Сабақтың тақырыбы : Архимед күші
Сабақтың мақсаты : Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып өз білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түр: Ашық сабақ. (топтық жұмыс)
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, , интерактивті
белсенді тақта, тәжірибеге қажетті заттар./ су, стакан, жұмыртқа, динамометр, жүк, Архимед шелегі/.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география, информатика.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу. (2мин)
2. Өткенді қайталау. (12мин)
а/ Сәйкестендіру әдісі бойынша интерактивті тақтамен жұмыс.
Тақтада өткен тақырыптар бойынша сұрақтар берілген оқушылар сол сұрақтың сәйкесін тауып шешуі керек.
б/ Ерікті жұмыс /Жоба, құралдарға сипаттама, Есеп, Эссе жазу/
Бұл тапсырмада оқушыларға «Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне, Сорғылар, Монометрлер» атты тақырыптарға дайындалып, қалауынша эссе, жоба, есеп, құрылғылар бойынша дайындалып келуі керек.
в/ «Миға шабуыл» Сөзжұмбақ шешу.
Мұнда өткен тақырыптар бойынша сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап беру арқылы тік тор көзде бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы «Архимед күші» сөзі шығады.
Топты физикалық шамалар арқылы қайта топқа бөлу.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. (20мин)
Достарыңызбен бөлісу: |