Бейнелеу өнері 3 сынып №1
Тақырыбы: «Музейге саяхат». Бейнелеу өнерінің түрлері. «Әсем таулар»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: әлемдік және қазақстандық суретшілердің еңбектерін қабылдай және бағалай білу;
б) дамытушылық: Оқушылардың бейнелеу өнері туралы танымын дамыту.
в) тәрбиелік: әлемдік және өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілік мен құрметке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілік: Слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет
Әдіс-тәсіл: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Амандасу
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
ә) Күннің жадын белгілеу.
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру:
а) Қайшымен және желіммен жұмыс кезіндегі ТҚЕсақтау.
б) Бояулармен жұмыс кезіндегі ТҚЕ сақтау.
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабақта біз бейнелеу өнерінің түрлерімен ойша музеге саяхат жасаймыз. Алдымен біз «бейнелеу өнері» дегенде нені түсінеміз?
Бейнелеу өнері дегеніміз – суретшінің өзін қоршаған әлемді өзінің қалай қабылдауына қарай бейнелеуін айта аламыз.
Бейнелеу өнері қай уақыттан бері бар?
Бейнелеу өнері баяғы замандардан бастау алып, қазірге дейін өмір сүріп келеді.Өйткені әсемдікті қолдан жасау, сұлулық пен қоршаған әлемдегі үндестікке тамсану қасиеттері табиғаттың адамға таратқан сыйы.Сол себепті де, өнер ешқашен да ескірмейді: біз осыдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шығармалардың әсемдігі мен әсерлігі қазірге дейін таңдай қағап, тамсанамыз.
Әдемі және дұрыс сурет салу үшін қарапайым жаттығулар ғана жеткіліксіз болады.Бейнелеу өнері туралы жалпы түсінікте өзге суретшілердің шығармаларын да біліп, түсіну керек. Ал оларды қайдан көруге болады? Әрине, музейден!
Бейнелеу өнері музейі – ол кескіндемелік,графикалық, мүсіндік және сәндік қолданбалы өнер шығармаларын жинақтап, зерттеп, сақтап, көпшіліктің көруіне ұсынатын мекеме.
Мұражайлар: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы,Павладар облыстық көркемсурет мұражайы,Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Павладар облыстық көркемсурет мұражайы
Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы
Сурет салуға баулу бейнелеу өнерінің негізі болса, кескіндеме бояу түстерін қабылдаудың заңдылықтарын үйретеді. Түстану ерекшелігі түстердің өзгеруіндегі жарық пен реңдердің әсерін зерделі зерттей білуге баулиды. Затқа қарап сурет салу оқушылардың байқағыштық әдістерін қалыптастырады. Үйлесімділік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық қаблетін жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады.
Бейнелеу өнері сабағында оқушының меңгеретін ерекшеліктері сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, эстетикалық, шығармашылық т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |