І. Ұйымдастыру кезеңі: * сәлемдесу рәсімі;
* оқушыларды түгендеу;
*Зейіндерін сабаққа аудару.
І. Өткен тақырыптарды пысықтау сұрақтары: *Диалектизм деген не? Мысалдар келтір.
*Көнерген сөздердің ерекшеліктерін және түрлерін атап, мысал келтір.
*Термин сөздердің ерекшеліктері мен қызметін еске түсіріңдер.
*Қандай термин сөздерді білесіңдер?
*Тұрақты тіркес дегеніміз не? Оның сөз тіркесінен айырмашылығы.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сөзжасам. Сөз тұлғасы. Қысқаша түсінік:
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектердің өзіне тән мағынасы, белгілі бір қызметі болады.
Мысалы: /тақтаға жазылады/ жолдастыққа-деген сөз төрт бөлшектен тұрады:
жол-дас-тық-қа
Жол -«салған із» немесе «сапар» дегенді білдіреді.