Сабақтың мақсаты: 1 Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдету



Дата31.12.2019
өлшемі75,42 Kb.
#54064
түріСабақ
Тулекова Алия

№ 25 Б. Момышұлы атындағы орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Атырау қаласы, Ақсай ауылы


Бұлбұлдың әні

Әдебиеттік оқу (3 сынып)
Сабақтың мақсаты:

1) Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдету;

2) Тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.

3) Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: топтастыру, венн диаграммасы. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, бес жолды өлең әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: қызығушылықтарын ояту.

«Масатыдай құлпырып, бақыт пен қуанышын қатар арқалап, көптен күткен көктем де келіп жетті. Өлкенің кең-байтақ төсі жасыл желек шөптерге, хош иісі аңқыған гүлдерге толыпты. Күн жерге мейірлене қарайды. Алыстан қаңқыл-қаңқыл қаздардың даусы естіледі.»

Сұрақтар:


  1. Осы мәтінді тыңдап отырып қандай сезімге бөлендіңдер?

  2. Қай жыл мезгілі туралы айтылған?

  3. Көктем туралы не білеміз?

күн ұзарады



құстар

келеді тіршілік басы


Көктем

ағаштар шөптер

гүлдейді шығады

гүлдер

1. Көз алдарыңа не елестейді?

2. Егер көктемді «тіршілік басы» десек, осы тіршілікке, өлкенің, жер әлемнің құлпыруына үлкен әсер ететін не?

3. Жаңбыр.

4. Жаңбыр – тіршілік көзі.



Топпен жұмыс

1 топ - Жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер?

- Нөсер жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші және соқыр жаңбыр.



2 топ - Үйге берілген Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтып, мәнерлеп оқу.

З топ - Жаңбырдан бізді не қорғайды, сол заттың суретін салып көріңдер? (қолшатыр).



4топ - Жаңбыр жауып басылған соң аспанда не пайда болады?

(Кемпірқосақ)

  • Өте жақсы балалар, көктем сәні жаңбыр мен де кіреді екен, сонымен бірге құстардың әсем дауыстарымен де ерекшелінеді екен.

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Оларды қандай топтарға бөлуге болады?


Құстар

Үй құстары Дала құстары Жырқыш

(тауық, қаз, үйрек) (бұлбұл, сауысқан, (бүркіт,

Қарға, торғай, жапалақ)

кептер аққу)
-Құстар қалай дыбыстайды?

Сәйкестігін табу:

Қаз шырылдайды

Бозторғай қаңқылдайды

Сауысқан шақырады

Әтеш саңқылдайды

Қарға тыраулайды

Тырна сайрайды

Бұлбұл қарқылдайды

Бұлбұл әнші құс екен. Оның 2 түрі болады екен.



а) Дала бұлбұлы

ә) Тоғай бұлбұлы

Суреттерін көрсету арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтату

Дала бұлбұлы



Тоғай бұлбұлы


Ендеше, бүгінгі сабақта М.Төрежановтың „Бұлбұлдың әні" атты мәтінімен танысамыз.

Автордың өмірбаянына тоқталып өту, таныстыру. Оқулықпен жұмыс Мәтінмен жұмыс

а) Мәтінді мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқып беру.
ә) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді анықтату.

- Негізгі кейіпкерлер – Әбдеш пен оның досы.



б) Мәтінді оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша талдау, мәтіннің негізгі ойын, жасырын ойын анықтау.

(бұл жерде сұрақтарды оқушылар өздері бір-біріне қояды)



в) Мәтінді оқушыларға рольге бөліп оқыту.

г) Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

- Әбдеш қандай бала, мінездеме бер?


Шығармашылық жұмыс.

Сөз тіркестері беріледі, соларды қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру (5мин) Арайлап атқан таң, айдын көл, көркем тоғай, әсем табиғат, гүлдердің хош иісі, самал жел, мөлдір бұлақ, жазық дала, сайраған құстар, киелі топырақ, таза ауа, туған жер.

Белгілі бір уақыттан кейін 2-3 оқушының әңгімесін тыңдау, талдау, мадақтау, бағалау.

IV. Қорытынды. Тәрбиелік ой толғаныс.


  • Табиғатты аялау дегеніміз не?

  • Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?

  1. Табиғаттағы әрбір тіршілік иесін қорғау керек.

  2. Гүлдерді жұлмау керек.

  3. Құстарды атпау керек, жұмыртқасын алып, ұясын бұзуға болмайды.

  4. Құстарға қолдан ұя жасап, жемшашар әзірлеп қою керек.

«Бес жолды өлең»

1. Бұлбұл



  1. Әнші, әдемі, нәзік

  2. Сайрайды, қонады, ұшады.

  3. Бұлбұл орманның әнші құсы.

5. Құс.

V.Үйге тапсырма: 1) Мәтінді түсініп оқу.



2) Бұлбұл құсы туралы мәлімет жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет