Сабақтың мақсаты: а білімділік: көсемшенің жаса­луы мен түрлерін үйрету, етістіктің



Дата13.08.2017
өлшемі97,61 Kb.
#23579
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: көсемшенің жаса­луы мен түрлерін үйрету, етістіктің
жуан, жіңішке, буыньша жалғанатын көсемшенің жалғанатын жұрнақтарын меңгерту.

ә) дамытушылық: оқушылардъщ ауызша, жазбаша тіл байлығын дамыту, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың өз-өздерінің қабілетін жетілдіре отырып зеректікке, тапқырлыққа баулу, ұлттық ойындарға қызығушылығын ояту.

б) тәрбиелік: ұлттық салт-дөстүрімізге құрметпен қарауга тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тірек сызба, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, кеспе қағаздар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.



ө) сыныптың, окушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау же­ не оны қорытындылау.

а) 25б-жаттығуды тексеру. ә) Көсемшенің ережесін сұрау.



Сөзжұмбақты шештіру. (Өтілген тақырыптар бойынша). Сөзжұмбақтын сұрақтары:

  1. Іс-әрекеттің тікелей орындаушысына қатысын білдіретін етіс.

  2. «Сөйле» етістігін ортақ етіске айналдыр.

3- -ыл, -іл, -л-қай етіс жұрнағы.

4. Болжалды келер шақ есімше жұрнағы.

5- Іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістік.

6. Екі түрлі мөнде қолданылатын етістік түрі.

7- «Сен» етістігін өзгелік етіске айналдыр.

8. Көсемше дегеніміз не?



(Сөзжұмбақ әр оқушыға жеке таратылады).

III. Жаңа сабақ. Көсемшенің жасалуы мен түрлері,

Көсемше етістік түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.



і) -а, -е, -й-жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жаса­лады. Мысалы: жаз-а, күл-е, айт-а, сөйле-й, қара-й, т.б.

ІҮ. Тірек сызбалар:

а
жаз

айт
) Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктер.

жүз


көр
а е
ә) Дауысты дыбысқа біткен етістіктер.



й

2) -ып, -іп, -п-жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы: жаз-ып, жүр-іп, қара-п, сөйле-п, т.б.



а) Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктер.


жаз

айт

жүз

жүр



ып





отыр

күл
ып іп

ә) Дауысты дыбысқа біткен етістіктер.



п
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі-жұрнағы арқылы келер шақ көсемше жасалады.


Жуан буынды етістіктер


а)

дауысты


ұяң

үнді

Қара


Жаз

Бар

ғалы

ә
Жіңішке буынды етістіктер
)


дауысты

ұяң

үнді

Сөйле

Сүз

Бер

гелі

б
Қатаң дыбысқа біткен


)

Жуан буын

Жіңішке буын

айт


қалы

кет

келі

Мысалы: бар-ғалы, бер-гелі, айт-қалы, кет-келі, т.б.

Ауыспалы осы шақ, өткен шақ жіктеледі де, келер шақ көсемше жіктелмейді. Көсемше тұлғасына септік, көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.

Ү. Жаңа тақырыпты окушының қалай меңгергенін тексеру.

Дәптермен жұмыс. 257-жаттығу.

а) Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасаңдар.

ә) Мәтінге ат қойыңдар.

б) Қазақтың ұлттық ат ойындарын атаңдар.

Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына керекті көсем­шелерді тауып, көшіріп жаз, 258-жаттығу. Кітапты жапқызып қойып, кодоскопта орындалады.

і) Адам тығыз болғандықтан, түрменің іші...кетеді.



  1. Бірақ терезені....

  2. Бөлменің ауасы да... .

  3. Қарауыл солдат тәуір болса, терезенің алдынан жақындарымыз өткенде, амандас, сөз... қаламыз.

  4. Мен терезеден көп....

6) Терезенің алдына...алып,...отырамын.

  1. Терезеден көкпеңбек...қала көрінеді.

  2. Біздің терезенің қарсысындағы үйге Кременскийдің балалары көбірек....

  3. Олар біздің терезеге әлгі үйдің терезесінен дүрбімен..., ымда....

10) Біз... .

ҮІ. Сабақты бекіту. «Мені түзе» ойыны.

і) Көсемше етістіктің қарапайым түрі.



  1. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі-тұл-ғалы көсемшелері жіктеледі.

  2. Көсемше септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды.

  1. Өткен шақ көсемше жұрнақтары -а, -е, -й.

  2. Ауыспалы осы шақ көсемше жұрнақтары -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 259_ жаттығу. Мақал-мәтелдерден есімше, көсемшелерді тауып жазу, қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айту.

ҮПІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет