Дайындық бөлімі.
|
пқа тұрғызу
Рапорт беру
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
Бір орнында орындалатын жаттығуларды орындату. (оңға, солға артқа)
Алға бас.
Қолдарың бүйірлеріңде аяқтың ұшымен жүру.
Қолдарың бастарыңның арттарына қойып өкшемен жүру.
Жартылай отырып жүру.
Отырып жүру. Отырып қолды тізеге қойып секіріп жүру
Жылдам спорттық жүріс
Жайменен жүгіру
Оң жақтарыңмен қолдарыңды алға айналдыр.
Сол жақтарыңмен қолдарыңды артқа.
Арқа бағыттарыңмен жүгіру,
қадамдап.
Терең тыныс алып, демді басу жаттығулары.
Жеңіл атлетикаға арналған жаттығуларды орындату.
Жалпы денені дамыту жаттығуларын орындату.
|
12 мин
|
Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аударып,алып келуін талап ету.
Оқушылардың барлығы бірдей дұрыс бұрылуларын бақылап тұру
Оқушылардың аяқтың ұшымен жүргенде өкшені баспауын, өкшемен жүргенде табанды баспауын, жартылай отырып жүргенде денені түзу ұстауларын ескертіп тұру.
Жалпы берілген жаттығуларды оқушылардың дұрыс орындауларын бақылап, ескертіп тұру.
|
Негізгі бөлімі.
|
Эстафетаға 4х30 м-ге жүгіру әдістерін үйрету және дамыту. Эстафетаға 4х60 метрге жүгіру әдістерін үйрету.
Көрсету арқылы түсіндіру.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Эстафеталық таяқшаны қабылдау.
Бірінші топқа эстафеталық таяқшалар беріледі
Екінші топ таяқшаларды қабылдаушы
Оқушылар жайменен жүру арқылы бір-бірен таяқшаларды қабылдайды. Ара қашықтықтары 10-15 метр.
Ара қашықтарын 50-60 метрге қойып жайменен жүгірту арқылы таяқшаларды қабылдату .
Эстафетаға 4х30 м-ге жүгіру.
|
30 мин.
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Эстафетаға 4х60 метрге жүгіру әдістерін ауызша айтып түсіндіру және көрсету.
Эстафета таяқшасын бір-біріне беру арқылы жүгіру әдісін эстафеталық жүгіру. Эстафеталық таяқшаны оң қолға ұстап жүгіреді. Қабылдаушының сол қолына беріледі. Таяқшаны берген соң сол жерде оқушы қалады. Таяқшаны сол қолмен қабылдаған оқушы, таяқшаны жүгіріп бара жатып оң қолға ауыстырып алады.
Әр топқа жетекшілер сайлау.
Оқушыларға эстафеталық таяқшаны қабылдау әдістерін слайдтан көрсету арқылы түсіндіру.
2 топ оқушыларының орындары ауыстырылып толық таяқшаларды беру әдісін меңгергенше орындалады.
Эстафеталық таяқшаны дұрыс қабылдай алмаған, таяқшаны дұрыс бермеген оқушыларға әдістемелік көмек беріп тұру.
|
Қорытынды бөлімі
|
Оқушыларды қатарға тұрғызу
Түсінбеген оқушыларға қайталап
қысқаша түсініктемелер беру
Үйге тапсырмалар беру
Жақсы орындаған оқушыларды атап өту
Оқушыларды бағалау
|
3 мин
|
Оқушылардың демдерін басып келесі сабаққа дайындау.
Оқушылардың сапта,қатарда тыныштық сақтап тұруларын қадағалау.
|