5.Шығармашылық жұмыс
Баяу музыка әуенімен оқушылар конвертке салынған тапсырма бойынша шығармашылық жұмыс орындап қорғайды:
Тапсырма: 1- тапсырма.
Балалардың алдында бақыт үйіне лайық етіп қаланатын шаңырақ жарастығы атты үйдің макеттін жасау.
Әр топ мүшелері жұмыстарын қорғайды.
Жанұядағы сүйіспеншілікке қатысты үш ой жазу керек, яғни жанұя бақыты, берекесі, қарым-қатынасы неде екенін жазу тапсырылады. Қандай сөздер арқылы шаңырақтың жарастығы көрінеді. Шаңырағы биік, босағасы берік болады. Осыған байланысты сөздерді жазып шаңырақ құру.
Оюлар арқылы оқушылар «отбасыма ризашылығым» деген ойларын жазу арқылы, өздері жасаған үйдің жан-жағын безендіру. Ата-аналарына деген жылы лебіздерін жазады.
Міне, балалар, біз сендермен сыластыққа толы, сүйіспеншілігі мол «Бақытты отбасы» шаңырағын жасадық, шаңырақта көңілді де, қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өзіміздің қолымызда екенің ұмытпауымыз керек.
Сабақта қатысып отырған ұстаздарға «Хат жолдау» атты психологиялық уақыт.(тренинг)
Түрлі-түстер арқылы адамның мінез-құлқын тануға болатынын да алға тартады. Сонымен, сіздің мінезіңіз қандай, сізге қандай түстер ұнайды? Арнайы сіздерге дайындалған түрлі түсті конверттерді таңдаңыз. Көрсетілген түстердің сырына мән беріп, өзіңіздің түсіңізді таңдай біліңіз.
КӨК түс
Сіз зат пен оқиғаның мәніне жетіп, өзіңізде қалыптасқан пікірді айтады екенсіз. Егер қажет болса, бұл ойыңызды еш бүкпесіз, тіке айта аласыз. Сонымен бірге күрделі жағдайларда не істеуді білмей абдырып, сасқалақтамайды екенсіз. Сондықтан да, қиын сәттерде құрбыларыңыз, достарыңыз сізбен ақылдасу үшін жиі барады.
Көк түс сізге күнделікті шаршап-шалдығудан, басыңыздың қатуынан аулақ болуға көмектеседі. Сізге көкшілі бар киім кию де, жатын бөлмеңіздің қабырғасын көкшілмен бояп қою да ұнауға тиіс.
ЖАСЫЛ түс
Сіз аяғыңызбен нық тұрған жан екенсіз, сіздің әр нәрсеге жөнімен баруыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақын-жуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.
Сіз осы жақсы қасиеттеріңізді дамыта түсу үшін жасылы бар қағазды, жасыл түсті сабынды және жасыл түсті иіссуын пайдаланып жүргеніңіз жөн.
ҚЫЗЫЛ түс
Сізге алға ұмтылыс, ізденіс тән. Өміріңізде айналысатын ісіңіз бен шаруаңызда сіз бір мақсатты алға қойған болсаңыз, сол жолдан таймай алға ұмтылады екенсіз. Бірақ мұндай ұмтылыстың қиын жақтары да бар. Сол үшін қай мақсатты алға қойсаңыз да оның орындалуы мүмкін бе, жоқ па екенін ойлап алғаныңыз жөн. Өйтпесеңіз кей жағдайда қалт басып, сәтсіз қадам жасауыңыз мүмкін.
Өзіңіздің алғырлығыңызды, алға ұмтылғыштығыңызды білдіре жүру үшін киім-кешегіңізде қызыл түсті пайдаланып, тырнағыңызға қызыл түсті лак жаққаныңыз дұрыс болмақ.
КҮЛГІН түс
Көк пен қызылды бойына жинаған екі бояудың қосындысы. Күлгін түсті ұнататындар сенгіш, көнгіш келеді. Дегенмен, басшылық қабілеттері де жоқ емес. Алайда, ең шешуші сәтте тасада қалып қойғанды жақсы көреді. Бұл адамдар ұйықтар алдында бүгін қанша адамды күлдіргенін, ренжіткенін естеріне алып, жасаған іс-әрекеттерінің барлығына талдау жасап, қатесін мойындап отырады екен.
САРЫ түс
Сіздің өзіңіз-ақ күн сәулесісіз. Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүзіңізде үйірілетін күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады. Құрбыларыңызға сан жетпейді, ал еркектер сізге балға үймелеген арадай үйір екен. Жұмыс орнында бастығыңыз сізді бағалайды, ал сіз әріптестеріңізбен айқай-шуға бармай, жақсы қатынас орнатып жүресіз. Көп жан сіздің достығыңызды пайдалануға тырысады. Бірақ сіз іштей оларға деген өкпеңізді «ренжітіп алам» деп айтпай жүресіз. Сіз әркімде-ақ нашар көңіл-күй болатынын білетін кезіңіз жеткен сияқты. Сондықтан да өз мәселелелеріңізбен басқалармен бөлісіп, жүрегіңізге түскен ауыртпалықты жеңілдеткеніңіз абзал.
Ашық сары түсті көйлек кисеңіз, үйде сары түсті орамал, сарысы бар ыдыс-аяқ көңіл-күйіңізді көтере түспек.
Ашық КӨК түс
Басқалардың қажетіне қарай білуге талпынады. Ол адамға ізденгіштік, еңбекқорлық тән, ақылы мол болады.
Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүзіңізде үйірілетін күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады
ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ түс
Әнді жиірек тыңдағанды ұнатады және ол адамдар жанын жадырататын күндерді аңсайды екен. Қызғылт сары түсті жақсы көретіндер қызуқанды, белсенді болып келеді. Егер сіз қызғылт сары түсті бұйымдарды көп пайдаланатын болсаңыз, көп ұзамай өзіңіздің ұстамды, байсалды бола бастағаныңызды байқайсыз.
Ашық ҚЫЗЫЛ түс
Күш пен қызбалықтың белгісі. Ашық қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады. Арманыңызды іске асырғыңыз келсе, қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, ашық қызыл түсті таңдаңыз.
ҚАРА түс
Жұмбақ әрі құпиялыққа толы. Бұл түсті жақсы көретіндер жігер-қайратқа кенде емес, әділетсіздікке жаны қас жандар. Осындай мінездерінен бұл адамдар көпшілікке ұнай бермеуі мүмкін. Қара түсті қалаған адамдардың өмірі ағысқа қарсы тұрғанмен тең өтеді.
АҚ түс
Тазалық пен мүлтіксіз істердің нышаны. Әдетте, ақ түсті таңдайтын адамдар ұқыпты, әділетсіздікке жаны қас, сонымен бірге, талапшыл болып келеді. Пәктіктің белгісі болғандықтан, әлемнің барлық елдерінде дерлік қалыңдық көйлегі ақ түсті матадан тігіледі.
Ашық ЖАСЫЛ түс
Сіз аяғыңызбен нық тұрған жан екенсіз, сіздің әр нәрсеге жөнімен баруыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақын-жуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.
ҚОҢЫР түс
Әсершілдікті білдіреді. Дені сау, жігерлі адамдар бұл түсті онша жақтырмайды, ал оны жақсы көретіндер-әбден қажып, тынығуды қалаған жандар. Егер бұл түс ұнамаса, сізді жаттанды болған жағдайлар жалықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |