Сабақтың мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды, өмірді тану, жақсылық жасау, ойлылық, ұйымшылдықтың маңыздылығын ашу



Дата16.02.2023
өлшемі16,75 Kb.
#169008
түріСабақ
Байланысты:
Ізгілік іздеп келемін...(тәрбие сағаты)


Сабақтың тақырыбы: Ізгілік іздеп келемін…


Сабақтың мақсаты:

  1. Адамгершілік құндылықтарды, өмірді тану, жақсылық жасау, ойлылық, ұйымшылдықтың маңыздылығын ашу;

  2. Күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде адамгершілік құндылықтарға сай ұжымда бірлесе жұмыс істеу іскерліктерін дамыту;

3. Студенттерді қамқор, қайырымды, мейірімді болуға, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, қағаздан жасалған су тамшылары, электронды құралдар, бейнетаспа.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
І-топ «Ынтымақ», ІІ-топ «Игілік», ІІІ-топ «Бірлік» ІV-топ «Ізгілік»;
Сабақтың барысы:
І. Оқып үйренейік
ІІ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
ІІІ. Жаным толған жақсылық.
ІV. Жылы жүрек, жақсы тілек.


Ұйымдастыру: «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын,белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай білім берудің шынайы мақсаты адамға белгілі бір білімді үйретіп қоймай, сонымен қатар әрбір шәкірттің рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту екені баршамызға мәлім. Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-ананың да, мектептің де ең басты міндеті. Ал сол міндетті орындауға ат салысатын сіз бен біз, себебі біз болашақ мұғалімдерміз. Болашақ мұғалім ретінде, балаларды тәрбиелеу үшін, біз өзіміз де тәрбиелі, өнегелі, ұстамды және сабырлы болуымыз керек. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Рухани бай, ары таза, адамшылық қасиеттерді бойына сіңірген мемлекетіміздің тірегі болашақ азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің үлесімізде, осы күрделі де, игілікті істерде табысқа жете білейік.

І. Әр топ «ізгілік» сөзіне сипаттама береді


« Ізгілік» Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастанынан үзіндіні тыңдайық. Ізгілік Ж.Баласағұн. «Құтты біліктен» үзінді


Ізгілік не? Тегі қандай ? Түсі қандай өзінің ?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің ?
Ізгіліктің нышаны ?
Халық үшін қайтпай құрақ ұшады.
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды,
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды,
Қайырымды жан қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең, ұрғанмен тең кесекпен...
Қадірсіз зат шеттеп жерде қалады,
Асыл нәрсе төрден орын алады.
Ізгі іс етсең – текті тірлік сүргенің
Жауыздығың – жерге тірі кіргенің. ...
Ізгі ісіне опық жеген жан бар ма?
Жаманатты зауал таппай қалған ба?
Жамандықты қусаң азап шегесің,
Жамандыққа жақсылық қыл, жеңесің!


ІІ. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Әр топ тақырыпты ашатын сахналық көрініс қояды. «Ынтымақ» тобы «Сүйкімі дүниенің сұлулықта», «Игілік» тобы: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» аңыз әңгімесінің желісі бойынша, «Бірлік» тобы: «Әке мен бала» әңгімесіне, ІV-топ «Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин әңгімесінің желісі бойынша сахналық көрініс қойып, тұжырымдама жасайды.


ІІІ. Жаным толған жақсылық. Шығармашылық жұмыс. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын су жағасына келдік деп елестетіңдер. Су жанымызға әсемдік сыйлап, сылдырай ағады. Тап-таза айнадай мөлдір судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап екі қолымызбен бір уыс су тамшысын іліп алдық. Алақанымыздағы су тамшыларын төгіп алмайтындай, уысымызда аялай ұстап көзімізді ашамыз. – Алақандарыңдағы су сендерге не айтуы мүмкін, сол суды қалай пайдаланар едіңдер? Балалар, біз судың қандай жақсы қасиеттерінен үлгі алсақ болар еді? Әр студент өз ойын білдіре отырып, әрқайсысы қағаздан жасалған су тамшыларынан «Жақсылық дариясын» құрайды.
Дәйексөз: «Өмір теңіз. Жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» А.Рудаки. Студенттер сөздің мағынасын талдап түйіндеме жасайды.


ІV.Жылы жүрек, жақсы тілек Топтар бір-біріне, қонақтарға тілек айтады.


Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі студенттер. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай деп осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет