Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту, Астана қаласы туралы жалпы түсініктерін анықтау.
Міндеттері:
оқушыларды сауатты жазуға үйрету, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру;
сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету;
оқушыларды тақырып бойынша ізденіске баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, суретті көрнекіліктер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Сәлеметсіздерме балалар!Халдеріңіз қалай?
Көңіл-күйін көтеру үшін!
Менің халім тамаша!
Сіздікіде тамаша!
Сенің халін жақсы ма?
Барлығы да тамаша!
2-қонақтармен амандасу. Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді, олар мен амандасайық
1.Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Сондықтанда бәріміз ортаға шығайық біз сіздермен ияжәне жоқ ойынын ойнаймыз.Енді сандықшаның ішінен бір-бір билеттен аламыз.
( Оқушылардың еңбегін фишка мен бағалау)
Балалар бүгін сабағымызда күнделікті қолданатын сөздерді қайталайық
Қазір қазақ тілі сабағы ма?+
Қазір жыл мезгілі қыс па?-
Қазір қазан айы ма?+
Бүгін аптаның дүйсенбі күні ме?-
Қазақстанның астанасы Астана ма?+
Оқушылар өздерін тексереді.Енді өз орындарымызға отырамыз.
Жарайсындар,балалар сендер жақсы тапсырма орындадыңдар
Сабақта әдемі, дұрыс сөйлеу үшін сабағымызды фонетикалық жаттығудан бастайық
Фонетикалық жаттығу(На интер. Доске вопрос и позже – ответ)
1 слайд:Ә қандай дыбыс?
Ә дыбысынан басталатын қандай жаңылтпашты білесіңдер?
2 слайд:Қ қандай дыбыс?
Қ дыбысынан басталатын қандай жаңылтпашты білесіңдер?
3 слайд:Ү қандай дыбыс?
Ү дыбысынан басталатын қандай жаңылтпашты білесіңдер?
4 слайд:Ө қандай дыбыс?
Ө дыбысынан басталатын қандай жаңылтпашты білесіңдер?
5 слайд:
Балалар, бәріміз тақтаға қарайық. Мынау ненің суреті (Астана).
Астана қандай қала?
Астана қаласында нелер бар?
Балалар! Астана туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ендеше балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыздың Астана.
Ал енді балалар Астана қаласына саяхат жасаймыз.
6 слайд: Мектеп
7 слайд: Саябақ
8 слайд: Думан орталығы
9слайд: Театр
10 слайд: Музей
Ең алдымен сабақтың жаңа сөздерімен танысамыз.
11 слайд: Жаңа сөздер: ( мұғалім өзі қазақша оқиды, топ оқушылары бір –бірден оқиды,
І топ, ІІ топ хормен жеке – жеке оқиды , дәптерге жазу)
Саябақ-Парк
Мұражай-Музей
Думан орталығы-Развлекательный центр
Демалыс күні-выходной день
Барамын-пойду
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
Әдемі саябақ,үлкен мұражай, думан орталығы бар,Астанаға барамын.
3. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.
ІІ. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Астана»
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Балалар, дәптерлеріңді ашып , бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар.
1 Тапсырма. Мәтінімен жұмыс (мәнерлеп оқу, аударма) Оқушыларға мәтін тар.
Мынау – Астана қаласы. Астана – үлкен, әдемі қала. Астанада музейлер, саябақтар, театрлар, мектептер де бар. Астанада «Думан» орталығы бар. Мен демалыс күні «Думанға» барамын.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру:
12 слайд: * Сергіту сәті. Қызыл өрік
1.Астана қандай қала?
2.Асатана қаласында нелер бар?
«Жіктік жалғау еліне» саяхат жасаймыз!(қоржыннан сөздерді аламыз)
Балалар, жіктік жалғауын еске түсірейік. Жіктік жалғауы қалай жасалады?
Кім айтады?
Жіктік жалғауында қандай есімдіктерді қолданамыз? (Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар)
І топ « бару» сөзін жіктейсіңдер ІІ топ «Тұру» сөзін жіктейсіңдер.
13 слайд. «Сөздер сөйлейді»
Сөздерден сөйлемдер құрап жазыңдар.
Барамын, Астанаға , мен.
мектептер, бар, саябақтар , театрлар, мұражайлар, Астанада.
«Думан» орталығы бар.
14 слайд. Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |