2. Жаңа материалмен жұмыс
1. Тіл барлық білім кілтінің анықтамасы.
2. Тіл-ел байлығы.
2.1 Тіл барлық білім кілтінің анықтамасы.
«Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демелік. Не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ауызына салып, дәмін татып қарап, сырнай - керней болса даусына ұмтылып, …бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. » Осы Абайдың қара сөзі маган өте ұнайды, оның терең тәрбиелік мәні бар.
Білім - тәрбие жемісі. Кім қайда отырса да, алдымен адам. Осы жылы мектепті бітіріп, мен оқуға түсемін. Өз күшіме сенемін, орыс болсам да, қазақ тілін қастерлеймін,
неге десен - Қазақстан топырағында тұратын азаматпын. Қазақстан - менің туып - өскен
жерім, Отаным. Әке - шешем де осында өскен, оқып, білім алған. Қазақ тілін үйрену қиын
емес. Тек ықылас керек. Мен қазір қажетті заттар туралы сұрай аламын. Маған қазақтың
мақал - мәтелдері қатты ұнайды.
Білім әр адамға керек байлық. Біз - еліміздің ертеңі, болашақтың бастауы. Қазір осы
мектеп қабырғасынан білім алып, ұшқан ұясына қайта қонып, барлық көрген - білгенін өз істеп жатқан жұмысына салып отырған адам аз. Балалардың көбі жоғары білім алып, өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай отыр. Кейбіреулері осы ауыл шаруашылығында сауыншы, малшы болып жұмыс істеп жүр. Білім таусылмайтын кен болып табылады. Осыны түсінген адам оның қадірін біледі. Білікті маман болу үшін көп еңбектену керек.Мен қайтсем де өз мақсатыма жетемін. Халық бар жерде тіл де бар. Мен болашақтың есігін ашып, жаңа ғасырға қонақ болмай, өз тағдырымның иесі боламын. Бүгінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін білуін, өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажететеді. Менің ең қымбатты байлығым - қазақ тілін үйренуі. Орыс тілінің ықпалы аз болғандай - ак, енді ағылшын тілі де Қазақстанның әлеуметтік қарым – қатынас кенестігіне еркін болып барады, "Оқудың үш түрі бар: біріншісі, оқысы да түсінбеу, екіншісі, оқу әрі түсіну, үшіншісі, оқу және тіпті жазылмағанның өзін түсіну» деген
Я.Б.Княжнин, орыс драматургы және ақыны. Сөзі өте дұрыс, ақылды. Қазақ тілін оқып үйренудің қажеттігін түсіну керек. Түған жердің тілін, мәдениетің білмеу, азаматың
құрметтемеу маған ұят сияқты. Менің көп тіл білгім келеді. Қазіргі уақытта көп тіл білу
өте кажетті. Тек қана қазақ тілін үйреніп алғанымыз да аз емес, неге десең - қазақ тілі
білсең: өзбектің, ұйғырдың, татардың да кейбір сөздерін түсінесін.
2.2 Тіл - ел байлығы
Тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен
бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің
қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы
тұруы тиіс.
Ана тілі - ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім -
қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп
түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін,
жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш
сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл -
ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп
дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы
тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен
кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде
еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты
сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті
адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам
өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Ең тәтті де - тіл,
Ең ашты да - тіл,
Ең жұмсак та - тіл,
Ең катты да - тіл.
Тіл - ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
3. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар).
4. Қорытындылау(білімін бағалау).
Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.
5. Үй тапсырмасы:
6. Білімдері мен дағдыларын бекіту
Жеке сұрақ
Тіл туралы Заңды немесе кейбір баптарын өз түсінгенінше басқа біреуге айтып үйрену.
7. Сабақты қорытындылау
Сабақтың корытындысын шығару. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |