Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет2/14
Дата06.02.2022
өлшемі76 Kb.
#58923
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Типі: Жаңа сабақ
Түрі: топтастыру
Көрнекіліктер: үнтаспа, плакаттар, Құрманғазының суретті, нақыл сөздер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой-қозғау,топтастыру.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру оқушылар Құрманғазының «Балбырауын» күйіне кіреді де екі топқа бөлініп отырады «Адай» ауылы; «Кішкентай» ауылы
а) Амандасу, түгендеу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
Намысты бол
Табысты бол
Жігерлі бол
Әділ бол
Жаңашыл бол
Салмақты бол
Турашыл бол
Шешен бол
Өнерлі бол
ІІ.Үй тапсырмасы сұрау: «Ой қозғау» стратегиясы
/екі топқа үлестірмелі парақшалар таратылады/
а/ Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.
• Естіген музыка қай жанрға жатады?
Күй деген не? (музыкалық шығарма)
Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)
• Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Дина, Құрманғазы, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)
• Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)
• Әннен айырмашылығы қандай? (Әнде мәтіні бар, ал күйде - жоқ)
ә/Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, -Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген. Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар да бар.
-Кімнің үйінде домбыра бар?
-Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі
Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ: Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Сол күй өнерінің атасы Құрманғазы Сағырбаев.
Ендеше Құрманғазының өмірі мен күйлеріне тоқталайық
...Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім, – дей отыра жаңа сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі жаңа сабағымыз ерекше болмақ, себебі жаңа сабақты, балалар, маған өздерін түсіндіріп бересіңдер.
1/Үш топта Құрманғазы атамыздың өмірбаянымен танысып
/5 мин/ жауап береді, қалған топтар оларды толықтырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет