Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу



Дата25.12.2016
өлшемі154,61 Kb.
#4619
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы слайдтар, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.



Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші-алтын бесік», «Өз елім-өлең төсегім», «Отан-елдің анасы».
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты


Сабақтың барысы:

Слайд бейнефильм Мақпал Жүнісова «Қазағым»

Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)


Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп

тұрған Солтүстік Қазақстан! Жұмыр жердің солтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!



Слайд: бейнефильм «Қазақстан»
Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар

тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға

сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Жүргізуші II: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей мандай терін төккен жер!

Жүргізуші I: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

Жүргізуші II: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!

Жүргізуші II: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла

шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

( «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)

Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!

Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).


Біз жас ұлан- Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені. – демекші, Қазақстан Республикасының рәміздері және Отан туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

1-оқушы:

Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай – күнін.

Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.

2- оқушы:

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Елтаңбасы елімнің.

3- оқушы:

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Бір қазақ боп өзіңе мен бас ұрам.

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

4- оқушы:

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.



Жүргізуші I:

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

( «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )


Жүргізуші I: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–20 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз жиырма жылда өттік.

Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.

Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.

(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.)


  • Мұғалім:

Шаңырақ дегеніміз не?

«Үлкен шаңырық» деп нені айтамыз?

Ол-Атамекен,Отан.

Отан дегеніміз не?

Отбасы-осы Отанның кішкентай бөлшегі.


  • .Отан,туған жер, отбасы туралы мақал-мәтел айтқызу.

  • Әңгіме.

-Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті ,тапсырған жұмысты атқарып,тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:

      -Біз бір үйдегі 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасындар?-депті.

      -Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсындар?


  • Өзара түсіністік.

  • Сыйластық.

  • Еңбексуйгештік.

  • Мейірімділік.

  • Қайырымдылық.

Мұғалім: Ендеше,біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

Сөзжұмбақ шешу.


Д

О

М


Б

Ы

Р

А






Ә

Т

Е

Ш



Т

Ы

М

А

Қ






Т

І

Л






М

Ұ

З



1) Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

2) Бізді таңертең қандай құс оятады?

3) Ашамайды арта салдым,

Айыл жібін тарта салдым.

4) Қатар – қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қос қойдым.

5) Отқа жанбас, суға батпас.


  • Балалар, сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты? Рәміз.

  •  -Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?

     -1991 жылы 16 желтоқсанда.

     - Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар?

     - Ту,Елтаңба,Гимні.

     - Қазақстанның Туы қай кезде көтерілуші еді?

     - Жеңіске жеткенде, мерекеде, екі ел арасындағы кездесуде.

     - Ендеше, өзіміз бойымыздағы жаман әдеттен арылып,Туымызды жоғары көтеріп тырып,Үлкен шаныраққа аяқ басайық. (Әр оқушы қағазға өзінің жаман мінездерін жазып, жағып жібереді.)

     Енді Тәуелсіз Қазақстан жырлап,әнге,өлеңге қосайық.


  • Өлең оқу.

   1-оқушы.

 Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

 Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!

 Қойнауы қазынаға толған мекен,

 Байлығым айтсам –Қазақстан!

 Қазақстан- бабамнан қалған мұра,

 Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра!

 Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

 Батырларым демесем болар күнә!

   2-оқушы.

  Қазақстан –ұлт атын ұлықты еткен,

  Ұлылардың арманын ұлықты еткен

  Өзге де ұлт –ұлысқа қоныс болып,

  Оларға да жақсылық үйіп төккен.

  Қазақстан – Республикам! Мақтанышым!

  Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

    3-оқушы.

  Ен байлығы сарқылмас

  Отан –туған жеріміз.

  Отан – тартылмас

  Өзеніміз,көліміз.

  Отан –біздің кең алып

  Босағамыз,төріміз.

  Отан –достық,Ұлы жер –

  Тәуелсіз еліміз!

  Отанымды сүйе білем,

  Отан үшін –қуат-күшім

  Отан үшін күйе білем!

   4-оқушы:

 Отан –жерім, Отан –суым

 Отан қуат, нәр береді.

 Отан –ұран, Отан –туым,

 Отанды ер гүлденеді.

2-оқушы:

Қазақстан –ұлан-байтақ елім бар

Мұнай, алтын қазыналы кенім бар

Ұланымын егеменді елімнің

Жолбарыстай мінезім бар, тегім бар

Барлығы: Қазақстан!!!

1-оқушы:

Казақ жері-қонақжай төрлер жері,

Қазақ жері қаситетті ерлер жері

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі қасиетті.

3-оқушы: Еліміздің мемлекеттік тілі

Барлығы: қазақ тілі

4 оқушы: Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығын мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет.

Барлығы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-20 жыл

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

4-оқушы:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Қастерлейміз, көктейміз

Барлығы:Тәуелсіздік-

2-оқушы: білектегі әліміз!

Барлығы:Тәуелсіздік-

3-оқушы: жүректегі әніміз!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар. Барлықтарыңызды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық тілеймін. Тәуеліздігіміздің 20 жылдығына арналған «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын бірінші сынып оқушыларының қатысуымен назарларыңызға ұсындық. Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.
Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмалық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.....

1986 жылы 16-шы желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 21 жылдан асты. Өмір - өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да, жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. (1 минут үнсіздік)

1-оқушы: Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

2-оқушы: Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

3-оқушы: Өзіңдікі – елің де,

Өзіңдікі – жерін де.

Өзіңдікі - өзіңе екен бақ,

Тәуелсіздік төрінде!

4-оқушы: Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа суында.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буын да.

5-оқушы: Көк аспандай туларың,

Желбірейтін күні бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.




1-бастаушы. Қазақстан деген Тәуелсіз ел саясат сахнасына көтерілгелі 16 желтоқсанда 20 жыл болады. Оны әлем таныды, біздің елшілер дүниенің төрт бұрышында өз елінің бейбіт саясатын жүргізуде. Ел басымыз әлем танып, мойындаған көрген басшы, парасатты қайраткер ретінде таңылды. Қазақстан үні Елбасы ауызымен әлемнің шар тарапына жетті.

2-бастаушы. Тәуелсіздік қазақтың есіктегі басын төрге шығарды, тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Еліміз ғасырларға созылған бостандық көңіл ауанымен өзгеге жалтақтаудан арылды. Жат елде жүрген ағайындарымыз елге орала бастады.

1-бастаушы. Қазақстан үшін 20 жыл аз болғанымен қанша оқиғалар болды. Ең бастысы 1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдадық. 1992 жылы Елтаңба, көкбайрақ, ән ұранымызды қабылдадық. 1993 жылы өз теңгемізді айналымға шығардық.

2-бастаушы. 1992 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауын алдық. 1995 жылы 25 қыркүйегінде Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Астанасы болып бекітілгені туралы жарлыққа Елбасы қол қойды. Ал, 1998 жылы Ақмола қаласы – Астана деген атқа ие болды.

20 жыл ішінде істелген істің бәрі бостандықтың, тәуелсіздіктін арқасында болашақ ұрпаққа жасалған ұмтылмас мұра.



1-бастаушы. 20 жыл... Осы аралықта жаңа бір тегеурінді ұрпақ өсіп шықты. Олар студенттер мен жаңадан қызметке, жеке кәсіпке араласып жүргендер арасында бір қауым болып қалыпты. Біріне – бірі ықпал жасап, бірін – бірі тартып, жетектеп, кәдімгідей – ақ салауатты орта қалыптастырып үлгеріпті. Дарақы емес, іскер, білімге құштар! Бұл – біздің тәуелсіз ұрпақ.

2-бастаушы. Қазақ халқының ғасырлар бойы талпынып, аңсап келген асыл арманы – еркіндік, бостандық, егемендік, тәуелсіздік – тері төгілмей, қан шашылмай, аспаннан аяғы салбырап, өзінен өзі келе қалған жоқ.

Ежелден ата – бабалар аңсаған арманы 1986 жылы дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген оқиға болды.



1-бастаушы. 1986 жылы желтоқсан айының 17-18 күндері Қазақстанның астанасы Алматыда қазақ студенттерінің ұлттық көтерілісі болды. Қазақ студенттерінің бұл көтерілісіне кеседегі суды тасытқан соңғы тамшы ретінде Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың қызметінен босатылып, оның орнына Геннади Колбиннің тағайындалуы себеп болған еді.

2-бастаушы. 17 желтоқсанда таңертенгілік уақыт 7-8 аралығында Брежнев атындағы алаңға студенттердің алғашқы тобы шоғырлана бастады.

Түске таман демонстранттар саны 5 мыңға жетті «Ұлт саясатының Лениннің принциптерін сыйлауды талап етеміз», «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын» деген сияқты орыс - қазақ жазбаларын жайып ұстап, қыздар мен жігіттер өткінші жұрттың назарын өздеріне аударды.



1-бастаушы. Желтоқсанға қатысқан көптеген жастарымыз жазалаудың құрбаны болды. Олар бүгінгі күні біздің мақтанышымызға айналып отыр.
Желтоқсан оқиғасына байланысты сюжетті кинофильм көрсетіледі.

Қайрат Рысқұлбековке ақырғы сөз кезегі беріледі:

-Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десен алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең атыңдар,

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін,

Көре де алмай өтермін

Қош аман бол артымда

Ағайын, қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

1-бастаушы:

Жаңымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз,

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2-бастаушы:

Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды, Сөйтіп біз өзімізді өзіміз ақтадық, бұл да ерлік.Желтоқсан қозғалысының ақа қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықты қолдау арқасында желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге аттарын беріп, құрмет көрметіліп жатыр. Алматыдағы Брежнев алаңы Республика алаңы деп аталды. Бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекітімз.



1-бастаушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеуіге тиіс емес жалауы.
«Елім менің» әні, сөзі: Н.Ә.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов. әні шырқалады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар! Жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар! Өз елің мен жерінді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар!

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын! Көк туымыз төбемізде желбірей берсін


Менің Отаным - Қазақстан

Қазақстан – туған жерім, мақтанышым,


Өзің жайлы қанша жырды жаттадым
Ертеңдерге шақырады еріксіз,
Әр күн күліп атқан таң тақым.
Қазақстан – туған жерім, мақтанышым,
Жемістерін ұсынады бақтарың,
Одан сайын даңқы өтті әлемге,
Байқоңырың, ең байлығын, ақ наның.

Тұрағым Қазақстан – елді – мекен

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,



Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет