Сабақтың мақсаты: а Білімділік


Оқушыларға таратпа карточкалар беріледі



бет3/9
Дата01.03.2022
өлшемі279,69 Kb.
#133829
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Түбір мен қосымша

Оқушыларға таратпа карточкалар беріледі:

№1 кеспе қағаз
Өлеңді дәптерге көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Түбір мен қосымшасын ажырат.
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз» деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,-
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің. («Шешендік сөздер» кітабынан, 142 бет)
№2 кеспе қағаз
Мына біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Шекара
Аққұтан
Жолбарыс
Қалжыңбастар
№3 кеспе қағаз
Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер. Үлгі бойынша жалғастыр.


Құс

Аң

Өсімдік

Жер

Көкқұтан

Ақбөкен

Алабота

Талдықорған

  1. Сабақты қорытындылау үшін “Бәйге сұрақтары” /үш қатар бойынша/

 1- қатар
1)Сөзден сөз тудыратын қосымша (жұрнақ)
2)Затың аты білдіретін сөз табы (зат есім)
3) Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
4)Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
5) Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөз (біріккен сөздер)
6)Заттың сынын білдіретін сөз табы (сын есім)
7)Байжан, Ақтөбе, Бадам сөздері зат есімнің қай түріне жатады?(жалқы есім)
2-қатар
1)Қайта-қайта, көре-көре қос сөздің қай түрі (қайталама)
2)Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөз ( туынды)
3) тасбақа, алабота, Жезқазған сөздерінің құрамдық түрін анықта (күрделі)
4) Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтежиесінде танылатын құбылыс, ұғым атаулары (дерексіз зат есім)
5) Хан, сарбаз, ханша қандай сөздер? (тарихи сөздер н/е көнерген сөздер)
6) Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін Сөйлем мүшесі?(баяндауыш)
7) Дауысты дыбыс жақ қатысына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге – ашық, қасық)
3-қатар
1)Морфология нені зерттейді (сөз құрамын)
2) «Көз қорқақ , қол батыр» мақал әлде мәтел ? (Мәтел
3) Мағанасы қарама- қарсы сөздер (антонимдер)
4)Қандай? қай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)
5) –ның, -нің,-дің,-дің қай қосымша (ілік септік)
6)Ауыл- аймақ, үлкен-кіші қос сөздің қай түрі? (қосарлама қос сөз)
2)Күзетшілік тұлғасы жағынан қандай сөз? Туынды сөз)
7) Сөздердің дұрыс айтылуы қандай заңдылыққа бағынады (орфоэпиялық)



  1. Үйге:Өткен тақырыптарды қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет