Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру



Дата18.02.2017
өлшемі33,83 Kb.
#9809
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Теңгенің шығу тарихы 42-43 бет
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: түсіндіру
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Онға дейін санау- диалог құрастыру


ІІІ. Жаңа тақырып

1.Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

2. Мәтінмен жұмыс 1,3-тапсырма (оқу,аудару,сұрақ-жауап, жоспар құрастыру)
1 тапсырма.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?
2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________
Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
10 теңге -
100 теңге -
500 теңге -
1000 теңге -
2000 теңге -
5000 теңге -
Жазбаша жұмысы 2-тапсырма

Грамматикамен жұмыс Буын үндестігі. Мекен үстеу (ережені қайталау)

Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.

ІҮ. Үйге тапсырма беру 42-43 бет,1,3-тапсырма-мазмұндау,4-тапсырма-жазбаша

Ү.Бағалау,қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет