Бекітемін: Мектеп директоры



бет1/4
Дата31.08.2022
өлшемі89,11 Kb.
#148450
  1   2   3   4

Бекітемін:


Мектеп директоры
Багисова Б.К. _______
«Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп –лицейі» КММ

Тақырыбы: “Мен – өз елімнің патриотымын!”


5 «Ә» сынып
Аязбаева Сандугаш Едылгазыновна

2017-2018 оқу жылы
















“Мен – өз елімнің патриотымын!”


Мақсаты:
1 - Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2 - Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер,
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 топ Отаншыл
2 топ Намысшыл
3 топ Білімді
4 топ Ұлтжанды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет