Сабақтың мақсаты : Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру


тапсырма «Қызба мен гипертермияның айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз



бет9/10
Дата26.08.2017
өлшемі2,93 Mb.
#28925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


7 тапсырма «Қызба мен гипертермияның айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз


Көрсеткіш

Қызба

Гипертермия

Себептері





Филогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы





Онтогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы





Патогенездің негізгі тізбегі





Әйгіленімдері





Организм үшін маңызы





Температурыны түзету




8 тапсырма. Есепті шешіңіз

18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

      1. Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.

      2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.

      3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.

      4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 354-361.

      5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.

      6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139

Қосымша

      1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

      2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.

      3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

      4. .А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

      5. Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ



1. Сәйкестікті тап:

1. Жұқпалық қызба (2)

2. Жұқпалық емес қызба (6)

  1. тіндердің өлеттенуі

  2. тиреоидты гормондардың көп өндірілуі

  3. физикалық немесе химиялық жайттармен туындатылған қабыну

  4. қатерлі өспелермен туындатылған

  5. баспа кеінде

  6. биологиялық жайттармен туындатылған қабыну

  7. ауқымды қан құйылу

  8. эритроциттердің қан тамырлары ішіндегі гемолизде

2. Сәйкестікті тап:

1. Алғашқы пирогендер (3) 2. Салдарлық пирогендер (2)

  1. тіндердің асептикалық қабынуының өнімдері

  2. микробтық экзотоксиндер

  3. интерлейкин -1

  4. өспелер тіршілігін жоятын жайт

  5. иммундық кешендер

3. Салдарлық эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер (4)

  1. тромбоциттер

  2. моноциттер

  3. тіндік макрофагтар

  4. эритроциттер

  5. лимфоциттер

  6. гранулоциттер

4. Эндогендік салдарлық пирогендерге жатады (4)

    1. интерлейкин – 1

    2. интерлейкин - 4

    3. интерлейкин – 8

    4. интерлейкин – 6

    5. өспелер тіршілігін жоятын жайт

    6. микроорганизмдердің эндотоксиндері

5. Дұрыс тұжырымдар (3)

  1. дерттуындататын микробтардың ғана емес, сонымен қатар дерттуындатпайтын микробтардың да пирогендік белсенділігі бар

  2. дерттуындататын микробтардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне үнемі сәйкес келе бермейді

  3. пирогендік белсенділік тек эндотоксиндерде ғана болады

  4. пирогендік белсенділік бактериялық жасушалар қабығының бөлшектерінде болады

6. Дұрыс тұжырым (1)

  1. бактериялық жасушалардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне тәуелді

  2. грамтеріс бактериялардың эндотоксиндері эндогендік пирогендерге жатады

  3. экзогендік пирогендер липополиқанттар болып табылады

  4. қызба кезінде температура жоғарылауының дәрежесі қоршаған ортаның температурасына тәуелді

  5. қызба кезінде жылу реттеу тетіктері бұзылған

7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ? ® жылу реттеу орталығы

A) микробтар эндотоксиндері

B) эндогендік пирогендер

C) простагландиндер

D) оралымды нуклеотидтер

E) липопротеидтер



8. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының тетігі байланысты (4)

  1. жылу реттеудің жоғарырақ деңгейге ауысуына

  2. эндогендік пирогендердің гипоталамустың преоптикалық аймағының «орнықтыратын нүктесіне» әсер етуіне

  3. жылу шығарудың төмендеуіне

  4. экзогендік пирогендердің гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне

  5. жылу өндірудің жоғарылауына

9. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінде маңызы бар (6)

  1. тотығу және фосфорлану ажырауының

  2. тотығу және фосфорлану ілесуінің жоғарылауы

  3. шеткері қан тамырларының тарылуы

  4. жиырылулық («бұлшықеттік») жылу өндірудің күшеюі

  5. терлеудің төмендеуі

  6. жиырылулық емес жылу өндірудің белсенділенуі (биологиялық тотығу)

  7. терлеудің күшеюі

  8. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

10. Қызбаның 1-сатысында, қағида бойынша, байқалады (1)
  1. жылу өндірудің жылу шығару өзгерместен күшеюі

  1. жылу өндіру және жылу шығарудың күшеюі

  1. жылу шығарудың азаюы және жылу өндірудің күшеюі

  2. жылу өндіру және жылу шығарудың азаюы


Е) жылу өндірудің азаюы және жылу шығарудың жоғарылауы

11. Дұрыс тұжырым (4)

  1. қызбаның 1-сатысында тері температурасы қан температурасынан төмен

  2. қызбаның 1-сатысында қалтырау және бұлшықеттік діріл болуы мүмкін

  3. АҚ қызбаның 1-сатысында төмендеген, кейде өте қатты

  4. қызбаның 1-сатысында диурез жоғарылайды

  5. қызбаның 1-сатысында тері бозарған, суық, құрғақ

12.Қызбаның 2-сатысына тән (3)

    1. брадикардия

    2. терінің қызаруы

    3. қарын-ішек жолы қимылының жоғарылауы

    4. диурездің ұлғаюы

    5. тахикардия

    6. жылулық комфорт немесе ыстық сезімінің пайда болуы

13. Қызбаның 3-сатысында жылу шығарылудың жоғарылауы байланысты (1)

  1. тамырлар тарылуымен

  2. терлеу үрдісінің шектелуімен

  3. зат алмасуының күшеюімен

  4. терлеудің артуымен

  5. артериялық қысымның артуымен

14. Қызба кезінде температураның "кризистік" түсуі қауіпті (1)
  1. коллапстың дамуымен


  1. қарын-ішек жолы қыймылының күшеюімен

  1. гипергидратация дамуымен

  2. жүрек жиырылуының жиілеуімен

  3. АҚ жоғарылауымен

15. Температураның тәулігіне 3-5 градусқа ауытқуымен сипатталатын қызбалық температуралық сызық аталады (1)

  1. тұрақтыя (f.continua)

  1. қалжырататын (f.hectica)

  1. келбетсіз (f.athypica)

  2. босаңситын (f.remittens)

  3. қайталанатын (f.recurrens).

16. Қызба кезінде тахикардия пайда болады (4)

  1. синустық-жүрекшелік торапқа ыстық қан әсер еткенде

  2. синустық-жүрекшелік тораптың өзіндік диастолалық деполяризациясыны жылдамдауында

  3. адреналин өндірілуінің жоғарылауында

  4. ыстық қан шеткері жылу сезетін қабылдағыштарға әсер еткенде

  5. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауында

17. Қызбаға тән (5)

  1. қызбаның 1-сатысында АҚ жоғарылауы

  2. қызбаның 3-сатысында АҚ төмендеуі

  3. ас қорыт сөлдері шығуының төмендеуі

  4. ішек қимылының белсенділенуі

  5. асқазан сөлінің гиперсекрециясы

  6. гипосаливация

  7. тахикардия

18. Дұрыс тұжырым (3)

  1. қалтырау қызбаның 2-сатысына тән көрініс болып табылады

  2. жылуылық комфортты сезіну қызбаның 1-сатысына тән

  3. терінің бозаруы және салқындауы қызбаның 1-сатысына тән

  4. терлеудің айқын жоғарылауы қызбаның 3-сатысында болады

  5. диурез қызбаның 1 және 3-сатысында жоғарылайды

19. Сәйкестігін табыңыз

1. Қызбаның жағымды жақтары (8)

2. Қызбаның жағымсыз жақтары (5)

  1. интерферон өндірілуінің жоғарылауы

  2. фибробластар өсіп-өнуінің күшеюі

  3. дене температурасы жоғарылауының бактериостатикалық әсері

  4. вирустар репликациясының тежелуі

  5. иммундық жүйенің белсенділенуі

  6. бауырдың уытсыздандыру қызметінің жоғарылауы

  7. фагоцитоздың белсенділенуі

  8. антибиотиктерге микробтар сезімталдығының жоғарылауы

  9. аллергиялық әсерленістер дамуының тежелуі

  10. қажым қорының азаюы

  11. жүрек-қан тамырлары жүйесіне күш түсуі

  12. ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  13. ас қорытудың бұзылуы

  14. бұлшықеттік нәруыздың ыдырауы

20. Ыстықты төмендететін дәрілерді тағайындаудың нағыз көрсетілімі болып

табылады (4)

    1. шамалы қызба

    2. асқын қызба

    3. мый жарақаттары

    4. эпилепсия

    5. өмір тарихында селкілдегі бар 5 жасқа дейінгі балалар


16. тақырып АЛЛЕРГИЯ



Сабақ мақсаты:

  • Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Теориялық білімді ситуациялық есептер шығару барысында қолдануды үйрету

  • теңіз тышқанында анафилаксиялық сілейменің үлгісінде негізгі көріністерінің патогенезін түсіндіре алуды

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің 1, 11, 111,1Ү түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.

6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу- тәжірибелер жасау немесе «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, есептерді шешу, нәтижелерді талқылау.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.



МАШЫҚТЫҚ ЖҰМЫС
1 тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.

Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз доңызының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді ( 1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз шошқасы өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.

Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек тебінін табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартканда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.


2 тапсырма. Ситуациялық есептер

1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?

2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?

2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?

3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?

4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

3 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?


4 есеп. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.

Сұрақтар:

1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.

2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?

3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?


5 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
6 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).

Сұрақтар:


  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 210-221.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 1994. – С. 50-73.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  7. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 – 163


Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  3. Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ





1. Табиғи (алғашқы) эндоаллергендерге жатады (4)

А) көз бұршағы тіні

В) қалқанша бездің коллоиды

С) тестикула тіні

D) миелин

Е) күйіктік тін



2. Кейінгі эндоаллергендер түзілуі байланысты (4)

А) ұрықтық даму кезеңінде иммундық жүйемен түйісуі болмаған тіндердің гистогемдік тосқауылының бұзылуына

В) вирустардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне

С) микробтардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне

D) химиялық жайттардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне

Е) иондайтын радиацияның әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне



3. Аллергиялық әсерленістердің иммундық сатысына тән (1)

А) аллергиялық дәнекерлердің түзілуі

В) мес жасушаларының түйіршіксізденуі

С) жасушалардың аллергиялық дәнекерлердің әсеріне жауабы

D) аллергиялық антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің түзілуі

Е) антиденелер титрінің төмендеуі



4. Аллергиялық әсерленістердің патохимияылқ сатысы сипатталады (1)

А) микроциркуляцияның бұзылуымен

В) тегісеттік бөлшектердің жиырылуымен

С) қан тамырлары қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылауымен

D) аллергиялық дәнекерлерінің босап шығуымен

Е) иммундық кешендердің түзілуімен



5. Аллергиялық әсерленістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады (1)

А) иммундық кешендердің түзілуімен

В) биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) белсенділенуімен

С) ББЗ әсерінен ағзалар мен тіндерде құрылымдық және қызметтік бұзылыстармен

D) антиденелер түзілуімен

Е) сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің түзілуімен



6. Сезімталдық жоғарылауының белсенді түрі салдарынан пайда болады (4)

А) организмге аллергеннің ауыз қуысынсыз түсуі

В) аллергеннің тағаммен түсуі

С) аллергенді дем арқылы жолмен негізу

D) аллергеннің тері жабындылары арқылы түсуі

Е) сезімталдығы белсенді жоғарылаған донор қанын құйған кезде антиденелер

немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түсуі

7. Сезімталдықты енжар жоғарылату дамиды (1)

А) аллерген қайтадан енгізгенде

В) организмге гаптен түскенде

С) меншік тіндердің зақымдануында

D) арнайы антиденелерді немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттерді енгізгенде

Е) нәруыздық дәрмектерді көктамыр ішіне енгізгенде



8. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік түріне тән (4)

А) иммуноглобулиндер IgЕ маңызы зор

В) әсерленіс аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 15 - 20 минөттен соң көрінеді

С) әсерленіс аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 24 - 48 сағ. соң көрінеді

D) патохимиялық сатыда гистамин, гепарин, простагландин, лейкотриендер босайды

Е) клиникалық көріністері болып ісіну, бронхоспазм, тері қышуы болып табылады

9. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түрінің иммундық сатысы сипатталады (4)

А) Т-, В-лимфоциттер және макрофагтардың бірігуімен

В) плазмалық жасушалардың клоны түзілуімен

С) сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің клоны түзілуімен

D) антиденелер титрінің жоғарылауымен

Е) мес жасушаларының белсенділенуімен



10. Аллергиялық әсерленістің цитотоксиндік түрінің иммундық сатысы сипатталады (1)

А) мес жасушаларының беткейінде аллергендердің реагиндермен өзара әрекеттесуімен

В) жасуша мембранасының өзгерген бөлшектерімен антиденелердің өзара әрекеттесуімен

С) базофилдердің беткейінде антигендердің антиденелермен өзара әрекеттесуімен

D) аллергендермен сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің өзара әрекеттесуімен

Е) қанда айналып жүретін иммундық кешендердің түзілуімен



11. Аллергиялық әсерленістің цитотоксиндік түрі патогенезінің көрсетілмеген тізбегі (1)

Жасуша мембранасының антигендік құрылымының өзгеруі және кейінгі аллергеннің түзілуі аутоантиденелер түзілуі нысана жасушалар беткейінде иммундық кешендердің түзілуі ……?……. белсенділенуі нысана жасушаның фагоцитозы

А) комплемент жүйесінің С1,4,2,3 бөліктері

В) калликреин-кининдік жүйе

С) қан ұйыу жүйесі

D) фибринолиз жүйесі

Е) қан ұйыуына қарсы жүйе



12. Аллергиялық әсерленістердің III түрі кезінде байқалады (4)

А) қан тамырлары эндотелийінің зақымдануы

В) қан тамырларының негізгі мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

С) тромбоциттер және нейтрофилдердің белсенділенуі

D) плазмалық ферменттік жүйелердің белсенділенуі

Е) түйіршікті қабынудың дамуы



13. Аллергиялық әсерленістің ІІІ түрінің патофизиологиялық сатысында дамуы мүмкін (3)

А) қан тамырларының тромбозы және эмболиясы

В) ішкі ағзалардың инфаркты

С) ішкі ағзалардың дистрофиясы

D) эритроцитоз

Е) тромбоцитоз



14. Аллергиялық әсерленістердің IV түріне тән (3)

А) сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің маңыздылығы

В) әсерленіс, аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 6 - 8 сағ. соң көрінеді және 24 - 48 сағ.соң жоғары деңгейге жетеді

С) әсерленіс, аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 20 - 30 минөттен соң көрінеді

D) негізгі дәнекерлері болып лимфокиндер табылады

Е) негізгі дәнекерлері болып гистамин, кининдер, лейкотриендер



15. Сәйкестікті тап:

1. Аллергиялық әсерленістердің I түрі

2. Аллергиялық әсерленістердің II түрі

3. Аллергиялық әсерленістердің III түрі

4. Аллергиялық әсерленістердің IV түрі

А) поллиноз

В) туберкулиновая проба

С) иммундық тромбоцитопения

D) анафилаксиялық сілейме

Е) сарысулық ауру

F) Артюс феномені

G) жанасулық дерматит

H) есекжем

16. Сәйкестікті тап:

Аллергиялық әсерленістердің негізгі дәнекерлері


  1. I түрінің (4)

  2. II түрінің (3)

  3. III түрінің (8)

  4. IV түрінің (1)

А) гистамин

В) эозинофилдердің хемотаксистік жайты

С) лейкотриендер

D) простагландиндер

Е) комплемент бөлшектері

F) лизосомалық ферменттер

G) оттегінің белсенді өнімдері

H) кининдер

I) лимфокиндер

17. Сезімталдықты арнайы төмендету қабаттасады (4)

А) реагиндер (IgЕ) түзілуінің төмендеуімен

В) бөгеуші антиденелердің (IgG) өндірілуімен

С) қан нейтрофилдерінің аллергенді және иммундық кешенді фагоцитоздауы күшеюімен

D) Т-супрессорлық белсенділіктің қалпына келуімен

Е) мес жасушаларының беткейінде антиген-антидене иммундық кешендерінің түзілуімен



18. Сезімталдықты бейнақты төмендетуге қол жеткізіледі (4)

А) глюкокортикоидтарды қолданумен

В) А.М. Безредко бойынша аллерген енгізу арқылы

С) аллергияға қарсы дәрілерді белгілеумен

D) психотерапиялық шараларды өткізумен

Е ) физиотерапиямен



19. Жалған аллергиялық әсерленістерге тән (3)

А) патофизиологиялық сатының болуы

В) патохимиялық сатының болуы

С) иммундық сатының болуы

D) мес жасушаларының түйіршікшізденуі

Е) қан тамырларының эндотелийінде иммундық кешендердің бекуі



20. Жалған аллергиялық әсерленістер дамуының негізгі тетіктері (4)

А) қанда гистаминнің көбеюі

В) комплемент жүйесі нәруыздарының шектен тыс белсенділенуі

С) комплемент жүйесінің С1 бөлшегі бәсеңсіткішінің тұқым қуалайтын жеткіліксіздігі

D) простагландиндер (ПГ) және лейкотриендер (ЛТ) арасында тепе-теңдіктің бұзылуы

Е) лимфоциттер-киллердің (СD8 ) белсенділігі жоғарылауы




17 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ



Сабақ мақсаты:

  • Өспе патофизиологиясын меңгеру.

  • Теориялық материалдарды талқылауда медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Организмнің өспе өсуіне қарсы төзімділігінің тетіктерін және олардың өспелік аурулардың алдын алу және емдеудегі маңызын оқып-білу

  • Эрлих карциномасының іш шемендік түрі жасушаларының морфологиялық атипиясын микроскоппен қарап табу

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.

4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.

5. Өспе өсуінің патогенезі.

6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,

8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.

9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.


Оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу- тапсырмаларды орындау, нәтижелерді талқылау.

Бақылау тәсілдері: Ауызша сұрау, ситуациялық есептері бойынша қорытындыны тексеру.

Машықтық жұмыс
1 тапсырма. Канцерогенездің сызбанұсқасын жасаңыз. «Мылқау» сызбанұсқаны

толтырыңыз

Бастама




!

Күшею




!

Өршу



2. Тапсырма. Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің жағындысындағы



өспе жасушаларының атипиясын зерттеу.

Романовский – Гимза әдісімен боялған Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің дайын жағындысын алып, алдымен микроскоптың кішкене ұлғайтуы арқылы қарап, соңынан иммерсиялық объективтің көмегімен зерттейді. Ядросы мен цитоплазмасының арасында анық шекарасы бар обыр жасушаларын табады. Морфологиялық атипияға тән белгілерді зерттейді:

● Өспе жасушаларының көп түрлілігі ( кішкентай және алып жасушалардың болуы).

● Ядросы көп жасушаларының болуы ( цитоплазма бөлінбей ядролардың бөлінуі).

● Гиперхромды ядролары бар алып жасушалардың пайда болуы.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:



  1. Жағындыда өспе жасушаларының қандай атипиялық белгілері байқалады?

  2. Атипияның туындау тетіктері қандай?



№ 3. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.



Сұрақтар:

1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?

● жаңа өспенің пайда болуымен?

● өкпе өспесінің қайталануы?

● өкпе өспесінің метастаздануы?

2. Ерекшеліктердің даму тетігін түсіндіріп, жауапты негіздеңіз.


2 есеп. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.

Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.



Сұрақтар:

1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?

2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?

3 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.



  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды? «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет

4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.



  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

2 тапсырма. Сөзтізбекті шешіңіз

Тігінен:

1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі.

2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы

3. Май тіндерінің қатерлі өспесі.

4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі.

5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген.

6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын

канцероген.

7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі.

8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы.

9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені.

10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе

жасушаларының антигендік атипиясы.

11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы.

12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің

нәтижесін ашққан ғалым.

13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт.

14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе

Жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым.

Көлденеңінен:

15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген

16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп , бірақ өзі өспені туындатпайтын агент

17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын,

канцерогенездің бірінші сатысы

18.Протоонкогендердің санының көбеюі

19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі.

20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы.

21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын

хирургі.


22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының

антигендік атипиясы.

23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген

ғалым.


24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы.

25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде

дәлелдеген жапондық ғалым.

26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы.

27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы.

28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген.

29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс

30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы.

31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын

туындатуға қабілетті жайт.



32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні.





1




2







5





































3



















17





































16














































4



















18


























































5




19







6







20







9








































7




8























































21











































10

























22





































23


































11










12



















25































24








































13

















































26





















































































27
















14
















28

















































29
































































31



















31























































32





















ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 – 314.

  4. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 – 243

  5. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243.


Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 366-400.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.

  3. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 269-339.

  4. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с

  5. Лихтенштейн А.В., Шапот В.С. Опухолевый рост: ткани, клетки, молекулы // Патологическая физиология и экспериментальная терапия.-1998. - № 3.- С.25-44

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ



1. Кез-келген жаңа түзілімге тән алғашқы, негізгі белгі (1)

  1. инвазиялық өсу

  2. организмге жүйелі әсері

  3. метастазалану

  4. бақыланбайтын өсу

  5. кахексия

2. Өспе жасушаларының шексіз өсуі патогенезінде маңызы бар (5)

  1. өспе жасушаларының гормондық қабылдағыштарының саны азаюы немесе құрылымы бұзылуы

  2. онконәруыздар түзілуінің күшеюі және өсіп-өнудің аутокриндік түрткіленуі

  3. өспе жасушаларының беткейінде адгезиялық молекулалар саны азаюы

  4. апоптоз тегінің белсенділенуі

  5. теломераза белсенділігінің жоғарылауы

  6. түйісулік тежелудің болмауы

  7. жасушалар арасында жабысу күшінің жоғарылауы

3. Өспенің тіндік атипиясына тән (4)

  1. тіндік бөлшектердің түрі, мөлшері және орналасуының өзгеруі

  2. тірек және ұлпа қатынасының өзгеруі

  3. жүйке және қан тамырларының дегенерациялық өзгерістері

  4. ядролық-цитоплазмалық қатынастың жоғарылауы

  5. цитоплазмада рибосомалар санының көбеюі

4. Өспелердің жасушалық атипиясына тән (5)

  1. жасушалардың түрі және мөлшерінің өзгеруі

  2. ядроның түрі және мөлшерінің өзгеруі

  3. цитоплазмада рибосомалар санының азаюы

  4. ядроның гиперхромиясы, ядрошықтар санының көбеюі, хромосомалар

санының өзгеруі

  1. көп ядролы жасушалардың пайда болуы

  2. хромосомалардың ауытқыған орналасуы бар митоздардың болуы

5. Өспе жасушаларында көмірсу алмасуының ерекшеліктеріне жатады (4)

  1. Пастер әсерінің әлсіреуі (оттегі және тіндік тыныстың анаэробтық гликолизді тежей алмайды)

  2. Варбург әсері (анаэробтық гликолиздің күшеюі)

  3. глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен тотығуының белсенділенуі

  4. тіндік тыныстың анаэробтық гликолизден басым болуы

  5. өспе жасушаларының глюкозаны қамтуының күшеюі

6. Өспе жасушаларында нәруыз алмасуының ерекшеліктеріне жатады (5)

  1. эмбриондық нәруыздар түзілуі

  2. гистондар түзілуінің азаюы

  3. ДНҚ, РНҚ түзілуінің азаюы

  4. онконәруыздардың қарқынды түзілуі

  5. жасушалардың амин қышқылдарын қамтуының күшеюі

  6. изоферменттік жиынтықтың қарапайымдануы

7. Өспе жасушаларының антигендік атипиясына жатады (4)

  1. тінарнайылық антигендердің азаюы

  2. антигендік реверсия

  3. антигендік дивергенция

  4. Пастер әсерінің әлсіреуі

  5. ұрықарнайылық антигендердің түзілуі

8. Қатерлі өспелердің алғашқы негізгі белгісі (1)

  1. инвазиялық өсу

  2. организмге жүйелік әсері

  3. метастазалануы

  4. бақылаусыз өсуі

  5. кахексия

  1. Қатерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық өсуінің)

патогенезінде маңызы бар (4)

  1. өспе жасушалары арасында жабысу күшінің төмендеуінің

  2. өспе жасушаларының жоғары қозғалғыштығының

  3. өспе жасушаларының гидролиздік ферменттерді бөліп шығаруының

  4. өспе жасушаларының нейро-эндокринной реттелуінің бұзылуының

  5. кейлондар түзілуі жоғарылауының

10. Өспелік үдеуді сипаттайды (4)

  1. жасушалардың ұлғая түсетін анаплазиясы

  2. инвазиялылығы

  3. метастазалануы

  4. химиотерапияға тұрақтылығы

  5. жасушалардың соңғы нақтылану үрдістерінің күшеюі

  6. организмнің өспе жасушаларымен антигендік түрткіленуінің күшеюі

11. Қатерлі өспелердің метастазалануының патогенезінде маңызы бар (6)

  1. инфилтрациялық өсуінің

  2. ангиогенез күшеюінің

  3. өспе жасушаларының белсенді қозғалуының

  4. өспе жасушаларының жоғары протеолиздік белсенділігі

  5. түйіспелік тежелудің деңгейі жоғарылауының

  6. өспе жасушаларымен протеазалар өндірілуінің

  7. мембранада жабысқақ молекулалар мөлшері төмендеуінің

  8. өспе жасушаларында HLA-кешені молекулаларының пайда болуы күшеюінің

12. Тәжірибеде химиялық заттардың өспелер этиологиясындағы маңызын алғаш дәлелдегендер (1)

  1. Бантинг және Бест

  2. Ямагива, Ишикава

  3. Раус

  4. Шоуп

  5. Л.А.Зильбер

13. Көпоралымды хошиісті көмірсутектерге тән (4)

  1. жергілікті әсерге ие

  2. ағзаға үйірлігі бар

  3. организмге енгізгенде өспені өзі жиналған ағзаларда ғана туындатады

  4. табиғатта кеңінен таралған

  5. пайдаланылған газдар, битум, асфальт, темекі түтіні және шайырында, қатты қыздырылған май, ысталған өнімдерде болады

14. Эндогендік химиялық канцерогендерге жатады (3)

  1. көпоралымды хошиісті көмірсутектер

  2. триптофан және тирозиннің алмасу өнімдері

  3. холестериннің туындылары

  4. нитрозаминдер

  5. қарапайым химиялық қосындылар

  6. бос радикалдар және азот тотығы

15. Сәйкестікті тап:

1. РНҚ-лы бар вирустар (3)

2. ДНҚ-лы бар вирустар (4)

  1. Битнердің сүт, тауықтар лейкозы, тышқандар вирустары

  2. Папов тобының вирустары

  3. Эпштейн-Барр вирусы

  4. Роус саркомасының вирустары

  5. HTLV- 1 вирусы

  6. папиллома вирусы

  7. гепатита В вирусы

16. Сәйкестікті тап:

1. Инициация

2. Промоция

3. Прогрессия

  1. қалыпты жасушаның өспелікке айналуы

  2. өспелікке айналған жасушаларддың өсіп-өнуі

  3. өспенің қатерлі қасиеттерінің көбеюі

17. Инициация сатысына тән (3)

  1. онкогендердің белсенділенуі

  2. антионкогендердің әсерсізденуі

  3. апоптоз тектерінің белсенділенуі

  4. протоонкогендердің әсерсізденуі

  5. ДНҚ репарациясы тектері қызметінің бұзылуы

18. Протоонкогеннің онкогенге айналуына әкеледі (4)

  1. промотордың енуі

  2. протоонкогеннің транслокациясы

  3. протоонкогеннің мутациясы

  4. промотордың делециясы

  5. протоонкогеннің амплификациясы

19. Сәйкестікті тап

1. Онкогендер (2)

2. Антионкогендер (2)

3. Апоптозды реттейтін тектер (2)

  1. ras

  2. myc

  3. bcl-2

  4. р 53

  5. Rb

  6. bax

20. Промоция сатысына тән (4)

  1. белсенділенген онкогендердің амплификациясы

  2. тектік және хромосомалық қосымша аберрациялар

  3. жасушалық бөлінудің түрткіленуі (С протеинкиназаның белсенділенуі, басқа жасушалармен өсу жайттары сөлденісінің түрткіленуі)

  4. тіндік бақылауды жоғалту

  5. қалыпты жасушаның өспелікке айналуы

21. Антибластомдық төзімділік жүзеге асады (4)

  1. антиканцерогендік тетіктермен

  2. антитрансформациялық тетіктермен

  3. жасушаларға қарсы тетіктермен

  4. ras – тектермен

  5. р 53 тектермен

22. Жоғары өспелік қауіп жағдайларына жатады (3)

  1. жіті қабынулық үрдістер

  2. созылмалы қабынулық үрдістер

  3. организмнің сәулеленуі

  4. иммундық тапшылықты жағдайлар

  5. БЦЖ-вакцинациясы

23. Паранеоплаздық синдромға жатады (6)

  1. остеоартропатиялар

  2. гиперкалциемиялар

  3. Иценко-Кушинг синдромы

  4. тромбоздарға бейімділік

  5. дерматоздар

  6. бұлшықеттік дистрофия

  7. метастазалану

24. Қатерлі өспелер кезінде кахексияның пайда болуына септеседі (4)

  1. "заттық қақпан феномені"

  2. өспе жасушалары және макрофагтардың интерлейкин-1, ӨТЖЖ, гамма-интерферон түзуі

  3. глюкокортикоидтардың артық сөлденісі

  4. өспелер ыдырауы өнімдерімен уыттану

  5. инсулиннің артық сөлденісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет