Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. (5- сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) Лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерден, сөз тексерістерінен сөйлемдерді құрастыра білу;
ә) Лексикалық тақырыпты терең меңгеріп, сауатты жазуларын дамыту;
б) Қазақ халқының салт- дәстүрін, тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: асық, тест тапсырмалары, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.
1. оқушылармен сәлемдесу
2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтап келгендерін сұрақтар арқылы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Суреттермен жұмыс. Тақтада бірнеше ұлттық ойындардың үлгісі ретінде суреттер көрсетіледі. Балалар әр суретті анықтап, оған анықтама берулері қажет.
Бүркітпен аң аулау.
Қазақ халқының кең тараған аңшылық өне - рінің бірі- бүркітпен аң аулау. Бұл ептілікті, тапқырлықты қажет етеді. Бүркіт жемтігін ауларда қара күшке мініп қаһарланады. Арпалыс кезінде бүркіт түлкі мен қасқырды да аулайды.
Аударыспақ.
Жылқы үстінде ойналатын қызықты әрі күш қажет ететін ойындардың бір түрі. Егерде күш танытып, ширақтылық
көрсеткенойыншы қарсыласын ат үстінен аударып түсірсе,
сол жеңіске жетеді.
Көкпар.
Көкпар күні ауыл жігіттері жарысқа дайындалады. Ешкі төшкесі алдарына 50-60 адым жерге тасталады. Ең бірінші алып қашқан жігіттің соңынан бәрі қуады. Жарыс кешке дейін жалғасады. Ширақтылығымен не күшімен соңында төшкені өзінде қалдырған ойыншы жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |