Тақырыбы: «Ана» Баубек Бұлқышев
Сабақтың мақсаты:
1. Шығарманың тақырыбын ашу,талдау жұмыстарын жүргізу,мазмұнын меңгерту.
2.Оқушылардың көркем сөзді,көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу,соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру,шығармашылық ізденіске баулу.
3.Бала бойына ананы сыйлау.құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Көрнекілігі: Суреттер,мәтін мазмұнына сай сызбалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың жүру барысы: 1 Психологиялық дайындық
-Күнге қолдарыңды созыңдар!Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,сипалайды жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ,ұстай қаламын,
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Үстел үстіндегі түстерді таңдай отырып,оқушылар топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
О.Бөкей «Апамның астауы»
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Шығармадан үзінді жаттау,өз аналарына портреттік суреттеме мен мінездік суреттеме жазу.
-Мәтін мазмұны бойынща сұрақтарға жауап алу.
-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
-Жазушының ілтипатпен,ыстық сезіммен еске алып отырған кім?
-Шығармадағы негізгі ой не?
3. Оқушылардың өз аналарына жазып әкелген портреттік суреттемелерімен мінездік суреттемелері оқылады.
ІІІ Жаңа сабақ
-Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрқайсың өз аналарың жайлы жылы лебіз,жақсы-жақсы ой толғап келіпсіздер.Бүгінгі сабағымызда ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз.Жалпы ана атаулыға тән,бәріміздің анамызға ортақ оның бойындағы ізгі қасиеттері мен ананың құдіретін әсем де әсерлі жолдармен суреттелген оқулығымызда тамаша шығарма берілген.Ол Баубек Бұлқышевтың «Ана» деп аталған шығармасы.
ІҮ Дәптермен жұмыс
(Күннің жадын,тақырыпты жазу)
Ү Автордың өмірбаяны
1916 жылы Қарағанды облысы Жезді ауылында туды. 1944 жылы Украмнада қайтыс болды. Өте білімді сауатты автордың «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар» шығармалары орыс,қазақ тілдерінде шықты.Ұлы Отан соғысына қатысқан аға лейтенант.
ҮІ мәтінді мұғалімнің жатқа оқуы.
-Ал қазір «Ана» шығармасының мазмұнымен танысайық. (мәтінді оқып жатқа кезде «Көңіл толқыны»әуені ойналып тұрады)
ҮІІ Мәтінді оқушылардың тізбектей оқуы
ҮІІІ Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу
-Мәтін көркем шығарманың қай түріне жатады?
-Проза,әңгіме
-Мәтінде кім жайлы айтылған?
-Ана туралы
-Мәтіннің негізгі идеясы не?
-Ананың балаға деген шексіз махаббаты
Мәтінде ананы неге теңейді,қандай теңеу бар?
-Теңізге,өйткені теңіз терең,сол сияқты ананың тілі, тілегі, махаббаты шексіз.
-Ал сіздер, ананың тілі,тілегі махаббатын неге теңер едіңіздер және осы тіркестерді қалай түсінесіздер?
І топ «Ананың тілі»
ІІ топ «Ананың тілегі»
ІІІ топ «Ананың махаббаты»
Оқушылардың жұмыстары талданады
-Ананы қай езден бастап іздейсің?
-Жылап,уанбай шырылдағанда кімді іздейсің?
-Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?
- Дүниеде не қымбат?
-Ана неден қымбат?
Бұны қалай түсінеміз? Бәрі ұғымына не кіреді?
-Ананың аяулы алақанына,мейіріміне тең келер нәрсе жоқ.Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де үлкен.
-Анаға деген махаббат қай күннен басталады?
-Құндақта жатқан кезден
Құндақ –жөргек,нәрестелік шақ
-Мәтінде «Ананың жолы»туралы не делінген?
-Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?
1. «Толқымайтын жүрек» тіркесіне үңілейік
-Адам жүрегі қай кезде толқиды?
2«Тасымайтын қан» тіркесін қалай түсінесіңдер?
3. «Сезбейтін сезім» тіркесіне үңілейік
ІХ Талдау аяқталғаннан кейін оқушының ой толғанысы ұйымдастырылып,үй тапсырмасы мен жаңа тақырыптың арасындағы ұқсастық Венн көрсету.
Ортақ тақырып
О.Бөкей Б.Бұлқышев
«Апамның астауы» Ана, «Ана»
Ананың махаббаты,
Жанашырлығы,
Қамқорлығы,
Авторлар толған баяндайды
Х Шығармашылық тапсырма
І топ «Ана», «Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме жазу
ІІ топ Ана кім? Топтастыру
ІІІ топ Ананың ақ сүтін ақтау үшін не істеу керек?
Оқушылар жұмысы оқылады
ХІ Сатылай кешенді талдау
Тақырыбы: Ана
Авторы: Б.Бұлқышев-жазушы
Жанры: Проза
Сөздік жұмыс: уанбай-жұбанбай
Құндақта-жөргекте
Тәрбиелік мәні: Ананы құрметтеу,баланың анаға деген ыстық сезімі.
ХІІ Сабақ басында таңдаған түстерінен мақал құрастыру
І топ «Құрметтейік те,қадірлейік те ғазиз ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы-өмір сыйлайды ғой!» Ғ.Мүсірепов
ІІ топ «Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар,ол ананың ақ сүті,кіннің нұры,сәбидің күлкісі» М.Горкий
ІІІ топ «Күн нұры қанша шуақты болғанымен ана мейірімін қайталай алмайды»
ХІІІ Қорытынды
-Қазір орындарыңнан тұруларыңды сұраймын,Ана ұлы,ана қымбат,ана –құдіреті жан.Олай болса,ананың құдіретіне бас иейік!
ХІҮ Үйге тапсырма беру
Шығарманы жаттау.
Бағалау
№ 19 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ана»Баубек Бұлқышев
4 «Ә» сынып мұғалімі: Утесинова Ж.И
2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |