Сабақтың мақсаты : Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру


Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз



бет2/10
Дата26.08.2017
өлшемі2,93 Mb.
#28925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз


  1. аурудың ұзақтығына және ауырлығына ықпал ететін жайт

  2. аурудың пайда болуына септесетін жайт

  3. аурудың арнайы ерекшеліктерін анықтайтын жайт

  4. ауру пайда болуы үшін қажет жайт

  5. ауру пайда болуының жиілігіне ықпал ететін жайт

2. Ауру пайда болуының жағдайлары – бұл (3)

  1. онсыз ауру пайда болмайтын жайт

  2. аурудың жиілігіне, ауырлығына және ұзақтығына ықпал ететін жайттар

  3. аурудың пайда болуына кедергі келтіретін жайттар

  4. аурудың пайда болуына септесетін жайттар

3. Ятрогендік аурулар бұл (1)

  1. науқастың мінез-құлқы теріс болуынан туындайтын аурулар

  2. медицина қызметкерлерінің қате әрекеттерінен туындайтын аурулар

4. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы (1)

  1. тек ауру себебі бола алады

  2. тек ауру пайда болуының жағдайы бола алады

  3. ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

  4. этиологияда ешқандай маңызы жоқ

5. Сәйкестікті тап:

1) Сыртқы этиологиялық жайттар (4)



2) Ішкі этиологиялық жайттар (4)

  1. конституция

  2. жас

  3. шу

  4. тұқым қуалаушылық

  5. жыныс

  6. вирустар

  7. төмен температура

  8. ауыр металл тұздары

6. Жұқпалы ауруларды этиотроптық емдеуге қолдануды жатқызуға болады (1)

  1. витаминдерді

  2. ауыруды басатын дәрілерді

  3. бактерияларға қарсы дәрілерді

  4. сезімталдықты төмендететін дәрілерді

  5. антиоксиданттарды

7. Ауру патогенезін оқып білу мына сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді (1)

  1. ауру неге пайда болды?

  2. ауру пайда болуының себебі не?

  3. ауру дамуына не септеседі?

  4. ауру дамуына не кедергі келтіреді?

  5. ауру қалай, қайтіп дамиды?

8. Кез келген ауру патогенезі басталады (2)

    1. алғашқы бүліністен

    2. салдарлық зақымданудан

    3. қорғану-бейімделу әсерленістерінен

    4. «зақымданудан»

    5. «физиологиялық шарадан»

9. Патогенездің бастапқы тізбегібұл (1)

  1. алғашқы зақымдану

  2. салдарлық зақымдану

  3. кері айналып соғу шеңбері

Д) басты тізбек

10. Патогенездің негізгі тізбегібұл (1)

  1. патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек

  2. патогенездің бастапқы тізбегі

  3. алғашқы зақымдану

  4. салдарлық зақымдану

  5. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы

11. Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңберібұл (1)

  1. аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы

  2. аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы

  3. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың пайда болуы

12. Патогенездік емдеудің негізінде жатады (1)

  1. аурудың жекелеген көріністеріне әсер ету

  2. аурудың пайда болу себептеріне әсер ету

  3. ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету

  4. организмнің реактивтілігіне әсер ету

  5. аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету

13. Биіктік ауруының себептері (2)

  1. барометрлік қысымның төмендеуі

  2. атмосфералық ауада рО2 төмендеуі

  3. барометрлік қысымның жоғарылауы

  4. зат алмасудың бұзылуы

  5. гипоксемия

14. Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегі (1)

  1. зат алмасудың бұзылуы

  2. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы

  3. гипоксемия

  4. гипоксия

  5. ацидоз

5. Биіктік ауруы патогенезіндегі себеп–салдарлық тәуелділік туралы дұрыс түсінік беретін жауапты көрсетіңіз (1)

  1. гипоксия →гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы → орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметінің бұзылуы

  2. ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → ацидоз → зат алмасудың бұзылуы

  3. зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → гипоксия → гипоксемия → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  4. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  5. ацидоз – ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы

16. Биіктік ауруы патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері (1)

  1. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксемия

  2. гипоксемия → тыныс орталығының қозуы→ гиперпноэ → гипокапния → тыныс орталығының тежелуі → брадипноэ → гипоксемия

  3. гипоксемия → эритропоэтин өндірілуінің жоғарылауы → эритроцитоз → гипоксемия

  4. гипоксемия → ұан тамырларын қозғалтқыш орталықтың қозуы → тахикардия → гипоксемия

17. Биіктік ауруы кезінде гиперпноэ патогенезі тыныс орталығының, салдарынан, қозуына байланысты (1)

  1. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының жоғарылауы

  2. қанда оттегінің үлестік қысымының жоғарылауы

  3. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының төмендеуі

  4. қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуі

18. Биіктік ауруына тән организмдегі өзгерістер (4)

  1. гипоксемия

  2. гипоксия

  3. гипокапния

  4. газдық ацидоз

  5. газдық алкалоз

19. Сәйкестікті тап:

1) биіктік ауруы кезіндегі зақымдану көріністері (4)

2) биіктік ауруы кезіндегі қорғану көріністері (2)


  1. гиперпноэ

  2. брадипноэ

  3. тахикардия

  4. цианоз

  5. тоқмейілсу

  6. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

20. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына байланысты (1)

  1. оксигемоглобиннің

  2. карбгемоглобиннің

  3. карбоксигемоглобиннің

  4. дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)

  5. метгемоглобиннің



3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»



Сабақтың мақсаты:

  • Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Оқыту міндеттері:

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

  • Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтар:

  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жайттар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  3. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.

  4. Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.

  5. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  6. Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Э., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.

  7. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.

  8. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  9. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Дискуссия, тәжірибелер жасау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.


Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)




1 тапсырма

Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын айқындау

Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.


2 тапсырма.

Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау


Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.


3 тапсырма.

Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау

Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.


4 тапсырма.

Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.

Сұрақтар:



    1. Осы тәжірибеде жануарлардың гипоксияға төзімділігінің қандай ерекшеліктері бар?

    2. Гипобариялық гипоксияға байланысты жануарлардың бақыланған реактивтіліктерінің негізінде қандай даму тетігі жатыр?

Хаттаманың кестесі

Жануарлар

Барометрлік қысым

Тәртібі

Минөтіне тыныс алуы, ж.б. өзгерістер

Терісінің түсі

Жауап қайтару түрі

Бақа

Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№1


(бақылау)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№2

(жаңа туылған)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№3

(наркоз)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру .













Тышқан

№4

(кофеин)




Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№5

(гипертермия)




Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№6

(гипотермия)




Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, бұл неге байланысты екенін түсіндіреді.
5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.



  1. Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?

  2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?

  3. Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.

2. Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..

1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?

2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?

3. Аталған дертте қандай нәруыз ақаулы генмен көшіріліп отыр?

4. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?

5. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?
3 Әкесі гемофилиямен науқастанатын, шешесі сау, Н атты сау әйел тектік кеңеске гемофилия А ауруының немерелерінде дамуы қауіптігі туралы сұрақпен келді. Жұбайы Н және үш балалары – ұлы және екі қыздары сау.


  1. Гемофилия А мұра қалдырудың қай түрімен тасмалданады және оның даму жолы?

  2. Баласы мен немересінде осы аурудың даму қауіптілігі қандай?

4 есеп С атты жүкті әйел тектік кеңсеге келіп, аналары бір (әкелері басқа) әпкесі фенилкетонуриямен ауыратыны тұралы айтты. Жұбайы С жағынан жақын туыстары арасында неке киюлар болыпты, бірақ ешкім фенилкетонуриямен ауырмаған. Әйелді және жұбайын зерттегенде денсаулықтарында ақаулық табылмады.



  1. С-ның ер балаларында фенилкетонурия ауруының даму қауіптілігі қандай?

  2. Фенилкетонурия дамуының негізгі тетігін айқындаңыз.

  3. Бұл аурудың көріністерінің патогенезі қандай? Жаңа туылған нәрестелерде аурудың алғашқы белгілерін анықтау жолдары?

  4. Балалардағы фенилпирожүзімдік ессіздіктің алдын алу жолдары бар ма?

5. Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).



    1. Бала қандай аурумен ауырады?

    2. Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?

    3. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?

6. Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1‑топ — XXY; 2‑топ — XXXY; 3‑топ — 0X; 4‑топ — XXX; 5‑топ — XXXX.



    1. Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?

    2. Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?

    3. Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?

    4. Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 8-27.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

  6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 57-63

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

  3. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза., Алматы, 1998.– 175с.

  4. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

  5. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

БАҚЫЛАУ

(сынамалық тапсырмаларды орындау)



1. Реактивтілік – бұл (1)

A) ауру пайда болуының себептік байланыстары туралы ілім

B) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен

жауап беру қасиеті

C) дерттуындататын тітіркендіргіштің әсеріне организмнің қорғаныстық

әсерленісі

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің бейнақты төзімділігі



2. Реактивтіліктің түрлері (3)

  1. тектік, топтық, даралық

  2. белсенді, енжар

  3. физиологиялық, дерттік

  4. арнайы, бейнақты

  5. алғашқы, кейінгі

3. Тектік реактивтілік тәуелді (1)

  1. конституцияға

  2. тұқым қуалаушылыққа

  3. жынысқа

  4. жасқа

  5. организмнің даралық ерекшеліктеріне

4. Топтық реактивтілікті анықтайды (5)

  1. жыныс

  2. жас

  3. жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі

  4. конституция

  5. қан тобы

  6. әлеуметтік тиістілігі

5. Әрбір тұлғаның бірегейлігі анықталады (1)

A) тектік реактивтілікпен

B) топтық реактивтілікпен

C) даралық реактивтілікпен

D) жыныспен

E) конституциялық ерекшеліктермен



6. Арнайы реактивтілік деп организмнің жауап қайтару қасиеті (2)

  1. антигенге

  2. қоршаған ортаның барлық ықпалдарына

  3. антиген емес жайттардың әсеріне

  4. иммундық жүйенің қатысуымен

  5. иммундық жүйенің қатысуынсыз

7. Арнайы физиологиялық реактивтілікке, кезіндегі реактивтілік мысал болады (1)


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет