Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты: сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөқнінде түсінік беру.
Білімділік мақсаты: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері,соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық қасиеттері: сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды қамтамасыз ететіндігін айту.
Тәрбиелік мақсаты: сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену,сиыр малының дастарұан құты екендігін түсіндіре отырып,халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру сабағы.Жаңа технология «Сын тұрғысынан ойлау»
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреті,сызба нұсқа,осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих,биология,химия,әдебиет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабаққа шолу,үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексердім,әо оқушы өзіне ұнаған тағамын дайындап,оның жасалу жолдарын түсіндірді.
Дәмді дақылдар қандай түрге бөлінеді?
а)Дәнді астықтар ә) қарақұмық с) Бұршақ дәнділер
3. Жармалардан қандай тағамдар дайындауға болады?
Жарма
|
Басытқылар (пасталар,салаттар)
|
Бірінші тағамдар (сорпа,көже)
|
Екінші тағамдар (ботқа,запеканкалар)
|
Тәтті тағам (пудинг,мусс)
|
Ұн тағамдар (печенье)
|
Оқушыларды топқа бөлу:
«Бақаймақ» тобы
Қызығушылықтарын ояту.
Сүт тағамдарының көрмесін ұйымдастырдым.
ІІ.Жаңа сабақ
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған.
Сүттің өзі адам денсаулығына пайдасы зор.Қазақ халқының бұл қасиеті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі.Халқымыз тіршілігін,шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып,тіршілікке пайдалануды шебер игерген.Мінсе көлік,ішсе сусын,жесе тағам,кисе киіс,тұтынса бұйым,байлығы мен мақтанышы да осы мал болғанын жақсы білеміз.
СҮТ-ТІРШІЛІК КӨЗІ
|
Төрт түлік мал
|
Сиыр
|
Түйе
|
Жылқы
|
Қой
|
Ешкі
|
Сиыр сүті
|
Шұбат
|
Қымыз
|
Қоймалжың сүт
|
Ешкі сүті
|
Адам ағзасына қажет дәрумендер көп
|
Сусын,қуат,тәбет ашады,өкпе ауруларына ем
|
Қан көбейтеді,сүйекті қатайтады,көкірек,өкпе ауруына ем
|
Асқазан ауруына ем
|
Ана сүтімен тең,бүйрек,ас қорытуға қажет
|
Бұлардың ішіндегі ең құнды тағамдық заты-белок.Сүт көмірсутек қантында болады.Оны лактоза деп атайды.
Сүттің құрамында адамның ағзасына қажетті тағамдық заттар
|
Белоктар
2,8-3,5%
|
Майлар
3,2-4%
|
Көмірсутегі
3,8-5,5%
|
Минералды тұздар 1%
|
Дәрумендер (А,С,Д,В,Е)
|
Су
87-89%
|
Сүт-дәрумендердің көзі.Сүт пен сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады.Ең бағалысы-жаңа сауылыған сүт.Мал төлденгеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады.Уыз-өте дәмді,әрі қою болады.
Сүт өнімдері
|
Ірімшік
|
Айран
|
Шалап
|
Сары май
|
Қымыз
|
Шұбат
|
Қаймақ
|
Сүзбе
|
Құрт
|
Ацидофимен-диеталық тамақтануда,кейбір асқазан,ішек ауруларына шипалы тағам ретінде пайдаланады.
Сүзбе-(ақ ірімшік) нәзік,жұмсақ,қою тағам,сүзбе,тез бұзылатын тағамға жатады.
Сары май-сүт майларының концентраты,құрамында 72,5-82,5% сүт майлары,06-2,5 белоктар, дәрумендер бар
Ірімшік-(сыр) құрамында 22-30% белок болады,15-30% май, А,В12 дәрумендері, кальций мен фосфор бар.
Сүт өнімдері құятын ыдыстар
|
Саба
|
Шара
|
Торсық
|
Мес
|
Бұлқыншақ
|
Зерен
|
Ой қозғау.Сөздік жұмыс
Сүт-малдан алынатын өнім.
Уыз-жаңа тқлдеген тмалдың алғашқы қою сүті.
Ашқылтым-сүт тағамдарының дәмі.
Малта-қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.
Ұйытқы-сүт ұйыту үшін айран,сүзбе сияқты ащылар «ұйытқы» деп аталады.
Торта-май қайнатқанда шығатын тұнба.
Қату-тағамға май,қаймақ қосуды айтады.
Айну-сұйық тамақтың дәмінің бұзылуы (қымыз,шұбат,айран).
Адал-таза,жейтін тамақ.
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар:
1.Сауған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.
2.Сүтті үрлеп ішпейді,майлылығы азаяды.
3.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды,құты кетіп қалады.
4.Жерге төгілген ақты басуға болмайды.
5.Сүт төгілген жерге тұз себеді.
6.Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төгуге болмайды.
7.Сүттен жасалған тағамдарды жерге тастауға болмайды.
8.Қол жумай ақты ішпейді.
Сүт тағамдарын пайдаланудың,дайындау мен сақтаудың негізгі ережелері:
Сүт пен сүт тағамдарын сақтайтын ыдыс таза болуы керек;
Шикі сүтті ішуге болмайды;
Сүт және сүт тағамдарын салқын,қараңғы жерде,жабық ыдыста сақтайды;
Сүт тағамдарын дайындау алдында қолды жуу керек.
Ой толғаныс.Сөзжұмбақ шешу.
1.Құрттан жасалатын өнім (Қатық)
2.Сүттің ұйытылған түрі (Айран)
3.Бутербродқа пайдаланатын тағам (Май)
4.Езілген құрт (Малта)
5.Түйе сүті (Шұбат)
6.Бие сүті (Қымыз)
1.Піскен сүттің беті (Қаймақ)
2.Сүттің ұйытылған түрі (Айран)
3.Қатықтан жасалатын дәм (Құрт)
4.Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті (Уыз)
5.Биенің сүті (Қымыз)
ІІІ.Сарамандық жұмыс.
Құрт жасаудың нұсқау картасы.
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Азық-түлік
|
Мөлшері
|
Дайындау реті
|
Сүзбе
|
1 кг (1000 г)
|
1.Сүзбені ыдысқа салу
|
Тұз
|
20 г
|
2.Сұзбеге тұз салып,араластыру
|
|
|
3.Сүзбені домалақтап формаға келтіру
|
|
|
4.Жасалған құртты тақтайшаға реттеп салу
|
Құрт жасаудың жолдары
Ұйытылған айранды сәл ашытыңқырап,таза ыдысқа құйып бір қайнатып алады.
Салқындаған айранды дорьаға құйып,астына ыдыс қойып,сүзіп алады.
Суы әбден сорыған айран қою сүзбеге айналады.
Қалтадан үлкен тегенге айдарып алып,қалауынша тұз қосып,әбден араластырады.
Сүзбені мөлшермен алақандарына салып, домалақ сопақ түрінде құрт жасалады.
Құртты құрғақ тақтай,не сөреге тізіп келтіреді немесе астына ауа келіп тұратын ши өрешеге келтіреді.
Тобарысып,кебе бастаған құртты ауа өтетіндей жұқа дорбаға салып, іліп әрі қарай кептіреді.
Топпен жұмыс.Төрт түлік малдың суретін салу,одан алынатын өнімдерге түсінік беріледі.
Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу
1.Әжем уыстап сығып,далада кептірген,
Қатты ,әрі тәтті,дәмін кім жеп көрген? (Құрт)
2.Күбіге құйып піскенім не? (Қымыз)
3.Төсек,төсек астында төрт бауырсақ (Сиырдың емшегі)
4.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
5.Бұл не қылған ер еді,
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі.
Бүр ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді. (Түйе)
6.Сылдыр сұйық су емес,ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,шешуін кім табады? (Сүт)
7.Ел жатса да,енекем жатпайды (Сиырдың мүйізі)
1.Бие сүтінен ашытылған сусын (Қымыз)
2.Езілген құрт қалай аталады? (Малта )
3.Ұйылған сүт қалай аталады? (Айран)
4.Торта дегеніміз не? (Сары май тұнбасы)
5.Өзі күшті,мүйізі мықты,
Қызылды көрсе,құтыра шықты.
Төрт бұлағы шайнайды құт сағыз.
Сүттің кені нағыз (Сиыр)
6.Басында екі таяғы бар,төрт аяғы бар,
Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар (Ешкі)
7.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
Мінезі қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ (Жылқы)
ІV.Тест жұмысы
1.Уыз неден жасалады?
а) ашыған сүттен; б) бие сүтінен
2.Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) бие сүтінен
3.Май пісіруге арналған піспегі бар ыдыс?
а) күбі ә) мес б) самар
4.Қымызды қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) бие сүтінен
5.Наурыз көже қандай көже түріне жатқызады?
а) қоспа көже ә) мөлдір көже б) салқын көже
6.Сиыр сүтінен қандай тағамдар алынады?
а) айран шұбат ә) май,айран,қаймақ б) шалап,қымыз,қатық
7.Лактоза дегеніміз не?
а) сүттің қантыт ә) түйенің сүті б) сүттің минералды заты
8.Өкпе ауаруына шалдыққан адамдарды қай малдың сүтімен емдейді?
а) сиырдың сүті ә) түйенің сүті б) биенің сүті
9.Сүттің құрамындағы адамның ағзасына қажетті тағамдық заттар
а) крахмалдар ә) белоктар б) минералды қышқылдар
Ұлттық тағамдар
Ұлттық тағамдары топтарға бөлу
|
Сүт тағамдары
|
Жеміс тағамдары
|
Ет тағамдары
|
Ұн тағамдары
|
Дәм тағамдары
|
Сорпа тағамдары
|
Балық тағамдары
|
XI.Салыстыру. Венн диаграммасы
Айран
|
Ұқсастығы
|
Қатық
|
Сиыр сүтінен сұйық ашырақ болып келеді
|
Сүттен ұйытылады тағам,сусын,түсі ақ,нәрі мен құнарлығы жоғары болып келеді
|
Қой сүтінен дәмді әрі қою
|
V.Қорытындылау.
- Бүгінгі сабағымызда сүт тағамдарының түрлерімен,оның пайдасы жөнінде емдік
қасиеттерімен таныстық.
- Сүтке байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Сиыр сауып ішсең-мың күндік,сойып жесең-бір күндік.
2.Айран ішсең құүтылады, шелек жалаған тұтылады.
3.Мал бақсаң әуелі өрісін тап.
4.Жылқы сүті шекер,еті бал.
5.Малдды жисаң қойды жи,қолың кетпес шарадан.
6.Қойдың сүті қорғасын
-Құрт жасап үйрендік.Шеберлікке ши қойылмайды.Алған білімді жетілдіруге,үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек.Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттеріңізді жарата біліңіздер,еңбектеріңіздің еш кетпегендігі.
VI.Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сүттен айран ұйыту әдісінің нұсқаулық картасын жасау.
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы:
«Сүт тағамдары»
6-сынып
Ашық сабақ
Пән мұғалімі: Бакитова А.А
Достарыңызбен бөлісу: |