Тапсырма 4. Вегетативтік жүйке бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі.
Құрылымдық ерекшеліктері мен атқаратын қызметіне байланысты вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық жəне пара-симпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Вегетативтік жүйкелер жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің өздеріне тəн ерекшеліктері болады (сурет).
Вегетативтік жүйкелер құрылысы мен байланыстары: 1 - лимбикалық аймақ, 2 - гиппокамп, 3 - төмпек асты аймақ, 4 - кезеген жүйке, 5 - талма шумақ, 6 - парасимпатикалық жүйе, 7 - симпатикалық жүйе, 8 - парасимпатикалық жүйе, 9 - жамбас жүйкесі, 10 - тер бездерін, теріні, қантамырларын жүйкелейтін бөлім, 11 - көз, 12 - сілекей бездері, 13 - бастың қан тамырлары, 14 - қалқанша без, 15 - өкпе, 16 - жүрек, 17 - қарын, 18 - бауыр, 19 - ұйқы безі, 20 - бүйрек үсті без, 21 - бүйрек, 22 - ащы ішек,23 - тоқ ішек, 24 - қуық, 25 - жыныс мүшелері. Үзілмеген сызықтар – түйінге дейінгі талшықтар, үзілмелі сызықтар – түйіннен кейінгі талшықтар
Симпатикалық жəне парасимпатикалық жүйкелер орталығы жүйке жүйесінің əртүрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық бөліктің орталықтары жұлын сұр затының көкіректік жəне беломыртқалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналасса, парасим патикалық орталықтар ортаңғы жəне аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.
Тапсырма 5. Вегетативтік рефлекстермен танысу.
Вегетативтік жүйкелердің əсерімен əртүрлі ішкі ағзалардың (қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, бөлу, ішкі секрециялық) қызметінің өзгеруін вегетативтік рефлекстер деп атайды.
Организмде орын алатын барлық вегетативтік рефлектерді былай топтастыруға болады:
Экстерорецепторлардан басталып, ішкі ағзалар мен та-мырларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер организм-де жылу алмасуды, қуаттың алмасуын, қимыл əрекеттерінің вегетативтік құрамаларын қамтамасыз етеді.
Бір интерорецепторлардан басталып, басқа ішкі ағзаларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер тобына қан тамыр-ларының рефлекстік аймақтарының тітіркенуінің салдарынан жүрек қызметінің өзгеруін, қарын мен ішек керілген кезде сілекей бөлудің күшеюін қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.
Бір ағзаның интерорецепторының тітіркенуінен басталып, сол ағзаның өзінде аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер-ге жүрек қызметі мен тамыр тонусының өздігінен реттелуін, қуықтың босауын қамтамасыз ететін рефлекстер жатады.
Аксон-рефлекстер немесе ОЖЖ қатысуынсыз өтетін рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс аффренттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан əрі эфференттік симпатикалық немесе парасимпатикалық жолға ауысады. Мысалы, теріні нəзік сипалау нəтижесінде оның қан тамырларының кеңеюі.
Бақылау сұрақтары: 1.Вегетативтік жүйке жүйесі дегеніміз не, оған қандай құрылымдық ерекшеліктер тəн.2.Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөліміне сипаттама беріңіз.3.Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөліміне сипатта-ма беріңіз.4.Вегетативтік рефлекстер дегеніміз не, олар қалай жіктеледі. 5.Вегетативтік орталықтарға сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер: 3.1.1-3.1.3 (негізгі), 3.2.1-3.2.7 (қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |