты сүйетін .
Қылығыңда жоқ оғат
Қарап тоймай жүз қабат
Ыстық тартып барасың ,
Бір сағаттан бір сағат
Қыз сөзі: Қиыстырып мақтайсың
Ойласаң не таппайсың
Бізде ерік жоқ өзің біл
Әлде неге бастайсың
Бізде әркімді байқаймыз
Тап бергеннен тайқаймыз
Сіздей ақыл кең болса
Қайтіп басты шайқаймыз
Ақылыңа сөзің сай
Сіз жалын шоқ біз бір май
Ыстық сөзің кірді ішке
Май тұра ма шыжымай
Мұны оқыса кім танып
Жүрегіне от жанып
Сөзді ұғарлық жан тапса
Айтса жарар ән салып.
Енді осы «Айттым сәлем Қаламқас» әнін аспапта орындап беремін .Ән e –moll тональностінде 2/4 өлшемде орындалады. Әнде кездесетін қиыншылықтары мен динамикалық белгілерін түсіндіріп әнді саусақ тербелісімен ойнау керектігін,осы тербеліс тек ұзақ ноталарда ғана беру керектігін айтып, mf ,mp белгілерін анық көрсетуін түсіндіріп, нотаға қарап ,санап ойнатамын. Я, бұл ән адамның бір-біріне деген сүйіспеншілікті баяндаса, келесі әніміз ақынның табиғатқа деген махаббатын баяндайды.
Енді Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» атты әніне тоқталамыз.
Бұл әнде әсем табиғаттың ,тылсым құбылыстары бейнеленген .
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен гүрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырып ән қосып
Үрген итпен айтаққа
Келмеппе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа
Осы әнді өзім ойнап беріп ән алдыңғы ән сияқты d-moll тональностінде жазылған оқушыға түсіндіріп,динамикалық белгілері мен ойнау керектігін дыбыс әсемдігіне көңіл бөлу керектігін ,оқушыға түсіндіре отырып,нотаға қарап санап ойнатамын.
4.Сергіту сәті: Осы «Айттым сәлем Қаламқас» әнін күйсандықтың сүйемелдеуімен ойнап оқушыға тыңдату.
5. Бекіту: Екі әннің бір-бірінен ерекшелігі қандай?
Екеуіде махаббат тақырыбындағы лирикалық ән.Бірінші адамның бір-біріне деген махаббаты болса,екіншісі табиғатқа деген махабаты.
«Желсіз түнде жарық ай» .
«Айттым сәлем Қаламқас»
6. Қортындылау:
1.Абайдың қандай әндерін білесің ?
2. «Айттым сәлем Қаламқас» әнінде қандай динамикалық белгілер бар?
3.»Желсіз түнде жарық ай» әні қай тональносте?
6.Үйге тапсырма : «Айттым сәлем Қаламқас» әнін , «Желсіз түнде жарық ай» әнін берілген жерге дейін санап ойнап келу
7. Бағалау :
Өте жақсы
Жақсы
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі
Ашық сабақ:
Абайдың әндерімен жұмыс
Өткізген : Алданова Г.Қ.
Шалқар қаласы 2015
Достарыңызбен бөлісу: |